Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ШЕТ ТІЛІНДЕ  БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ -

ШЕТ ТІЛІНДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1362 | Размер: | Автор: гость
. ШЕТ ТІЛІНДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ

Кыдырбаева А.
Шымкент қаласы, № 82 Қ.Қасымұлы атындағы жалпы орта мектебі

Білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын арттырып отыруды талап етеді. Қазіргі таңда Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып келеді. Заман талабына сай оқыту үшін инновациялық технологиялардың рөлі өте зор.
Ағылшын тілінің мектепте тілден берілетін білім жүйесіндегі негізгі шетел тілі ретінде таңдалып алынуы көптеген факторлардан туындайды.
Олар:
әлеуметтік лингвистикалық: Адамзат тарихында бірде –бір тілге тән болмаған қызметті атқаратындықтан қазіргі әлемде әмбебап құрал болуы мен байланысты,
әлеуметтілік мәдениеттілік: Ағылшын тілді мәдениеттің қазіргі әлемдегі мәдениеттің өзара болуына әкелетін, мемлекеттерге және континенттерге әсерін тигізетін трансмәдениет, халық туралы білім көзі болып табылатындықтан.
экономикалық: әлемдік экономикалық кеңістіктегі ықпалдасуда әлеуметтік қалыптасу және өсу кезеңінің құралы болып табылатын іскерлі ағылшын тілінің негіздерін меңгеруді бағамдайтындықтан.
Ақпараттық: ғылыми-техникалық ақпараттар легі ағылшын тілінде сақталатындықтан, ағылшын тілінің бүкіл әлемдік интернет тілі болып отыратындығынан мектептегі ағылшын тілін оқытудың жаңартылған мазмұны әлемдік стандарттарға сәйкес келуі керек. Мектепте жеке тұлғаның тілдік жүйесінің дамуына көп көңіл бөлінеді.Тілдік жүйенің дамуы дегеніміз - жеке тұлғаның тілді меңгеруі.
Ең маңызды мәселе – ол оқытудың бірыңғай мазмұнын талдау, бастапқы, орта сатыдағы оқытуға арналған. Оқытудың нәтижелілігіне бағытталған тіл материалдарының көлемін анықтау, Сыныптар бойынша бағдарлама материалдарының көлемін анықтау, Сыныптар бойынша материалдарының (бірізді, жүйелі, логикалық) презентациясы. Қарым-қатынас құзырлығын және тілдік сөйлеуді дамытуға арналған арнайы жүйелі жаттығуларды ұйымдастыру, Ағылшын тілін үйретудегі қарым-қатынас аспектісі мен сөйлеу қабілетін арттыру мақсатындағы жүйелі тапсырмаларды өңдеу,
Ағылшын тілін оқытудағы рационалды әдіс-тәсілдерге оқушы қызығушылығын ояту. Ағылшын тілін оқытудағы 3 - 4 сыныптардың жаңа бағдарламасының мазмұны оқушының жеке тұлға ретінде тілдік дамуын, ауызша және жазбаша сөйлеуін толық меңгеруге бағытталған.
Олар: лингвистикалық білімнің (фонетика, грамматика, лексика) ауызша және жазбаша сөйлеу мәнерін қалыптастыруында практиканың маңызы зор.
Қазіргі заман жаңа формация мұғалімінің моделіндегі интеллектуальдық, қарым-қатынастық және дүниетанымдық секілді негізгі құзырлылықтарды анықтауда тәжірибеде қолданылып жүрген тиімді әдіс-тәсілдер мыналар:
Компьютерлік технологияларды, оның ішінде мультимадиалық кабинет мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көптілділікке оқыту;
Көптілділік ұғымы – шетел тілін меңгеруде сол тілде еркін қарым-қатынас орнатудың ең бір тиімді формасы болғандықтан, оқу-әдістемелік процессте Америка, Британия, және Корея мектептерінің озат әдістемелік тәжірибелері қолданылады.
