Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Солтүстік  Американың  халқы  және  саяси картасы. Америка  Құрама  Штаттары -

Солтүстік Американың халқы және саяси картасы. Америка Құрама Штаттары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4835 | Размер: | Автор: Публикатор
. Тоқхожаева Айбаршын,
№15 жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі.
Мақтарал ауданы
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Американың халқы және саяси картасы. Америка Құрама Штаттары.

Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларды Американың халқы мен елдерін таныстыру, елдің экономикалық жағдайымен алатын орнына, ірі мемлекеттеріне тоқталу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың баяндау білу, есте сақтау, ойлау қабілеттерін, картамен жұмысты дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды басқа мемлекеттермен таныса отырып, олардың туған елге деген сүйіспеншілігін ояту арқылы бірін – бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Солтүстік Американың саяси картасы, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар, слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу
2. Оларды түгендеу.
3. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
4. Топқа бөлу: 1. Америка Құрама Штаты
2. Канада
3. Мексика

Өткен сабаққа шолу: «Кім жылдам» ойыны.
1. Америка Құрама Штаты тобы.
1. Арктикалық шөл зонасындағы өсімдіктер мен жануарлар.
2. “Прерий” сөзінің мағынасы.
3. Ылғалды мәңгі жасыл ормандар жануарлары.
4. Канадада тіршілік ететін солтүстік бұғысының түрі.
5. Тайга зонасының топырағы.
2. Канада тобы.
1. Тундра зонасының өсімдігі мен жануары. 2. “Суккулентті” өсімдіутер қай зонаға тән? 3. Американың шығысындағы ормандарда қалталы жануар. 4. Солтүстік Америка прерийлерінің топырағы қандай? 5. Саванналар мен ылғалды мәңгі жасыл ормандар өсімдіктері.
3. Мексика тобы.
1.Тайга жануарлары . 2. «Суккулент» сөзінің мағынасы. 3. Қоңыр топырақты жалпақжапырақты ормандар өсімдігі. 4. Саванналар мен ылғалды мәңгі жасыл ормандар жануарлары. 5. Прерий өсімдіктері.
«Сандарда сөйлейді» ойыны.
51м 24,2млн км2 1492ж 2млн 176 мың км2 1914ж
6193м 1849ж -700 6420км 86см



Жаңа тақырып: Солтүстік Америка халқы мен елдері. АҚШ.
Жоспар: 1. Кіріспе.
2. Халқы мен елдері.
3. АҚШ.
4. Канада.
5. Орталық Америка елдері.
Кіріспе: (слайд және карта арқылы мұғалімнің түсіндіруі)





Қазіргі кезде Солтүстік Америка халқының саны 450 млн –ға жуық. Материктің байырғы халқын монғол нәсіліне жататын үндістер мен эскимостар құрайды. Бұл халықтар Азиядан Солтүстік Америка шамамен осыдан 25-40 мыңдай жыл бұрын материкті Еуразиямен жалғастырып тұрған Берингия құрлығы арқылы қоныс аударған.
ХVI ғасырдың басында Американы жаулап алу басталды. Нәтижесінде бағынып, құл болудан бас тартқан үндістер құнарлы жерлерден қудаланды. Олар еуропалықтар әкелген жұқпалы аурулардан жаппай қырыла бастады. Ннәтижесінде Кариб теңізіндегі аралдардың байырғы халқы (карибтар) ХVII ғасырда түгелге жуық жойылып кетті. Қазіргі кезде материкте 15 млн –дай үндістер қалды. Еуропа басқыншылары үндістерден босаған жерлерді плантацияларда жұмыс істеу үшін Африкадан құлдар әкеле бастады. Қазіргі кезде Солтүстік Америкада 20 млн ға жуық негрлер тұрады.
Солтүстік Американың негізгі халқын Еуропадан, әсіресе Ұлыбритания мен Франциядан қоныс аударғандар құрайды. Олар негізінен материктегі ірі мемлекеттер – Америка Құрама Штаттары мен Канадада тұрады. Халықтың басым көпшілігі ағылшын тілінде сөйлейтіндіктен, материктің бұл елдер орналасқан бөлігін Ағылшындық Америка деп атайды. Америка Құрама Штаттарының халқы нәсілдік және ұлттық айырмашылықтарына қарамастан америкалалықтар деген жалпы атпен аталады.
Халқы латын тілдерінде сөйлейтін Мексика жері мен Кариб теңізі аралдары Оңтүстік Америкамен бірге Латын Америкасын құрайды. Мұнда испандар және португалдардың басқа халықтармен некелесуі нәтижесінде Американың жаңа халқы: мулаттар, самбо, метистер қалыптасты. Табиғат жағдайлары мен игерілу тарихына байланысты халық әркелкі қоныстанған.
Солтүстік Америкада дүние жүзіндегі ең дамыған ел Америка Құрама Штаттары орналасқан. АҚШ –тың материктегі бөліктерінің аралығында Канада, ал оңтүстігінде Мексика орналасқан. Орталық Америка мен Кариб теңізі аралдарын кішігірім елдер алып жатыр.
Америка Құрама Штаттары. АҚШ жерінің ауданы (9 млн 363 мың км) жөнінен Ресей, Канада, Қытайдан кейінгі 4-ші орын алады. Бұл елдің жері материктік екі бөліктен және Тынық мұхиттағы Гавай аралдарынан тұрады. Әкімшілік құрылымы 50 штаттан, Вашингтон қаласы мен Колумбия округінен тұратындықтан ел Америка Құрама Штаттары (АҚШ) деп аталады. Астанасы Вашингтон қаласы.
АҚШ жерінің табиғаты алуан түрлі. Оның көпшілігі қоңыржай және субтропиктік белдеулерге сәйкес келеді. Батыстағы Кордильера мен шығыстағы Аппалач тауларының аралығында Ұлы және Орталық жазықтар орналасқан. Мексика шығанағы жағалауы мен Флорида түбегін ойпаты жағалық жазықтар алып жатыр. АҚШ жері арқылы Солтүстік Америкадағы ең ірі өзен Миссисипи ағып өтеді, ал Канадамен шекаралас аймақта Ұлы көлдер шоғырланған.
АҚШ –тың шаруашылығы сан –салалы, ең жетекші сала – машина жасау өнеркәсібі. АҚШ –тың 125 қаласында автомобиль шығарылады. Детройт қаласын «автомобильдер астанасы» деп атайды. Батыстағы Лос- Анджелес қаласы ғарыштық техника мен электроника орталығы болса, Сиэтл қаласында алып «Боинг» ұшағы жасалынады. Елде жылу –энергетика, химия өнеркәсібі, қара металлургия, жеңіл өнеркәсіп жақсы өркендеген.
АҚШ халқының саны (290 млн-ға жуық) жөнінен дүниежүзінде 3-ші орын алады.АҚШ халқының ¾ -і қалада тұрады, елде жалпы саны 9 мыңдай қала бар. Ең ірі қаласы Нью- Йорк аспанмен таласқан биік үйлермен ерекшеленеді, қалада БҰҰ –ның ғимараты, ірі банктер, дүкендер бар.

Жаңа сабақпен өткен сабақты байланыстыра отырып ойындар ойнату.
1. Картамен жұмыс.
2. Географиялық сөздіктер.
3. Адасқан обьектілер.
4. Постер қорғау.
5. Ең, ең, ең.
Картамен жұмыс.

Берілген обьектіні кардан тауып, ілу сәті.

Географиялық сөздіктер.
Кордильер Сьерра Морена Ураган Миссури
Ниагара Прерий Суккулент Торнада Вигвам


«Географиялық термин сөздерді» айту кезеңі.

Адасқан обьектілер.
Ең ұзын және енді тау өзен
Панама ғалым
Колумб Кордильера
Канада шың
Торнадо мемлекет
Мак-кинли құйын
Қойөгіз шалғын
Вашингтон ұшақ
Прерий қала
Миссисипи сарқырама
Бойнг канал
Ниагара жануар

Адасқан обьектілерді сәйкестендіру сәті
Постер қорғау.
1 топ - Америка Құрама Штаты
2 топ - Канада.
3 топ - Мексика.

Оқушылардың постер қорғау кезеңі.
Сергіту сәті
(Өлең жолдарын құрау)
................ .............. баламын,
................ .............. боламын.
.......................................... келемін,
........................................... сенемін.

«Сергіту сәті» өлең шумақтарын құрастыру
Ең, ең, ең ....
1. Ең үлкен мемлекет. Ресей
2. Ең үлкен арал. Гренландия
3. Ең үлкен түбек. Арабия
4. Ең енді тау. Кордильера
5. Ең үлкен, әрі терең шатқал. Колорадо
6. Ең ұзын жер асты үңгірі. Флинт-мамонт
7. Ең биік сарқырама. Анхель
8. Ең суы мол өзен. Амазонка
9. Ең биік, әрі ірі тау көлі. Титикака
10. Ең ұзын өзен. Ніл
11. Ең құрғақ материк. Аустралия
12. Ең терең шұңғыма. Мариана
13. Ең суық материк. Антарктида
14. Ең терең көл. Байкал
15. Ең үлкен көл. Каспий

Бағалау: Топтағы бағалаушылар өз тобындағы оқушылардың бағаларын жеке-жеке айтып, мұғалімге тапсырады. Оқушылар кестені толтырып, мұғалімге тапсырады.

НЕНІ БІЛДІМ? НЕ ҮЙРЕНДІМ? НЕНІ БІЛГІМ КЕЛЕДІ?


Кері байланыс: Оқушылар өздерінің бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, смайликтерге жабыстырады.

Кері байланыс

Үйге тапсырма: Солтүстік Америка елдері тақырыбын оқып, мазмұнын айту. Елдерді кескін картаға түсіріп, астаналарын жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.