Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өсімдік мүшелері -

Өсімдік мүшелері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2335 | Размер: | Автор: гость
. Кадирова Нурлыгул,
М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінінің мұғалімі.
Арыс қаласы
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік мүшелері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға өсімдік мүшелері туралы мәлімет беру, меңгерту арқылы оқушы білімін артыру.
Дамытушылық: Тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды төзімділікке, ұйымшылдыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі суреттер, парақшалар, тірек-сызба, оқулық, электрондық оқулық, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Психологиялық дайындық.
III. Өтілген тақырыптарға шолу жасау
IV. Жаңа сабақты баяндау
V. Сергіту сәті. «Кім жылдам?» ойыны
VI. Мағынаны тану. «Қайсысы қайсысының жапырағы?» ойын.
VII. Оқулықпен жұмыс.
VIII. Қорытынды.
IX. Бағалау
X. Үйге тапсырма

I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу.
ә) Оқушылардың сабаққа назарын аудару.
II. Психологиялық дайындық.
Психологиялық дайындық
Бәріміз тұрайық.
Күннен жылу алайық.
Алтын күн, жарқын күн.
Шағыңды төгебер!
Арайыңнан нәр алған
Біз бақытты балдырған!

- Ал балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Сұрақ-жауап арқылы пысықтап, электронды оқулықарқылы «Өз орнын тап» танымдық тапсырмасын орындату.

Сонымен күз мезгілінің қазан айы болса, онда ауа райын жазып, белгілейік. Кесте бойынша күнді шартты белгілермен белгілеу.

III Өтілген тақырыптарға шолу жасау, боямақтары арқылы өсімдік туралы көрген-білгендерін әңгімелеу.

Өлі және тірі табиғат
Сұрақ-жауап әдісі бойынша сұралады.
Бүкіл өсімдіктері қандай топтарға бөлінеді?
Күзде өсімдік қандай өзгеріске ұшырайды?
Өсімдіктердің қандай түрлерін білесің?
Өсімдіктуралы қысқаша түсінік бер.
Сенің үйіңде қандай өсмдіктер бар?
Өз үйіңдегі бөлме өсімдіктерінің атын ата.

Б) Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу.
Оқушыларға суреттердің қиындыларын таратамын. Сол суреттердің жалғасын тауып, біріктірсе 3 сурет шығады. Яғни балалар 3 топқа бөлінеді.
1-топ тамыр. 2-топ жапырақ. 3-топ гүл.
Тамыржың, сабақтың, жапырақтың гүдің, жемістің суреттерін бірнеше бөлікке бөліп тастаймын. Әр бала қиындыларды алады. Балалар қиындыларды дұрыс құраса, тамырдың, жапырақтың сабақтың, жемістің, гүлдің суреттері шығады.

IV. Жаңа сабақты баяндау.
Өсімдік мүшелері
Тамыр
Сабақ
Жапырақ
Гүл
Жеміс

Жаңа сакбақты осы тірек сызбаны түсіндіруден бастаймын.
Өсімдіктердің мүшелері әр түрлі. Олар пішіні мен мөлшері жнінен бер-бірінен ерекшеленеді. Адам күнделікті өмірде өсімдіктің түрлі мүшелерін пайдаланады. Өсімдікті жерден абайлап қазып алсақ, оның барлық мүшелерін көруге болады. Ең төменгі жағынан тамырды көресің. Тамырдан жоғары қарай сабақ көтеріледі. Одан соң жапырақтары бар жеміс шығады.
V. Сергіту сәті.
Бір, екі, үш! Бір, екі, үш!
Бұлшық етте,
Міне күш!
Бүгілемін, бүктелемін бәкідей,
Көсілемін, созыламын сәкідей.

