Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Шоқан Уәлиханов - қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы -

Шоқан Уәлиханов - қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1820 | Размер: | Автор: гость
. Сулейменова Гүлзакира,
І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
ОҚО, Ордабасы ауданы
Тақырыбы: «Шоқан Уәлиханов - қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы»

Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның өркениетті әлемінен мәртебелі орын алуына ықпал етер бірден-бір құдірет білім мен білімді ұрпақ екеніне назар аударып, «ХХІ ғасыр – ғылым мен білімнің ғасыры» деп атады. Сол біліммен ғылымның іргесін қалайтын мектеп. Бүгінгі ұрпақтың бойына қазыналы халықтың асылын дарытып, тілін дамытып, ар-намысын оятатын адамгершіліктің сәулесін беретін – мұғалім еңбегінің нәтижесі.
Сабақты жаңаша үрдіспен өткізу оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға ұмтылған ізденгіш жеке тұлғаны қалыптастырады.
Оқушы жай қабылдаушыдан оны өзі іздеп табушыға айналады. Бұл әдіс- тәсілдер оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір – түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Мақсаты - барлық жастағы оқушыларға кез- келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап өзіндік пікір айтуға саналы шешім қабылдауға үйрету.
Тарих ғылымы пән ретінде аса маңызды ғылым саласына жатады. Тарихты бүгінгі заманның талабына сай оқытудағы басты талап дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны, ол жасаған әлемдік құндылықтардан хабардар жан-жақты жетілген өз тарихының өткеніне көз жүгіртетін, қоғамның даму үрдісіне өзінше баға бере алатын белсенді, ұлтжанды патриот азаматты қалыптастыру. өз ұлтымыздың тарихын қадір-қасиетін танып білген азамат өзге ұлттыңда дәстүрін сыйлауға үйренеді. Сондықтан өскелең ұрпақтың жүрегіне туған жерге деген ыстық сезім ұялатып, төл мәдениетінің уызына жарытып, таза мөлдір бұлағынан сусындау үшін ата- баба мұрағатын тарих сабағында пайдалану дәстүрге айналуда.
Тарих материалдарын рет-ретімен тірек-сызба қосымша тарихи деректер арқылы жүйелі меңгерту оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттырып, өз бетінше ізденуге өткен тақырыптарды жадында сақтауға негіз бола алады. Өзім сабақ беретін сыныптардағы оқушылардың өздігінен еңбек етіп ізденуге шығармашылыққа үйретуді үнемі назарда ұстап келемін.
Оқушы бойында ұлттық намыс, Отансүйгіштік сенім ұялатып, білімді шәкірттер тәрбиелеуге көңіл бөлемін.
Бүгінде оқытудың ең оңтайлы технологияларын тәжірибе елегінен өткізе отырып, өзім дәріс беретін сыныптарға өткізген қалыпсыз сабақ үлгісін әріптестеріме әдістеме ретінде ұсынып отырмын.

Сынып : 8

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: «Шоқан Уәлиханов – қазақтың аса көрнекті ғалымы
әрі ағартушысы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шоқанның өмірі мен шығармашылығына түсінік бере отырып, халыққа сіңірген еңбектерін насихаттау.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық ізденіске жетелеу.

Тәрбиелік: өз Отанын сүюге, қорғауға, ұлт тұлғаларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:әдебиет, география, бейнелеу, музыка.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Әдісі: дамыта оқыту.

Сабақтың түрі: ізденіс сабағы

Көрнекілігі:
1. «Шығыстың жарық жұлдызы» тірек-сызба
2. Шоқанның саяхаты (карта сызбасы)
3. Құпия сандар сыры.
4. Ментальды карта.
5. Оқушылардың ізденіс жұмыстары.
6. Бағалау парағы.
7. Интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
ә) Оқушылардың сабаққа психологиялық дайындығы
«Мен бәрін жасай аламын»
1. Бүгін күн тамаша
2. Мен өзімді жақсы сезінудемін
3. Менің көңіл – күйім керемет жақсы
4. Барлығы қолымнан келеді
5. Мен жұмыс істеуге дайынмын.
б) Ұлттық теңгелерді таңдау арқылы оқушыларды екі топқа бөлемін.
І топ «Тарихшылар»
ІІ топ «Әдебиетшілер»



Жаңа сабақтың құрылымы



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау «Ой-ашар»
Оқушылар интеративті тақтадан «Құпия сандар сыры» ойыны арқылы үй тапсырмасына берілген сұрақтарға екі топ кезек – кезек сандарды таңдап, жауап беріп, ұпайды жинайды. Топбасшы бағалап отырады.

1 20 40 50 60
2 20 30 40 100

1-қатар
20-Ұйғырлар мен дүңгендер не себептен Жетісуға қоныс аударды?
40-Жетісу өлкесінен солтүстік Қырғыз өңіріне қанша ұйғыр мен дүңгендер қоныс аударды?
50-Қазіргі Алматы облысында неше ұйғыр болысы ұйымдастырыды?
60-Солтүстік ұйғыр болыстарын атап бер.

2-қатар
20-Ұйғырлар мен дүңгендердің діні.
30- 1897 жылы санақ бойынша ұйғырлар мен дүңгендер саны қанша көбейді?
40- Ұйғырлар мен дүңгендер туралы зерттеген ғалымдар?
100 – Қазақтың тұңғыш ғалымы Абылайдың шөбересі кім?

Мұғалім сөзі: Әр кезеңдерде халықтың біртуар данышпандары дүниеге келген. Сондай дана перзенттер тұтас бір халықтың мәдени өлшеміне рұхани биігіне айналып отырған. Солардың бірі ХІХ ғасырда өмір сүрген, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған дана ғалым – Ш.Уәлиханов еді.

Ой қозғау.
Мағынаны тану сатысы. ББҰ.

«V»
Мен білемін «+»
Білдім «?»
Үйренгім келеді


Жаңа сабақ Жоспары
1. «Шоқан Уәлиханов қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы»(қысқаша өмірі мен ғаламдық еңбектері жайында оқушылардың шығармашылығы).
2. «Сүйген жар өтті өмірден» әйелі Айсараның Шоқанды жоқтауы.


Оқушылардың рефераттары қорғалады.
1. Шоқанның жастық шағы.
2. Шоқанның ата тегі, шеше тегі.
3. Ыстық көлге сапары.
4. Петербургке сапары.
5. Қашғарға сапары.
6. Жетісуға сапары.

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Қолды алға созайық
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары- төмен қарайық
Орнымызды табайық

Екі топқа Шоқан туралы эссе жазу тапсырылды.
І топ «Тарихшылар» «Шоқан Уәлихановтың Қазақстан тарихында алатын орны».
Шоқан Уәлиханов өз ғұмырының соңғы күніне дейін өз Отанын жан-тәнімен сүйген нағыз патриот болды. Оның еңбектерін дүниежүзі жоғары бағалады. Бүгінгі ұрпақтары оған деген зор құрметінің белгісі ретінде Қазақстан қалаларының көшелерін Шоқан есімімен атады. Оған арналып Омбы қаласында ескерткіш орнатты. Көкшетау мемлекеттік университетіне Шоқан есімі берілді. Өзіміздің Ордабасы ауданы Темірлан елді мекеніндегі гимназия мектебіне Шоқан есімі берілген.
ІІ топқа «Әдебиетшілер» «Оны сүйген халқы бар, ұрпағы бар»
Шоқанды замандастары ұлы деп таныды. Кіршіксіз таза тұлғаны аялай көкке көтерді. Сол заңғар тұлға, бүгінде заңғар. Кино, театр, бейнелеу өнерінің қас шеберлері ұлы тұлғаны өнер тілімен жыр етсе, әдебиетшілер әдеби шығармаларына арқау етеді.
Шоқан бейнесі ұмытылмас бейне дейтініміз сондықтан.
Оқушы ізденісі Замантай Лаура
«Сүйген жар өтті өмірден» әйелі Айсараның Шоқанды жоқтауы.
Кіші жүз алшын ішіндегі жеті руға кіретін жағалбайлы ақын Төребай Есжан ұлы Шоқан қайтыс болған кезде жары Айсараға «Сүйген жар өтті өмірден» атты жоқтауын шығарып берген екен.
Шоқан сүйген жарымыз
Жігіттің гүлі нарымыз
Ажалға тоқтау бола алмай
Сарқылды қолда барымыз
Ажал келіп қиядан
Сұңқарым ұшты ұядан
Жүйген жарым бүгінде
Өтіп кетті – ау дүниядан
Бастайын ағзу-билладан
Үкім болмақ алладан
Құдайдан бұйрық болған соң
Билік кетер адамнан
Туғаннан соң өлмек жоқ
Кімдерден дүние қалмаған
Не істесе алла еркі өзі
Ешкімге ақыл салмаған
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар
Отыз үш мың сақаба
Олар да тірі қалмаған
Мұхаммед өтті хақ досты
Оны да дүние жалмаған.
Дәптермен жұмыс
Термин сөздерді дәптерлеріне жаздыру
Адьютант - әскери басшының жанында әртүрлі тапсырманы орындайтын офицер.
Кадет корпусы - әскери оқу орны.
Патриот – Отанына, туған халқына жан-тәнімен берілген адам.
Сабақты қорыту:
Мұғалімнің сөзі: шығыстанушы ғалым Н.И.Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды», - дегендей оның өшпес мұрасын туған халқы ғана емес, түбі түркі тілдес халықтар да біртуар жарық жұлдыз ретінде мойындап отыр.
Ұлы адамдар ғасырларға еңбек етеді дейді. Ұлы Шоқан осы ойдың жарқын дәлелі. Шоқанның өмірі мен ғылыми қызметі еш уақытта ұмытылмайды. Ғасыр өткен сайын оның бейнесі тұлғаланып, келер ұрпақтың алдынан шыға береді.
Ғалымның хаты өлмейді деген, міне, осы.

Сабақты бағалау:
Әр топ басшысы өз топтарының жұмысын бағалау парағына белгілеп береді, содан кейін нақты баға қойылады.
Үйге тапсырма:
1. Сәбит Мұқанов «Аққан жұлдыз»
2. Сапарғали Бегалин «Шоқан асулары» кітабын оқып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.