Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Шоқ қызғалдақ» құрағы -

«Шоқ қызғалдақ» құрағы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1392 | Размер: | Автор: Публикатор
. Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
Күршім ауылы
№3 Күршім гимназиясының
оқу-өндіріс шебері
Кайсина Салтанат Манаповна



Сабақтың тақырыбы: «Шоқ қызғалдақ» құрағы
Сабақтың мақсаты:
1. Құрақтың құралуы және оның қолданылуы жайлы мәлімет беріп, оның әдіс-тәсілдерін үйрету.
2. Теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен дамыту, құрақ құрау барысында алған білімдерін, дағдыларын нығайту.
3. Құрақ құрау өнері арқылы қыз баланы әсемдікке, төзімділікке, ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-иллюстрациялық, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс.
Көрнекілігі: құрақ түрлері және дайын бұйымдар, қағаздан қиылған үлгілер, тақырыптық слайд.
Қажетті құрал-жабдықтар: ине-жіп, қайшы, түрлі-түсті маталар, үлгілер, сызғыш, қарындаш.
Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу, тарих, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, оқушыларды тізім бойынша түгендеу.
2. Сабаққа қажетті материалдарды тексеру.
ІІ. Жаңа сабақ: 1. Сыныпқа сұрақ қою (миға шабуыл).
-Құрақ дегеніміз не?
-Құрақты қайда пайдаланады?
-Құрақты неден тігеді?
-Құрақты не үшін құрайды?
3. Мұғалімнің түсіндірмесі.
- Құрақты қандай мақсатта құраймыз:
- Біріншіден, мата қиындыларын іске асыру, кәдеге жарату.
- Екіншіден, әдемілікке, ұқыптылыққа, тәрбиелілікке мән беру.
- Құрақ құрау өнерінің терең мән-мағынасы бар. Ертеде апа-әжелеріміз құрақ құрай отырып, қыз-немересіне арналған құрақты: «Отан болып құралып кетсін, өсіп-өнсін» деген тілекпен жасаған.
-Құрақты өте ертеде ақ, қара киіз қалдықтарынан жасайтын болса, кейіннен мата пайда болғалы бері мата қалдықтарынан тігілетін болған.
-Құрақ құрау өнерін орыс тілінде «Лоскутное шитье», ағылшын тілінде «пэчворк» және «квилт», жапон халқы «сашико» деп атайды (экраннан көрсету).
-Құрақ құрау құрау үшін көбінде геометриялық фигуралар қолданылады (топтастыру).

-Негізінен құрақтың 200-ден астам түрі бар. Соның ішінде біздің таңдағанымыз «Шоқ қызғалдақ» құрағы.
ІІІ. Сарамандық жұмыс:
1. Қауіпсіздік ережесі.
Қол инесімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі:
-Инені киімге қыстыруға болмайды.
-Инені ине қадағышқа шаншы.
-Жіпті тісіңмен үзбе.
Қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі:
-Қайшыны жолдасыңа үшкір жағымен берме.
-Қайшыны ашық тастама.
-Қайшының ұшын жоғары қарай көтерме.
Электрлі тігін машинасымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік:
-Машинаның айналатын бөлшектеріне шаш ілініп кетпеуі үшін шашты жинақы ұстау немесе орамалмен байлаған жөн.
-Жұмыс кезінде қолды дұрыс ұстау керек.
-Тігу кезінде матаны қолмен тартуға болмайды.
-Машинаның инесіне жіпті өткізген кезде аяқты табаннан алып тастау керек.
-Бұйымдарды сырып тігер алдында тігіс бойында инелер мен түйреуіштер қалмағанын тексерген жөн.
-Тігін машинасымен жұмыс істегенде денені түзу ұстап, басты сәл алға еңкейту керек.
2. Экранда берілген геометриялық фигуралардан құрақ құрастыру барысында мұғалім нұсқау беріп отырады:
- Қызыл, көк, жасыл түсту маталарды қолданамыз.
-Қызғалдақ гүлі үшін 2 үлкен , 1-уін диогональ бойынша 2-ге бөлеміз, 1 кішкене шаршы мата қиығын дайындап аламыз.

-Жапырағына 2 жасыл жолақша кесіп аламыз.

-Шеткі бөліктеріне 2 үшбұрыш, 1 тіктөртбұрыш, 1 кішкене шаршы, 2 тіктөртбұрыш пішінді жолақша қажет болады.

-Осыларды дайындап алғаннан кейін экрандағы үлгі бойынша құрап тігуді бастаймыз.








3. Оқушылардың жұмыстарын қадағалай отырып, қателескен жерлерін түзету.
4. Жұмыстарын тексеру.
ІV. Сабақты бекіту: Сұрақ-жауап.
-Қандай ұлттық құрақ құрау түрлерін білесіңдер?
-Орыс тілінде құрақ құрау қалай аталады?
-Ағылшын тілінде құрақ құрау қалай аталады?
-Жапон тілінде құрақ құрау қалай аталады?
V. Жаңа сабақты қорытындылау:
1. Аналар өз қолдарымен қыздарына құрақ көрпе жасаған. Біріншіден, құрақ құрау қызына үнемшіл бол, жоқтан бар жасай біл десе, екіншіден, әлем ақыл, сана, мейірімнен құралғанын түйсіндіру. Бүгінгі бойжеткен – ертеңгі ана, ендеше халқымыздың салт-дәстүрінің қаймағын бұзбай, келер келешекке жеткізетін өздерің. Қорыта келетін болсақ, сендер құрақ құраудың түрлерін, пішілуін, тігіліуін үйрендіңдер. Енді өздерің құрақтың түр-түрін тіге аласыңдар.
2. «Пікірлер ағашы» (кері байланыс).
VІ. Үйге тапсырма: Үйден «Ромбик» құрағын құрап келу.
VІІ. Бағалау: Оқушылардың сабаққа белсене қатысып, сұрақтарға жауап берулеріне және сарамандық жұмыстарына қарай бағалау.
VІІІ: Жұмыс орнын ретке келтіру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.