Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сиқырлы информатика -

Сиқырлы информатика

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1342 | Размер: | Автор: гость
. Батыс Қазақстан Облысы
Орал қаласы
№44 орта жалпы білім беретін мектеп

Сыныптан тыс шара

Тақырыбы:
«Сиқырлы информатика»
(6 сыныптар)

Өткізген:Қабекенова Гүлжайнар Утелгеновна
Информатика пәнінің мұғалімі

8 желтоқсан 2015 жыл

Сыныбы: 6
Күні:08 желтоқсан 2015 жыл
Тақырыбы:«Сиқырлы информатика» сайысы
Мақсаты: Оқушылардың ақпараттық технологиялар туралы білімін тереңдету мен қатар компьютерлік жабдықтарды пайдалану туралы оқушыларға түсінік беру.
Көрнекілігі: Слайдтар, арнайы тапсырмалар
Түрі: сайыс
Сайыс шарттары:
1. «Кім біледі?»сұрақтарға жауап беру.
2. Жарнамалау
3. «Сиқырлы тізбек»
4. «Тіл-өнері»
5.Практикалық жұмыс
Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлематсыздар ма ұстаздар, әділ – қазылар, оқушылар!
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып – тасып қалыспа сен,
Уақыт деген зымырап зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
Айналайын алға ұмтылған дарындар,
Айналайын жеңіс құшқан қырандар.
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай шешу жолын табыңдар.
Бақ пен білім сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт – сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз.
І - топ 6а сынып
ІІ - топ 6б сынып
ІІІ – топ 6в сынып
ІV – топ 6 г сынып
1. кезең бойынша «Кім біледі?» сұрақтарға жауап беру. 8 минут
І топ.
1. Компьютердің алдында қалай отыру керек?
2. Көз талғанда не істейді?
3. Ақпарат дeгeнiмiз не?
4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі?
5. Бас әріпті теру үшін қай перне қолданады?
6. Компьютердің нeriзгі қурылғыларын ата?
7. Принтер дегеніміз не?
8. Пернетақта не үшін керек?
ІІ топ
1. Процессор дегеніміз не?
2. Paint графикалық редакторын icкe қалай қосамыз?
3. Paint графикалық редакторы не үшін қажет?
4. Интернет дегеніміз не?
5. Себет дегеніміз не?
6. Адамның көзі мен монитордың арақашықтығы қанша болу керек?
7. Тышқан не үшін керек?
8. Компьютердің қосымша бөліктерін ата?
ІІІ топ
1. Монитор не үшін керек?
2. Адам ақпаратты қалай қабылдайды?
3. Компьютер дегеніміз не?
4.ЭЕМ неше буыннан тұрады?
5.Файл дегеніміз не?
6.1 байтта қанша бит бар?
7.Сканер қандай құрылғы?
8. Үлкен темір жәшік (жүйелік блок)
ІVтоп
1. Пернетақта дегеніміз не? (компьютердің енгізу құрылғысы)
2. Баспаға шығару құрылғысын не деп атайды? (принтер)
3. Компьютердің қосымша құрылғыларын ата (процессор, монитор, пернетақта)
4. Компьютер жанындағы өсімдік (кактус)
5. Графикалық ақпаратты оқуға арналған құрылғы (сканер)
6. Компьютер сымдары (кабель)
7. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы (модем)
8. Зиянкес программа (вирус)
2 – кезең Жарнамалау.
Жарнамалау сайысының мақсаты: берілген тақырыптың мазмұнын ашып, мүмкіндігінше сол тақырып туралы халыққа ақпарат жеткізе білу. Үстел үстіне конверттер қойылады, әрбір конвертте бір тапсырмадан бар.
Берілген тақырыптар: 15 минут
1 - интернет,
2 - электронды пошта,
3 - компакт дискі,
4 – агент
3 - кезең. «Сиқырлы тізбек». «Информатика» сөзінен бірнеше сөздер құрастыру керек. (әр командаға жеке-жеке парақ беріледі. Көп сөздер тапқан команда есептеледі) 5 минут
4 - кезең.
Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,
30 ұпай, шәкіртім саған несібе, - дей келе “Тіл - өнер” атты 4 кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орысшаға, ағылшынға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, 3 тілде жауап берсе 30 ұпай қосылады. 8 минут
1. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор - монитор)
2. Ұзын тұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орынпернесі - пробел - blank)
3. Бұта қорнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус - cactus - тікенекгүл)
4. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта - клавиатура - keyboard)
5. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка - maus)
6. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, a ruler)
7. Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)
8. Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді. (терезе, окно, windows)
5 - кезең. Практикалық жұмыс
(төрт топқа төрт компьютерді тоқтан ажыратып, шнурларын компьютерлерден алып компьютерді қосу.) 10 минут
6 кезең. 3 минут
Көрермендермен ойын
Ретюьпмок - компьютер
Россецорпос - сопроцессор
Акнолок - колонка
Ртьлиф - фильтр
Ротином - монитор
Атқатенреп – пернетақта
Жүргізуші: ендігі кезекте әділ – қазыларға сөз кезегін беріп, осы ойынымыздың жеңімпазын анықтап, сайысымызды қорытындылаймыз.
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып ХХІ – ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды,
Информатика озады барға ғасырды.
Ой түйін деп, жетелейді адамды,
Әлі ашылар құпиялар сан қилы.
Бүгінгі көріп тамашалаған «Сиқырлы информатика» атты ойынымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Келесі кездескенше Сау саламат болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.