Мұның мақсаты - көптілділік білім арқылы басқа халықтың тіліне, мәдениетіне, тарихына құрмет сезімдерін қалыптастыру. Білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде жаңа формация мұғалімдерінің оқытуда жекелік-әрекеттік көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқытудың жаңа модельдері мен технологияларын іздестіру жүріп жатыр. Бұл мақсатты іске асыруда иинвациялық технологиялар өз тиімділігін дәлелдеуде.
Ғылымның өсіп-өркендеуі елеулі техникалық прогресске жол ашып отырған жағдайда оқу-тәрбие жұымында жақсы табыстарға жету үшін ғылыми-техникалық жетістіктерді оқыту процесінде кеңінен пайдалану керек. Соңғы кезде шетел тілдерін оқытуда бейнефильмдерді қолдануға үлкен мән беріліп келеді. Бейнефильмдер оқушының көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді. Шетел тілі сабағындағы бейнефильмдер оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту үшін де қолданылады. Оқушылардың белсенділігін арттырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін, ойын, тілін дамытуда, оларды түрлі тақырыптарға сөйлетуге үйретуде бейнефильмдердің пайдасы орасан зор.
Шетел тілін оқыту процесін жеңілдету және жетілдіру үшін сабақта техникалық құралдарды, соның ішінде, бейнефильмдерді пайдаланудың дидактика тұрғысынан да, экономика тұрғысынан да маңызы зор:
Бейнефильмдер оқушының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалды жақсы меңгеруіне, оны интенсивті түрде бекітуге көмектеседі.
Бейнефильмдер оқытушыға оқу-тәрбие жұмысын өмір шындығына жанастыруға мүмкіндік береді. Сабақта бейнефильмдерді қолдану нәтижесінде оқушылар өздері меңгерген оқушының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдарды өз ойларын айтып жеткізу үшін қолданады.
Бейнефильмдер тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтарды жеңуге, оқушының бойында тыңдап-түсіну іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Сабақта бейнефильмдерді қолдану оқу сапасын жоғарылатады, оқшының шетел тілін үйренуге қызығушылығын арттырады. Сабақта қолданылатын бейнефильмдердің түрлері: документальды, көркем фильм, комедия, тіл меңгеруге арналған фильмдер, жарнамалық және коммерциялық фильмдер. Сабақта бейнефильмдерді қолданғанда ескерілетін жағдайлар: бейнефильмдерді жоспарға сай іріктеу, тақырыпқа сәйкес таңдау, фильмнің көлемін ескеру, қысқа болуын қадағалау, сюжеттің оқушы үшін қызықты әрі логикасы болуы шарт, баяндалу тілінің жатықтығына көңіл бөлу.
Фильмді көрсету әдістер де әр түрлі. Оқушылар фильмді дауысын шығармай дыбыссыз не болмаса кинодан қажетті үзіндіні көру арқылы мұғалімнің берген тапсырмасын орындайды. Оқушының өздіктерінен жұмыс белсенділігін арттыру үшін бейнефильмдерді көрсету арқылы әңгіме, мазмұндама ұйымдастыруға болады. Сонда ғана оқушы тіл ұстартып, шығармашылық қабілетін көрсете алады, коммуникацияға бейімделеді.
Бұл жобанның стратегияларын пайдалану жаңа оқу материалдарындағы оқиға мен құбылыстарды оқушының өздерінің байқап, талдап, зерттеп, ойларын еркін жеткізе алады. Демек, білім оқушыларға даяр күйінде берілмей, өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізуге болады. Әр оқушы өз ойына шек келтірмей жауап беруге дағдыланады.Оқушы бойындағы танымдық қабілетінің шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады. Сабақ түрі жаңа заман талабына сай өзгеріп, жаңарып отырса, болашақ ұрпаққа әсері мен ықпалы ерекше болады. Жаңа инновациялық әдіс- тәсілдер теориялық тұрғыдан дәлелденіп, іс жүзінде жақсы нәтижелер көрсетіп келеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.