Меню
Назад » » »
Слесарьлық темір арасының құрылысы мен қызметі
загрузка...

загрузка...
Рысбеков Мұса Тағайұлы,
№ 21 жалпы орта мектебінің технология пәні мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Слесарьлық темір арасының құрылысы мен қызметі

Сабақтың мақсаты: оқушыларды слесарьлық темір араның қызметі мен құрылыстарын таныстырып, арамен металл кесу әдістерін үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, төзімділікке, бауырмалдылыққа, еңбексүйгіштікке баулу.
Көрнекі құралдар: плакат, бүктеме, суреттер.
Пәнаралық байланыс: Математика, физика, химия.
Құрал-саймандар: ара қысқаш, сызғыш, темір сызғыш.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеу, назарын сабаққа аудару, көрнекі құралдар дайындау. Сақтық ережесін еске түсіру.
2. Өткен тақырыпты қайталау:
- Өткен тақырыбын кім айтады?
- Қандай слесарьлық құралдарды білесіңдер?
- Шеберханадағы құралдар қандай ақаулармен кездеседі?
- Балғаның ақауын жөндеу жұмысын кім көрсетеді?
- Шапқымен темір сызғыштың ақауларын ненің көмегі арқылы жөндейміз?
- Шарықтау станогындағы қауіпсіздік ережесін анықтаңдар?
- Қайшыдан кездесетін ақауларды жөндеу жұмысын кім көрсетеді?
- Егеулерде қандай ақаулар кездеседі?
Таратпа кестелер арқылы өткен сабақты қорытындылау.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Слесарьлық темір арасының құрылысы мен қызметі.
Бүгінгі жаңа сабағымызда слесарьлық темір араның құрлысы, қызметімен танысып, кесу әдістерін үйренеміз. Слесарьлық темір ара- темірлерді бөлшектеп кесуге арналған құрал. Араның түрлеріне келетін болсақ, қол ара, екі қолды ара, темір кесетін ара. Ағаш шеберханасында біз екі қолды арамен қол араны ағаштарды кесуге пайдаланамыз. Ағаш шеберханасында ағаштарды аралаймыз деп, ол темір шеберханасында темірлерді кесеміз деп айтамыз. Слесарьлық араның құрылысына келетін болсақ:
1. Сабы
2. Жақтауы
3. Бекітуші басы
4. Бекітуші гайкасы
5. Ара жүзі.
Ара жақтауының екі түрі болады. Біріншісі жылжымалы, екіншісі жылжымайтын бітеу түрі. Біз слесарьлық жұмыстарда көбінесе жылжымалы түрін пайдаланамыз, өйткені араның бұл түріне әр түрлі ұзындықтағы ара жүзін бекітуге болады. Ара жүзінің ұзындықтарына келетін болсақ, олар 205-300 мм ұзындықтарда болады. Металдарды кесу жұмысы кезінде ара жақсы кесу үшін жүзін жақтауына дұрыс орналастыруымыз керек. Ара жүзін жақтауға бекіткен кезде ара тісі құралдың алдыңғы жағына қарай бағытталып бекітілуі тиіс, өйткені жұмыс араның алдыңғы жағына қарай демеп кесеміз. Ара жүзін бекіту кезінде тартушы винтті аса қатты немесе бос бекітілмеуі керек, ондай жағдайда жұмыс кезінде ара жүзі сынып, жарақат алуыңыз мүмкін. Жұмыс орнында адамға кедергі келтіретін артық зат болмауы керек. Кесілетін металды қысқышқа бекіткен кезде, белгілі сызығы қысқыштың жиегінен 10-30 мм қашықтықта бекітілуі тиіс. Қысқышқа бекіту кезінде мықты бекітіңдер. Кесу жұмысы кезінде ара жүзін қимылдамау үшін жұмыс барысында өзімізге қарай 2-3 рет тартып. Содан кейін бір қалыпта түзу тарта отырып жасаймыз. Металдардың қасиетіне байланысты минутына 30 дан 60 ретке дейін қозғалыс қажет. Темір қалдықтарын үрлеп немесе қолмен сипауға болмайды. Ол көзге түсіп жарақаттайды немесе қолыңды жарақаттайды. Кейбір жағдайларда ұзын жалпақ металдарды кесу кезінде ара жақтауы бөгет болады. Ондай жағдайда ара жүзін босатып 900-қа бұру арқылы кесеміз.
4. Жаңа тақырыпты бекіту.
- Слесарьлық темір араның атқаратын қызметі?
- Араның қандай түрлерін білесіңдер?
- Ара жақтауының қандай түрлерін білесіңдер?
- Ара жүзін бекіту жұмысын кім көрсетеді?
- Ара тісі құралдың қай бөлігіне қарай бағытталып бекітілуі тиіс?
- Материалдық қысқышқа бекіту жұмысын кім көрсетеді?
- Слесарьлық темір арамен кесу кезіндегі қауіпсіздік ережесі?
- Слесарьлық арамен кесу жұмысын кім көрсетеді?
Таратпалы кестелер арқылы оқушылардың жаңа сабақтан алған
білімдерін тексеру.
5. Оқушылардың білімі мен еңбегін бағалау.
6. Тәжірибе жүзінде жұмыс істеу.
Оқушыларға слесарьлық темір арамен трубадан сақина кесу және жалпақ темірді кесуді тапсыру. Олардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауларын қадағалап, жұмыстарына көмек беру.
Жеке жұмыс. 2 оқушыға темір араны жинау жұмысын тапсыру және арамен жұмыс жасауды үйрету.
7. Қорытындылау.
Бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау? Слесарьлық арамен қандай жұмыстар жасауға болады? Ара жүзі қандай ұзындықтарда болады?
8. Оқушылар еңбегін бағалау.
9. Жұмыс орнын жинастыру.
Артығын сызып таста.
Араның құрлысы
Жақтау
Табаны
Сабы
Бекітуші басы
Гайкасы
Таспа
Жүзі Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Слесарьлық темір арасының құрылысы мен қызметі можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 271 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar