Меню
Назад » » »
Синонимдер
загрузка...

загрузка...
5-сынып
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
Спандияр Көбеев атындағы №56 жалпы орта
мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мүғалімі
Утенбаева Нозира Абсабиковна

Сабақтың тақырыбы: Синонимдер
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың синоним жайлы алған білімдерін нығайту, тиянақтау, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру.
2. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық, ойлау қабілеттерін арттыру. Шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.
3. Оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке , достыққа, әдептілікке, шапшаңдықа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ -жауап, қайталау.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсендіі тақта, суреттер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Ә) Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
Б) Оқушы зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
1.Дәптерлерін тексеру.
2.Сұрақ –жауап арқылы өтілген тақырыпты пысықтау
1. Сөз таптарын ата(10)
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?(10)
3. Сын есім сұрақтарын ата(10)
4. Омоним деген не?(20)
5. Зат есім деген не?(20)
6. Лексика саласы нені зерттейді?(20)
7. Қолдану аясы шектеулі сөздер қайсылар?(30)
8. Тұрақты тіркес деген не?(30)
9. Тура және ауыспалы мағына деген не?(30)





Жаңа сабақ
Синонимдер
Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады. Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады:
1) Сөздің дыбысталуында өзгешілік болуы керек
2) Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек
3) Сөздер бір ғана сөз табына қатыстыболуы тиіс

Бұған қосымша синонимдер мәтінде бірін-бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.
Мысалы: ас, тамақ, ауқат, тағам, дәм дегендер –бір-біріне синонимдес сөздер. Бұлар дыбысталуы, жазылуы жағынан әр түрлі.
Бірақ бәрінің беретін ұғымы –адам баласының жейтін қоректік заты. Бесеуі де сөз табы жағынан зат есімге жатады.
Мысалы: Қонақтарға арналған ас өте дәмді болды. Осының ішіндегі «ас» сөзінің орнына басқа сөздерді алмастырып айтсақ болады. О лардың барлығы бір ғана не? Деген сұраққа жауап береді.
Қазақ тілі синонимге өте бай. Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында кездеседі.
Тапсырмалар
70-жаттығу
Берілген синоним сөздер қай сөз табына жататынын табыңдар
Күшті, мықты, әлді, қарулы- сын есім
Бағалы, құнды, қымбат- сын есім
Халық, жұрт, көпшілік- зат есім
Өзіндік жұмыс
«Ажарлы» сөзінің синонимдерін тауып сөйлем құрату

Біздің сыныбымызға өте сұлу қыз басқа мектептен ауысып келді
71-жаттығу Мәтін ішінен «ар, намыс» жайлы мақалдар жаздыру.
Әдепті бала- арлы бала,
Әдепсіз бала- сорлы бала.

Қоянды қамыс өлтіреді,
Жігітті намыс өлтіреді.

Сабақты қорыту

Сөздерінің синонимдерін тапқыза отырып сабақты қорыту
Оқушыларды бағалау
Үй тапсырмасына қарай;
Сұраққа берген жауабына қарай;
Мәнерлеп оқуына қарай бағалаймын.
Үйге тапсырма: 72-жаттығу Мәтін ішінен синоним сөздерді теріп жазу.

«С. Көбеев атындағы №56 жалпы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Тақырыбы: Синонимдер

Орындаған: Утенбаева Н.А



2013-2014 оқу жылы Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Синонимдер можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 413 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar