Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Шығын түрлері. -

Шығын түрлері.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5291 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы Индер ауданы Көктоғай ауылы Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің бейнелеу өнері,сызу,технология пәндерінің мұғалімі Сабыргалиева Гулжан Тулеуовна
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Шығын түрлері.
Сабақтың мақсаты: Шығын түрлері туралы білімді жүйелеу.
Сабақтың міндеттері
Білімділігі: Белгілі бір өнімдерді және тауарды дайындауға немесе шығаруға кететін шығындар туралы мәлімет.
Дамытушылық :Өзіндік құнды есептеу жолдарын үйрете отырып, өнім құнын қою мүмкіндіктерімен жұмыс, ой-өрістерін, шығармашылық қабілеттерін, білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік : Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, әр түрлі қадамдар жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Сабақтың көрнекілігі: тірек –сызбалар, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: экономика, тарих, бейнелеу, математика.
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Дайындық бөлім: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару. Үй тапсырмасын сұрау:
Оқушылар дайындап келген бизнес-жоспарлармен танысу, талқылау.
Жаңа сабақ
Кез келген өндіріс шығынсыз болмайды. Шығын-бұл белгілі бір өнімді немесе тауарды дайындауға немесе жасап шығаруға жұмсалатын қаражат, яғни жұмысшылардың еңбек ақысы,электр энергия шығыны, құрылғылар мен өндіріс үшін сатып алынатын шикізат, сондай-ақ ғимаратты жалға алу, көлік т.б. үшін жұмсалатын қаржы. Әрбір кәсіпкер қаржыны неге жұмсау керек екенін білуі қажет. Өзінің тауарын шығарып сатпастан бұрын оның өзіндік құнын есептеп алады.
Өнімнің өзіндік құны – өнімге жұмсалған жалпы (өндіру және сату үшін) қаражат шығыны.
Өнімнің өзіндік құн калькуляциясы – әр түрлі өнімді шығарып сатқанға дейін жұмсалған шығынды есептеу әдісі.

Тікелей шығындар – тікелей тауарға немесе осы тауарларды өндіруге жұмсалған еңбектен тұратын шығын.
Сонымен қатар тікелей шығынға жатқызуға болмайтын шығындар да болады. Барлық кәсіпорындар ғимаратты жалға алуға, электр энергияға және көлікке, лицензия алуға, техникалық көмек көрсетуге, т.б. жұмсалатын шығындармен кездеседі.
Қосымша шығындар – тікелей шығыннан басқа барлық шығындар.Қосымша шығындар үстеме шығындар немесе жай шығындар деп атайды.
Кәсіпорын иесіне, сатушыларға, курьерлерге, жинаушылар мен күзетшілерге, сондай-ақ офисті ұстап тұруға, кеңсе жабдықтары, пошта қызметі, телефон, несие пайызы, қызметкерлер құрамын оқыту, т.б. жұмсалатын шығындар - қосымша шығындарға жатады.

+ + =
+ =

Практикалық тапсырма
1. Оқулықтағы 111 беттегі 1-тапсырмада баяндалған жағдаятты мұқият оқу. Ойланып сұрақтарға жауап беру.
2. 2-тапсырма.
1-қадам. Тікелей материалдық шығын.
2-қадам. Жұмсалған еңбекке төленетін шығын (еңбекақы).
3-қадам. Жанама шығындар.
4-қадам. Жалпы шығынның жиынтық есебі.
5-қадам. Жеке тауарға жұмсалатын жиынтық шығын есебі.

+ + =

21-кестеге қарай отырып, 5-қадаммен өзіндік құн калькуляциясын көрсететін жағдайлармен мұқият танысып шыктыңдар. Сендер кәсіпкердің қиын жолындағы маңызды сынақтан өттіңдер.

V. Сергіту сәті
1. Көз жаттығулары
2. қол жаттығылары

VІ. Сабақты қорытындылау
1-тапсырма мен 2-тапсырманы салыстыру. Жұмыс дәптерлеріне өз ойларын жазу.

VІІ. Үйге тапсырма
Оқулықтағы §32-ты оқып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.