Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сиқырлы ормандағы құртақандар -

Сиқырлы ормандағы құртақандар

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1963 | Размер: | Автор: гость
. Атырау қаласы
№3 Қарлығаш балабақшасының
Музыка жетекшісі:
Исмуратова Женис
Санаты: 2


Технологиялық карта ортаңғы тобына арналған

Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу ісі-әрекетінің түрі: Музыка
Тақырыбы: «Сиқырлы ормандағы құртақандар»
Мақсаты: музыканы есту қаблетін дамыту,әнді орындаушылық қаблетін ояту,әуенді
сезіну, ырғақты ажырата білуге баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:жұмсақ ойыншықтар,қуыршақ құртақан,музыкалық
аспаптар:үшбұрыш, қоңырау,бубен,маракас,металлофон;сандық,үлк.қар,кішк.шырша.
Сөздік: қыс,қар таяқшалары,құртақан.
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық


Жетекші барлығы сиқырлы орманға баратынын айтады.
Музыка тыңдау: «Вальс»( П.Чайковский),жұптасып,жай
ырғақпен жүруге үйрету,музыканы тыңдай жүріп
ырғақты дұрыс жасауды қалыптастыру.
«Табиғат құбылысы» үнтаспадан тыңдалады.Жауып тұрған қар ұшқындарын көз алдына елестетіп,аяқ ұшымен жүгіруді,қолдарымен қар ұшқындарын ұстауды
сұрау. Орманға барамыз,Құртақандарды табамыз.
Жылдам жүгіреміз,адымдап жүреміз,-деп балаларға
дауыс жаттығуын жасату..

Вальс ырғағымен жүреді,қимылдарды қайталайды,айтуға тырысады

Музыканы тыңдап, қимылдарды қайталауға талпынады.
Аспаптарда ырғақты бұзбай ойнауға тырысады. Аспаптарды
ауыстырып ойнауға үйренеді.

Ұйымдастырушылық –
ізденістік Дауыс жаттығуы: «Баспалдақ» жаттығуды айтқызу,
үйретуі,отырғызып, демалуын сұрау.
Ән үйрену: «Қыс»(Б.Жүсібалиев, А.Асылбек).
Әнді жаттатып үйретуі.
Әуенді-қимылды қозғалыс: «Қоңыраулармен билейміз».
Жеке-жеке шығарып айтқызу:
Аспапта ойнау: «Сылдырмақ» орыстың халық әні.
Музыкалық аспаптармен қосылып ойнауды үйрету.
Аспаптарда ойнайық,
Шыршаға барайық.
Бір-екі,бір-екі,
Ырғақты бұзбайық. Дауыс жаттығуын тыңдай жүріп айтуға талпынады.
«Қыс»әнін еркін қайталап айтуға тырысады.
Жеке дауыспен айтуға талпынады.Бірге қол шапалақтауға тырысады.
Музыканы тыңдап, қимылдарды
қайталауға талпынады.

Рефлексиялық - түзетушілік Ойын: «Шаңғы тебеміз»( Е.Тиличеева).
Асыр салып ойнаймыз,
Шаңғыларды байлаймыз.
Ырғақпенен қозғалып,
Жаттығуды жасаймыз.
Балаларды мадақтау.
Ойынға қызығушылықпен қатысу.
Ойын барысында әуенді, ырғақты сезіну.

Қоштасу.

Күтілетін нәтиже:
Біледі:музыканы сезіне тыңдауды,ән айтуды.
Игереді:музыкалық аспапта ойнауды.
Меңгереді:музыка ырғағымен билеуді,ырғақпен шапалақ қағуды,аяқ топылдатуды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.