Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Шығармашылық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушы қабілетін дамыта отырып, кәсіптік бағдар беру. -

Шығармашылық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушы қабілетін дамыта отырып, кәсіптік бағдар беру.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3132 | Размер: | Автор: гость
. Шымкен қаласы, Еңбекші ауданы Қазыбек би №36 жом технология пәні мұғалімі Боранбаева Тәжігүл Абдурахымқызы

2.5. Шығармашылық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушы қабілетін дамыта отырып, кәсіптік бағдар беру.
Адам жұмысты сүйіп істейтін болса, одан саналы түрде қуаныш сезетін болса, еңбек ол үшін жеке басының талантын тудырудың негізгі формасы
болса, сонда ғана шығармашылық болуы мүмкін.
А. С. Макаренко.
Өнерді үйрету үшін осы пәннің процестерімен таныстырып, өнер құралдарымен жұмыс істеуді үйрете отырып, білімі мен шеберліктерін сабақта және сабақтан тыс уақыттарда, үйірмеде қалыптастырамын. Оқушыларды оқуға саналы түрде қызығуға тәрбиелеу, танымдық, белсенділік пен ой еңбегі және эстетикалық мәдениетін дамытудағы міндеттерді негізінен бұйымдар мен киімдер дайындау барысында жүзеге асырамын. Жұмыс барысында маталарды үнемді пайдалануға, бұйымдарды әдемі, тыңғылықты, қайта оралмайтындай, дер кезінде бітіруге дағдыландырамын. Өзінің және жолдасының жұмысына талдау жасай білуге үйретемін, үй тұрмысына қажет бұйымдардың дайынын сатып алу мен өзі қолдан жасағандағы үнемділікті есептетіп қана қоймай, оның ата-анаға үлкен қуаныш әкелетінін ұқтырып отырамын.
Қолданбалы өнер тек ою-өрнек қана емес, олар математикалық ойдың, есептің, бұрыштар өлшемдерінің, өң-түс, сабақтастықты жан-жақты шығармашылықпен ойландыратын тәрбие құралы. Халық өнерін үйрену - оқушыны еңбексүйгіштікке талаптандырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды.
Шығаршылық жоба – әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы. Шығармашылық жобаға қойылатын талаптар: өзіндік қызығушылығы болу, оқу кабинетінің материалдық-техникалық базасына сай келуі, өз мүмкіндіктерін ескеру, өз өнімдерін іске асыру және тұтыну. Әрине жасалатын жобаның сапасы оқушының біліктілігіне, технология пәнінен алған біліміне, оқулықтағы материалды қалай меңгергеніне тікелей байланысты.
Жоба әр түрлі бөлімдерден, арнайы сызбалардан, суреттерден, нобайлардан және жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымды жасаған кезде есептер, экономикалық немесе экологиялық дәлелділік, түсінік хаттар да пайдаланылады.
Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата – ананың т. б. көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын көпшілік алдында қорғайды. Әр оқушы өзінің жасайтын жобасындағы бұйымның қоғамға, өзіне, не достарына қандай пайда келтіретінін дәлелдеп беруі қажет.
Бағдарламаларға шолу бөлімінде көрсетілгендей, 2013-2014 оқу жылынан бастап бекітілген технологиядан оқу пәнінің 11 сыныптағы базалық білім мазмұнында « Қазақ халқының ұлттық костюмін конструкциялау, модельдеу және дайындау» тақырыбы көрсетіліп, 32 сағат , жобаны қорғауға 2 сағат берілген, 34 сағат, яғни бір оқу жылы.
Шығармашылық жоба мақсаты:
1. Шығармашылық жоба барысында өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуге, ісмерлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
2. Күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай ұлттық киімдерді танып білу, жаңа бұйым жасап шығару.
3. Халқымыздың қолөнерін жандандыру. Оны жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білуге үйрету.
5-10 сыныптарда «Киімдерді конструкциялау, модельдеу, дайындау» бөлімінде алжапқыш, белдемше, түңгі көйлек, камзол, көйлек, шалбар , жейде, халат, көкірекше (жилет, жакет), таңдау бойынша әзірлеу барысында жан-жақты білімдер қамтылған. Сондықтан бағдарламада көрсетілгендей 11 сыныпта шығармашылықпен жұмыс істеп, қазақ халқының ұлттық костюмін (көйлек, камзол, бас киім) әзірлеуге жан-жақты білімдері жеткілікті. Шығармашылық жұмыс барысында киім тарихы, ою–өрнек конструкциясы, адам тұлғасын тану, мататану, түстану, машинатану, композициялау, модельдеу, конструкциялау, тігін технологиясы, көркемдеп-сәндеу тақырыптары бойынша білімдерін дәлелдеп, шыңдай түседі.

2013-2014 оқу жылынан бастап 11 сынып оқушыларына ұлттық киім әзірлеуді үйретудің тақырыптық жоспары. Топтық жұмыс. (34 сағат).
І. Қазақ халқының ұлттық костюмін конструкциялау, модельдеу және дайындау. 32 сағат.
1. Дизайн, дизайнер шығармашылығы. Костюмдегі стильдік шешім, киімдерді безендіру принциптері, ерекшеліктері.
2. Ұлттық костюм. Ұлттық стиль бойынша қазіргі стильді киім үлгісін жасау. Ою-өрнектер түрлерін таңдау, қолдану. Зергерлік бұйымдар мен аксесуарлар.
3. Ұлттық киімдерге материалды іріктеу: әшекейі, өңдеу түрі, дайындау технологиясы, материал түрлері мен түстері, қатырма түрлері.
4. Базистік көйлек және жең сызбасы. Киім моделіне қарай базистік сызбаға өзгерістер енгізу.
Сарамандық жұмыс. 28 сағат.
5. Модельдеу.Ұлттық киім комплектісін модельдеу. Эскиз әзірлеу.
6. Мататану. Ұлттық киім комплектісіне материал таңдау шығынын, құнын анықтау.
7. Конструкциялау. Ұлттық көйлек үшін өлшем алу. Сызба әзірлеу, үлгі дайындау.
8. Камзол үшін өлшем алу, сызбасын әзірлеу, үлгі дайындау.
9. Камзолмен үйлестіре бас киім сызбасын, үлгісін әзірлеу.
10. Көйлек, камзол, бас киім үшін ұлттық ою- өрнектерден композициялар әзірлеу.
11. Пішу ережелері. Матадан ұлттық көйлекті үлгі бойынша пішу.
12. Үлгі бойынша матадан камзолды пішу.
13. Үлгі бойынша ұлттық бас киімді пішу.
14. Ұлттық камзол, бас киім ою-өрнегін матадан әзірлеу.
15. Көйлектің иықтық бөлігін өңдеу. Бүкпелерді өңдеу.
16. Иықтық бөлігін моделіне қарай өңдеу.
17. Иық және бүйір тігістерін орындау.
18. Мойын ойындысын моделіне қарай өңдеу.
19. Жең бөлшегін өңдеп, қондырып тігу.
20. Белдемше бөлігінің қосымша бөлшектерін өңдеу.
21. Белдемшені нымшамен біріктіру. Өлшем алу.
22. Көйлекті машинада өңдеу, үтіктеу.
23. Камзолдың ою- өрнегін бастырмалау.
24. Камзолдың қосымша бөлшектерін өңдеу.
25. Өлшемді жүргізу, кемшіліктерді түзету.
26. Камзолды машинада өңдеу. Үтіктеу.
27. Бас киімнің ою- өрнегін бастырмалау.
28. Қосымша бөлшектерін өңдеу.
29. Бас киімді машинада өңдеу. Үтіктеу.
30. Көйлекті қосымша бисер, моншақ, файетки т.б. көркемдеп-сәндеу.
31. Камзолды қосымша моншақтармен көркемдеп-сәндеу.
32. Бас киімді қосымша моншақтармен көркемдеп-сәндеу.
ІІ. Жоба. 2 сағат.
33. Жобалық жұмыстар папкасын дайындау.
34. Жобаны қорғау.
Теориялық бөлімінде өз ойын дұрыс жеткізе алмаған оқушы, практикалық бөлімінде өз білімін көрсетуі мүмкін. Біздер оқушының кәсіптік білімінің сапасын арттырып, үлкен өмірге дайындаймыз, үнемділікке баулып, еңбексүйгіштікке, тиянақтылыққа, кісі еңбегін бағалауға тәрбиелейміз. Мектеп қабырғасынан шыққан соң, осы салаға оқуға, жұмысқа баратын оқушыларға қосымша тапсырма беріп отырамыз, кәсіптік білік пен дағдыны тереңірек меңгереді. 34 сағаттық бағдарлама бойынша 11 сыныпта шығармашылық жобамен жұмыс жасау барысында, білімді тексеру , білімді бекіту алғашқы 4 сағатта жүзеге асырылады, мектептегі ұлттық киімдер көрмесіне саяхат жасалып, ол көрмедегі киімдер бойынша сипаттама береміз, киімдерді зерттеу әдістерімен ұштастырамыз. Шығармашылық жұмыс мақсатын түсіндіреміз, жоспарды талдаймыз, педагогикалық –психикалық эмоциялар (таңдау, қосымша іздену, ынталандыру, табысқа жетелеу) қалыптастырып, перспективаны сезіндіреміз, материалды меңгеруді жүзеге асырамыз. Модельдеу барысында шығармашылыққа баулып, ойлау қабілетін дамытамыз, іздену барысында өз беттерінше үйлестіре отырып ұлттық көйлек, камзол, бас киімдердің модельдерін ойлап тауып, эскиздерін әзірлейді, сипаттама береді. Қай ұлттық көйлек, камзол, бас киімді әзірлейтінімізді анықтау үшін, жобаларды талқыға саламыз, толықтырулар мен жаңалықтар енгізіп, соңғы конструкцияны айқындаймыз. Материал таңдау мен материал шығынын анықтау да білімділікті,таным пен талғампаздықты талап етеді. Киім эстетикалық талғамға сай болу үшін мата түрі мен түсін де дұрыс таңдау керек. Топтық жұмыс мақсатын түсіндіре отырып, ұйымшылдыққа баули отырып, топтарға бөлеміз. Жұмысты жоспарлау барысында, бұйымды өңдеудің технологиялық реттілігін анықтайды, орындау әдісін таңдайды. Конструкциялау барысында, яғни ұлттық көйлек, камзол, бас киім сызбаларын әзірлеу барысында графикалық танымдылықты дамытамыз, әр топ өз киім комплектілерінің сызбаларын әзірлейді. Пішу мен тігу барысында өлшеу мен есептеуге дағдыланады, құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді меңгереді, орындау тәсілін меңгереді, шеберліктерін дамытады. Сабақ барысында керек кезінде, ырым-тыйым сөздерді, мақал – мәтелдерді, сөзжұмбақтарды, жалғасын тап, дұрысын тап, толықтыр т.б. ойындарды, тестілеуді, топтардың бір –бірімен сайыс сабағын ұйымдастырып отырамыз. Шығармашылық жұмыс папкасын дайындау барысында, шығармашылық жұмыстарына жазбаша шолу жасайды, компьютерді пайдалануды тереңірек меңгереді. Шығармашылық жұмыстарын өздері бағалау барысында нәтижені тағы бір зерделейді, сыртқы білімнің ішкі білімге ауысуын, білім сапасын дамыта отырып қалыптастырамыз. Жобаны қорғау алдында тест жүргізіледі. Қорытынды сабақ- жобаны қорғау.

Шығармашылық жобаны орындау жүйесі.

тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық киім комплектісін әзірлеу.

І. Ұйымдастыру, дайындық кезеңі.
1. Шығармашылық жоба мақсатын анықтау.
2. Шығармашылық жобаға қойылатын талаптар.
-Өзіндік қызығушылығы болу;
-Әлеуметтік экономикалық жағдайдың сәйкестігі, күрделілігі;
-Оқу кабинетінің материалдық техникалық базасына сай болуы;
-Өз мүмкіндігін ескеру;
-Өзіндік кәсіптік айқындалуы;
-Өз өнімдерін іске асыру.
3. Ұлттық киімді әзірлеу барысында керекті құрал-саймандар.
4. Жұмыс орнын ұйымдастыру.
5. Еңбек қауіпсіздік ережелерін қайталау.
6. Пішу барысындағы, көктеу жұмыстарын орындау барысындағы,
машина жұмыстарын орындау барысындағы техникалық шарттар.

ІІ. Техникалық кезең.
Техникалық жұмыстарды орындау.
Шығармашылық жұмыс барысында дизайн туралы, костюмнің түстік шешімі мен принциптерін, ұлттық киімді жобалау, конструкциялау және модельдеуді, киім дайындау кезінде қолданылатын маталар мен әшекейлерді, киімді өңдеудің технологиялық реттілігін, киімді түйіндік өңдеуді, матаның үстіне пішімді тиімді орналастыруды, пішім бөлшектерін өңдеуге дайындауды, дайын киімнің өлшемін жүргізуді және кездескен ақауды түзетуді, киімді тігу кезінде технологиялық операцияларды дұрыс орындауды, дайын киімнің сапасына қойылатын талаптарды білу тиіс, киімдіқорғау үшін техникалық кұжаттама жасауды меңгереді.

ІІІ. Қорытындылау кезеңі, жүйелеу.
1. Шикізат шығынын есептеу.
2. Ұлттық киім комплектісінің суреті.
3. Дайын бұйымды бағалау.
4. Қолданылған әдебиеттер.

ІV. Жобаны қорғау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.