Меню
Назад » » »
Шоқан Уәлиханов
загрузка...

загрузка...
«БЕКІТІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» ӘБ отырысында
Мектеп директоры ғылыми жетекші қаралды ______Ж.Шәкенұлы ______Б.Б.Ахметова _____Қ.С.Бимагамбетова
«26»_____2015ж «25»____2015ж «23»______2015ж

Қоянды орта мектебі

Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы».

Пәні:Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 10«Б»
Пән мұғалімі: Кенжетай Б

Қоянды,2015ж

Пәні:Қазақ әдебиеті Сынып:10 «Б»

Сабақтың тақырыбы : Шоқан Уәлиханов. Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы .
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:
“ Қазақтың халық поэзиясының түрлері” мақаласы бойынша талдау, зерттеу арқылы оқушылардың біліктілігін арттыру өмірі мен ғылыми мұрасынан алған білімдеріне қосымша мәліметтер келтіре отырып, пысықтау, жаңа білім беру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзіндік пікір, көзқарастарын қалыптастыру. 3. Тәрбиелік: Ұлы ғалымның қазақ халқы үшін жасаған қызметіне, өз халқының мәдени жетістіктеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ізденушілік, еске түсіру іс-әрекеттері, баяндау,
талдау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Шоқан туралы ақын-жазушылардың сөздері, фотосуреттер топтамасы.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, қазақ тілі, сурет. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен амандасып, психологиялық тренинг өткізу, көңіл-күйлерін сұрау;
ә) Оқушыларды тізім бойынша түгендеу;
б) Оқушыларды 3топқа бөлемін.
1топ-Шоқан-әдебиетші.
2топ-Шоқан-суретші.
3топ-Шоқан-зерттеуші.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасын тексеру жоспары:
1. Шоқан Уәлихановтың саяхаттары мен зерттеулері. (кесте бойынша талдау жасау)
2.Сұрақ-жауап

Реті Мерзімі Саяхаттары Зерттеген мәселелері мен зерттеу еңбектері
1. 1854 жыл
2. 1855 жыл
3. 1856 жыл
4. 1857 жыл
5 1858-1859ж.

ІІІ Жаңа сабақ.
Негізгі кезең. Кіріспе сөз.
Қырын келген ол ма, әлде ғасыр ма?
Уыз шақта,
Жиырма тоғыз жасында.
Шоқан солай екінші өмір бастады.
Ең айдарлы жұлдызынан айырылды.
Аңқау қазақ аспаны -деп М.Шаханов ақын айтқандай, «Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп», өзінің аз ғана ғұмырында халқына өлмес, өшпес мұра қалдырған қазақтың біртуар ғалымы Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы жайлы алған, жинақтаған мағлұматтарымызға бүгінгі сабағымызда тағы бір қырынан танысып ортаға саламыз.
«Шоқан тек бір мамандықты ғана жақсы білетін ғалым емес, ол әр жақты ғалым», - деп профессор, зерттеуші ғалым Қ.Жұмалиевтің айтқан пікіріне қосыла отырып, Шоқанның ғылымның қай саласында да өзіндік орны бар қазақтың тұңғыш ғалымы екенін дәлелдейік. Осы жолда сендерге сәттілік тілеймін!
Бүгінгі ашық сабағымыз төмендегідей құрылымнан тұрады.
І. Оқулықпен жұмыс. Өзіндік ізденіс – білім негізі. (Шоқанның Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы ғылым саласындағы мақаласымен танысу. Стикер арқылы жұмысты қорғау.)
І топ. Қазақ әдебиетіндегі «жыр»атты терминді алғаш енгізуші Ш.Уәлиханов.
ІІ топ. Ғалымның қазақ поэзия түрлері туралы анықтамасы.
ІІІ топ. Шоқанның қазақ халқының інжу-маржандары болып табылатын
«ҚозыКөрпеш-Баян сұлу» жыры.
ІІ. Пысықтау кезеңі: «Білген сайын келеді біле бергім» айдары
1.«Ер Көкше»жырын кай кезде білді кімге ұсынды?
2. Шоқанның ғылыми - шығармашылық мұрасы қандай?
3.«Қозы Қөрпеш — Баян сұлу» лиро-эпостық жырының ең таңдаулы нұсқасы кімнің есімімен байланысты.
ІІІ.Шығармашылық жұмыс. Бейнекөрініс. Ой толғам.
ІҮ.Рефлексия
Ү. Бағалау
ҮІ.Үй тапсырмасы: Алтышаhар немесе Қашқария туралы деректер жинау.
Мұғалімнің қорытынды сөзі. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Шоқан Уәлиханов можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 436 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar