Меню
Назад » » »
Үшін, туралы, дейін(шейін) шылаулары
загрузка...

загрузка...
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Ахметова Зүлфия Аманжолқызы
Оқушының саны - Ақмола облысы Бурабай ауданы Ұрымқай орта мектебі бастауыш сынып
сабақ № кабинет
Сабақтың тақырыбы: Үшін, туралы, дейін(шейін) шылыулары
Сілтеме 4 сынып оқулығы -беттер
Жалпы мақсаты 1.Шылау туралы түсініктерін нығайту, үшін, туралы, дейін(шейін) шылауларының қызметі, жазылуы жайында түсіндіру.
2.Оқушылардың шығармашылық қабілетін байқау, дамыту.
3.Оқушыларды ізденімпаздыққа , өз бетімен жұмыс жасауға баулу.
Міндеттер:
1. Бұл тақырыпты түсінулерін анықтау;
2. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау;
3. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері 1. Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;
2. Мұғалім оқуға бағыттап отыру;
3. Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;
Сабақта туындаған негізгі идеялар 1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену;
2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.
Тапсырмалар  Суреттерді салыстыруға, жұмбақтар шешуге, оқулықтың 1-3 жаттығуларын орындауға және венн диаграммасын толтыруға тапсырмалар беремін.
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер мен оқушылар іс-әрекеті.
Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу
СТО сұрақтары Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушылар не алады?
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар? -оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

Қызығушылықтарын оятуға дайындық кезеңі
Оқушылардың топқа бөлу. Ойын арқылы сандар айтумен, бірнеше рет әр түрлі сандар айтып, топтастырып топқа бөлу


Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?
-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады? І. Қызығушылығын ояту
Мұғалім: сурет бойынша не айта аламыз? (тақтаға суреттер шығарып, салыстыру, айтқандары бойынша маңызды белгілерін тақтаға жазып отыру)
Жұмбақ шешу (белгілері бойынша нысанды анықтап, суретін салу)
Үш көзінде жалын – от,
Ал бірақ та жаны жоқ.
Кезектесіп ашылар,
Кезектесіп жұмылар. (бағдаршам)
Өзі алып кемедей,
Дауылдан ықпайды.
Су шашып, Телегей
Мұхиттан шықпайды. (кит)
Тапсырма
Жазылған сөйлемдерді талдау.Шылаулар туралы түсінігін меңгерту,ереже қортып шығару.
Асан есік алдында тұрма?
Асан,далада көп тұрма.
Сыныптағы кезекші Құралай ма, Нұрбол ма?
Оқулықпен жұмыс:
1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Шылаулардың астын сыз.
2-жаттығу. Ауызша талдау жүргізу.
а)Мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіре оқу.
ә) Өлеңде не туралы айтылған?
б)Шылаулары тауып, тыныс белгілеріне , сөзге қандай мағына үстеп тұрғанын анықтау.
Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсене қатыстыру
-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)
-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу -әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту
-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу
-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

ІІ. Мағынаны тану
Ой қозғау. Деңгейлік тапсырмалар:
І-деңгейлік тапсырма.Төмендегі сөйлемдерді жаз, шылауларды тауып.тыныс белгілеріне назар аудар.
Ыстықта мал да жайыла алмады.
Ауылға барғанда суға түстің бе?
Жандосқа бұл жөнінде айтылды ма?
ІІ-деңгейлік тапсырма. үшін, туралы, дейін(шейін) шылауларын қатыстырып сөйлем құрап жаз.
ІІІ -деңгейлік тапсырма. үшін, туралы, дейін(шейін) шылаулары бар жаңылтпаш ойла,ойдан шығарып құрастыр
Толғаныс (рефлексия)
-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру
-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру ІІІ. Ой қорытынды

Үлестірмелі карточкамен жұмыс.
1.Сөйлемді жаз, сөз табына талда.
Айнұр, мені көп күттің бе?
2.Сөйлемдегі сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Әсел бүгін қалаға бара ма?
3.Сөйлем мүшесіне талда.
Асқардың әкесі баласы үшін велосипед сатып әкелді.

Бағалау түрлері
- оқушының өзін-өзі бағалауы;
- топтық өзін-өзі бағалауы;
- мұғалімнің бағалауы;
- жалпы бағалау;
- критерийлер арқылы бағалау
Бағалау: Өзін-өзі және достарын бағалау парағы
Оқушының аты-жөні____________________________________
№ Оқушының аты-жөні Сыныптасыңды бағалау Мұғалімнің бағалауы
1
2
3
4

-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау Тапсырмалар орындау арқылы аяқтау
Венн диаграммасын құру.
ма(ме),па(пе),ба(бе) үшін, туралы, дейін(шейін)
шылаулары шылаулары
Сабақты аяқтау түрлері
-бір пікірге келу...
-өз пікірін дәлелдеу...
-үйде жалғастыру...
Үй тапсырмасы: 5-жаттығу
Сабақтың соңы. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Үшін, туралы, дейін(шейін) шылаулары можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 310 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar