Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өсімдікке су және топырақ керек -

Өсімдікке су және топырақ керек

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2798 | Размер: | Автор: гость
. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы,
Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев атындағы
Шилі орта жалпы білім беретін
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Тукенова Алмагуль Абаевна
Сыныбы: 2 «а» Күні: 3.02.16 ж. пәні: Дүниетану
Тақырыбы: Өсімдікке су және топырақ керек
Мақсаты: Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы түсінік беру.
Күтілетін нәтиже: - өсімдіктер туралы толық мағлұмат бере отырып,
- олардың тіршілігін түсіндіре алады;
- жұмысты өз бетінше,топпен жоспарлап,бағалай алады;
- жұмыс барысында жауапкершілікті сезінеді.
- алған мәліметтерді талдап,өз білімдерін бағалай алады;
- түсінігін топтап,жүзеге асыра алады.
- оқушының сөзі жүйелі,қисынды,
- қорытындыны дәлелдей алады.
Тапсырмалар:
Жаңа тәсілдер: «Бірге ойлаймыз», «Ойлан әрі талқыла», топтық, жұптық әңгіме, жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар.
Сыни тұрғыдан ойлау әдісі:
АКТ қолдану: визуалдандыру,белсенді тақтамен таныстырылым, ғаламтор
желісінен алынған материалдар.
Оқыту формасы: Жеке, жұптық,топтық, жаппай
Бағалау: Формативті бағалау: ынталандыру мақсатында
«Қолпаштау», «Басбармақ»
Кері байланыс:
«Нысана» д.д.
Сабақтың барысы: Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе:

2 мин Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық ахуал:
Табиғат күлімсірер күніменен
Ән айтар бұлбұл сайрап түніменен
Көркіне көз тоймайды табиғаттың
Сұлулықты сүйе біл шыныменен.
Топ ережесін қайталау.
Оқушыларды топқа бөлу Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі.
Шаттық шеңберіне тұрып бәрі бірге өлең айтады.

Үй тапсырмасы: 7 мин. «Бірге ойлаймыз» әдісі бойынша берілген сұрақтар бойынша сәйкестендіру.
1 – топ: Өсімдікті неге тірі ағза деп атайды?
Өсімдік тірі ағза: қоректенеді, өседі, қурайды, көбейеді, тыныс алады
2 – топ: Өсімдіктің қандай пайдасы бар?
Өсімдік: Сусын, ем, ауа, тағам, жеміс, дәрі, кітап
3 – топ: Жапырақтың қызметі қандай?
Жапырақ: Өсімдік бойындағы суды буландырады, ауаны тазартады көмірқышқыл газын сіңіреді, оттегін шығарады, қант, крахмал жасалады, жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады.
Барлық топқа: Өсімдік қалай көбейеді?
Өсімдіктің көбеюі: тұқымнан, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс
Тұсаукесер:
3 мин. “Күн көзін бұлт баспасын”
Ойын шарты: берілген сұрақтарға жауап беру арқылы экраннан күн көзін шығару
- өсімдік мүшелерін ата?
- өсімдік топтарын ата?
- тамыр қандай қызмет атқарады?

- сабақ қандай қызмет атқарады?
- тұқымның түрлерін ата?
- жапырақтың қызметі қандай?

"Сен білесің бе?"
-Өсімдік өсу үшін не қажет?

Тамыр, сабақ, жапырақ,
Бұта, шөп, ағаш
Тамыр – өсімдікті топыраққа бекітеді. Өсімдікті топырақтан қоректендіреді.
Сабақ – тыныс алуға қатынасады.
Жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады, судың артық мөлшерін буландырады.

(жарық, ауа, су, жылу, топырақ)
Негізгі бөлім:

1 мин.

2 мин.

2 мин.

5 мин.

8 мин

5 мин. «Миға шабуыл» әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар.
- Топырақ деген не?

- Топырақтың негізгі қасиеттерін ата.
“Мағынаны тану” кезеңі
Өсімдік – тірі ағза. Ол үнемі өсіп, өзгеріп отырады: өседі, жапырақ жаяды, гүлдейді, түйіндейді, жеміс береді.Өсімдік өзіне қажетті қоректі өлі табиғаттан алады. Соның бірі –
су. Суы жеткілікті өсімдік жайқалып өседі.(Суретпен жұмыс)
- Су өсімдікке не арқылы келеді?
Топырақ арқылы.Топырақтағы қоректі заттар сумен араласып ериді. Өсімдіктің тамыры суды бойына сіңіріп, келесі мүшелеріне жібереді. Шіріндісі көп топырақ өсімдік өсуіне өте қолайлы.
-Шірінді қайдан пайда болады?
Жыл сайын қураған өсімдіктердің жапырақтары сумен араласып,оның құрамын байытады. Барлық топырақта бірдей шірінді көп бола бермейді.Ондай топырақты қолдан тыңайтады.
-Тыңайту үшін не керек деп ойлайсыңдар?
- көң, құстың саңғырығы, шымтезек, қарашірік.(суретпен жұмыс)
«Терең танысайық» кезеңі
Оқулықпен жұмыс.
- Мәтінді тізбектей оқыту.
- Мәтінмен жұмыс жүргізу.
- Өсімдіктің өсуіне судың, топырақтың әсері қандай?
- Еріген тұздарды өсімдік қайдан алады?
- Өсімдіктің бойында судың бар екенін қалай білуге болады? Сұрақтарға жауап береді.
Топырақ дегеніміз жердің өсімдік өсетін құнарлы, үстіңгі қабаты.

Топырақта неғұрлым шірінді көп болса, соғұрлым ол құнарлы болады және өсімдік жақсы өседі.
Топырақтың ең басты қасиеті құнарлылығы.

Қорытынды:
5 мин. “Ой толғаныс” кезеңі. (проблемалық сұрақтар)
- өсімдік тіршілігі үшін не қажет?
- өсімдіктер адам өміріне қаншалықты әсер етеді?
- егер өсімдік болмаса жер бетінде не болар еді?
Дәптермен жұмыс
1 – тапсырма:
Өсімдікке қажетті жағдайлар
2 – тапсырма:
Қайсы өсімдік суды көп қажет етеді?
Тест тапсырмалары:
1.Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар:
В) жарық, ауа, су, қорек, жылу
2. Өсімдік:
Б) тұқымнан дамиды
3. Топырақ арасындағы өсімдік мүшелері:
Ә) тамыр
4. Өсімдікке сабақ не үшін керек?
А) Тамырдан қоректік заттарды басқа мүшелерге жеткізу үшін
5. Құрғақ жемістерге:
А) бидай, түйебұршақ
«Ойлан әрі талқыла» әдісі бойынша топтық жұмыс.
1 – топ: Топырақ неліктен бұзылады? (күтім болмаса, жаңбыр мен қардың мөлшерден көп болуынан)
2 – топ: Топырақты қорғау үшін не істеу керек? (таза ұстау, құнарландыратын жағдайлар жасау)
3 – топ: Топырақтың құрамына нелер жатады? (көң, құстың саңғырығы,
шымтезек, қарашірік)
Барлық топ: Топырақтың қандай түрлері бар? (қара, сор)
IV. Бекіту
"Ой түйіндеу" кезеңі
«Құм, тас, су» ойыны.
Ойынның шарты: «Құм»дегенде әр жерде оқушылар шашыраңқы болып отырады, «тас» дегенде өз қолымен мүсін жасап қатып қалады, «су» дегенде толқын болып қозғалады.
V. Қорытынды.
«Даналық қоржыны» әдісі арқылы су туралы берілген мақал – мәтелдерді құрастырып, оқу, мағынасын ашу.
1 – топ. Су – тіршіліктің көзі
2 – топ. Судың да сұрауы бар
3 – топ. Сулы жер – нулы жер
Сонымен бүгінгі сабағымызда нені білдік?
* Өсімдік өсу үшін қандай қажеттіліктер бар екен?
* Топырақты тыңайту үшін нелер керек?

– су, топырақ, ауа, жылу

(гүлдер)
Бағалау: 3 мин. "Күн шуақтары" әдісі арқылы өзін-өзі бағалау (қызғылт - өте жақсы, сары - орташа, жасыл - төмен).
Үйге тапсырма 2 мин. • Өсімдікке су және топырақ керек. Мәтінін оқып, мазмұндау
• «Су – тіршіліктің көзі» тақырыбында шағын шығарма жазу. Үй тапсырмасын күнделікке жазады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.