Өсімдік – тіршілік тірегі. Өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. Тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады.
Сонымен бірге жануарлар үшін қорек, баспана. Ал адам тағам, үй, жиһаз, ауырғанда ем ретінде пайдаланады.
Адамның түрлі іс-әрекеттері өсімдікке әсер етеді. Тікелей әсері – орманды кесу. Кешенді әсер – ауыл шаруашылық зиянкестерімен күресу үшін егістіктерді, бау-бақшаны, егістіктерді жояды. Ойланбай істелетін іс-әрекетттері – шаруашылығы саласында, демалыс кездерінде байқамай өрт шығып, өсімдіктерге зардабын тигізеді. Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алады. Бұл өрттің 70%-зы отты дұрыс кітабына енген өсімдіктер, оларды сақтау туралы айтып өту.
«Кім жылдам?» ойыны
Балалар, енді «АҒАШ» сөзінде қанша дыбыс, қанша әрәп, қанша буын бар екенін анықтайық. Буын түрлерін айтып өту тапсырылады.
VI. Мағынаны тану.
1-топ. Бойы бір қарыс,
Айдары екі қарыс. (Жүгері)
2-топ. Ол күнді күзетеді,
Күн оны күзетеді. (Күнбағыс)
3-топ. Қозыларым көгендеулі
Көк ұзын.
Су ішкенмен,
Шөп жемейді бір үзім. (Қияр)
4-топ. Сырты жасыл, қап-қаты
Іші қызыл, тәт-тәтті. (Қарбыз)
5-топ. Тәтті жемісті бір
Қауақтың бір түрі
Айыбы бұтаққа ілінеді,
Айтыңдаршы кім біледі? (Алмұрт)

Үш топқа бес жұмбақ беріледі. Шешуін тауып, мына сұрақтарға жауап іздейді. Жұмбақтың жауабы арқылы сұраққа жауап береді.
1) Өсімдік түрлерін айтып бер.
2) Өсімдік ұқсастығы мен айырмашылығын айтып бер.
3) Олардың өсуі мен тіршілігі үшін не қажет?
- Ағаштар, бұталар, шөптер, су өсімдіктері. (әр топтағы өсімдіктерді атайды.)
- Ұқсастығы: өсімдік тобы, айырмашлығы: сабағы – жуан, жіңішке, қатты, жұмсақ, біреу, көп; жапырағы – жалпақ, қылқанды. Гүлдері түрлі түсті болып келеді.
- Өсімді өсу үшін ауа, жылу, жарық, қорек қажет.
Әр топ берілген сұрақтарға жауап жазып, оқуы керек. Салған суретін түсіндіреді.
«Қайсысы қайсысының жапырағы?» ойын.
Мұғалім: Әр топқп әр ағаштың, жапырағын дұрыстап орнына қоя білу туралы тапсырма беріледі. Жапырақтарды пішіндеріне қарай жинау керек. Ойын барысында үйеңкі, қайың, емен ағашьарының атауы шығады.

VII. Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар тізбекпен тақырыпты оқиды. «Бес жолды өлең» стратегиясы. 1-топ. Тамыр 2-топ. Сабақ 3-топ. Жапырақ
Не? Жапырақ
Қандай? Жасыл, сары ала;
Не істеді? Сарғайды, ұшады, түседі;
4 сөзді сөйлем Жапырақтар сарғайып түсе бастады.
Синоним Ағаш көркі т.с.с.
Әр тапсырманы орындағанда топтарға ұпай беріліп отырады.
Тапсырмаларды тез және жүйелі орындаған топ жеңіске жетеді.
VIII. Қорытынды.
Тест жұмысы беріледі. Бүгінгі тақырыпқа байданысты.
Тыйым салынады!
- Ағашты кесуге, сындыруға болмайды.
- Отты көрсең сөндір!
-Қалдық жаттарды тастама!
- Ластауға болмайды.
- Табиғатты тиімді пайдалану керек!
Бір тал кессең, он тал ек.
XI. Бағалу.
Ойын. Табиғаттан нені үйрендім?
-Мен күннен мейірімділікті үйрендім (күнді салау)
- Мен судан тазалықты үйрендім (суда салу)
- Мен әдемі гүлдерден нәзік болуды үйрендім ( гүлді салу)
- Мен ағаштан мықты, төзімді болуды үйрендім (ағаштың суреті)
- Мен табиғаттан қайрымдылықты үйрендім (құсты бейнелеу)
- Мен табиғатты қорғауды үйрендім (шөпті бейнелей)
Оқушыларды жауаптарына қарай, бағалап мадақтау.
X. Үйге тапсырма беру.
Тақырыпты жақсылап оқып келу.
Өзүйлеріңегі бөлме өсімдіктерінің атын сұрап біліп, олардың күтімі жайлы білу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.