Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж. -

Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1253 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж екендігін жеткізіп, оларды қорғауға шақыру. Өсімдік жайлы білімдерін жетілдіру, қорытынды жасау.
Дамытушылығы: Түрлі тапсырмаларды орындата отырып, ойын толық айта білуге, ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік мәні: Табиғатты қорғауға өз үлесін қосуға, құрметтеуге, еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: өсімдік суреттері, гүлдер, ағаштар суреті.
Қазақстан картасы
Пән аралық байланыс: математика, өзін-өзі тану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Балалар, бүгінгі сабағымызды біз, орманға ойша саяхатқа барумен бастаймыз. Ол үшін терең демалайық, көзімізді жұмайық. Жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңдер. Орман іші көңілді. Ағаштар жайқалып өсіп тұр. Әдемі гүлдер өсіп тұр – не деген керемет әдемі гүлдер. Керемет, жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді.
Түрлі түсті күлтелер құлпырып тұр.
Бұл сендердің аталарың, әжелерің, әке-аналарың. Ал, гүлдің ортасындағы дөңгелек - сен. Ал көзімізді ашайық. Бұл жай гүл емес, табиғаттың бір бөлігі.
Гүл сендерге ұнады ма? Осы гүлді ата-аналарыңа сыйлағыларың келе ме? Ол үшін біз үйге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беруіміз керек.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Өсімдікті қандай топтарға бөлеміз?
- Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?
- Бір жылдық өсімдікке қандай өсімдікті жатқызамыз?
- Көп жылдық өсімдікке ше?
- Емен неше жыл тіршілік етеді?
- Сарқыраған неше жыл тіршілік етеді?
- Бидай, күрішті, қызанақты неге мәдени өсімдіктер деп атайды?
ІІІ. Өткен сабағымызды еске түсіре отырайық.
Слайд арқылы өсімдіктердің өсу ортасына қарай суретпен сәйкестендіру.
1. Жылу сүйгіш өсімдік
2. Құрғақшылыққа төзімді өсімдік
3. Жарық сүйгіш өсімдік
4. Суыққа төзімді өсімдік
5. Ылғал сүйгіш және су өсімдігі
6. Көлеңкеге төзімді өсімдік

ІҮ. Жаңа сабақ
Ендеше балалар бұл өсімдіктердің барлығы адамдардың қамқорлығына мұқтаж екен. Бүгінгі сабақта біз өсімдіктерді қалай қорғау керектігін үйренеміз.

Ү. Оқулықпен жұмыс:
Балалардың өзіне оқыту (3минут)
Сұрақ қою арқылы сұрау
1. Өсімдіктердің азаюына не әсер етті?
2. Табиғат қандай өзгеріске ұшырады?
3. Қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
4. Қандай өсімдіктерді қорғай алады екенбіз?
5. Адамға қандай пайдасы бар?

- Қызыл түс нені білдіреді?
- Тоқтау, қауіпті білдіреді:
- Қызыл кітап- қауіп қатер дабылы
Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер еліміздегі қорықтарда көбейту мақсатында қорғауға алынып отыр.Қазіргі кезде көптеген өсімдіктер сиреп, кейбірі жоғалып кетті. Қайда кетуі мүмкін?

- Мал шаруашылығының өркендеуіне
- Құрылыс салудан орман сирей бастады, топырақ тозды. Қоқыс пен қалдықтар үйінісінің көбеюіне.
- Өсімдікті көбейту үшін не істеу керек?

ҮІ. Сергіту сәті
Табиғатты қорғаймыз
Көкті, гүлді жұлмаймыз
Келе жатқан көктемде
Көшет егіп тынбаймыз

ҮІІ. Қабілетті оқушымен жұмыс.
1. Ақсу –Жабағылы
2. Наурызым қорығы
3. Сиреп кеткен, жойылып кеткен өсімдіктер туралы айту, слайдпен көрсету.

ҮІІІ. Қазақстандағы қорықтар:
Ақсу-Жабағылы, Алматы қорығы, Наурызым, Барсакелмес, Қорғалжың, Үстірт, Алакөл, Марқакөл қорықтары бар.

ІХ. Шығармашылық тапсырма
1. Айгүл бақшаға бір күнде сегіз гүл екті. Ол үш күнде неше гүл екті?
2. Қалалық саябақта 4 қатарға 10 қарағайдан және 6 шыршадан отырғызды. Саябаққа неше ағаш отырғызылды?

Х. Сабақты бекіту.
1) Тест сұрақтарына жауап беру. Бірін-бірін тексеріп бағалау.
2) Табиғатты қорғау ережелерін қайталап айту.
- гүлді жұлмау
- көгалды жерді таптамау
- өсіп тұрған ағашты, жас талды сындырмау
- құс ұясын бұзбау
- жеміс ағаштарының түбін әктеу
- орманда, бақта қоқыс тастамау
- құстарға ұя жасау.

ХІ. Сабақты қорытындылау
Қазақстан картасына гүлдер, ағаштарды іліп, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу.
ХІІ. Үй тапсырмасын беру. 128-129 бетті оқу. Мазмұндау.
ХІІІ. Оқушыларды бағалау, мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.