Меню
Назад » » »
СПОРТТЫҚ ОЙЫН:БАСКЕТБОЛ; ШАБУЫЛДАУДЫҢ КОМАНДАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ.
загрузка...

загрузка...
СПОРТТЫҚ ОЙЫН:БАСКЕТБОЛ; ШАБУЫЛДАУДЫҢ КОМАНДАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ.

Шымкент қаласы, №28 жалпы орта мектептің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

КЕРИМБАЕВ НАДИРХАН КАРАЖАНОВИЧ

Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын:Баскетбол; Шабуылдаудың командалық жүйесі.
Сабақтын мақсаты; Жастарды спорт және баскетбол ойындарына бейімдеу,баскетбол ойын ережелерін толық түсініп орындай білу.

№ Сабақтың мазмұны Уақыт мөлшері Әдістемелік нұсқаулық
13 минут аралығында
Дайындық бөлімі

Сапқа тұру, рапорт қабылдау, сәлемдесу, сабақтың мақсатын түсіндіру. 1 мин
30 сек Сапқа тұрғанда, рапорт бергенде, сәледмескнде, нақты болу керек. Спорттық киімдеріне көңіл бөлу керек.
Бір орындағы бұрылыстар (оңға, солға, кері бұрылу), спорт алаңда айнала жүру, аяқтың ұшында, өкшеде табанның сыртқы және ішкі жағында жүру. 1 мин
30 сек Бұрылыстарды орындағанда, жүгіргенде, жалпы дамыту жаттығуларын дұрыс жасауын қадағалау. Бірінші мұғалім өзі көрсету керек.
Спорт алаңда айнала жеңіл жүгіріспен жүгіру, тізені көтере жүгіру, аяқты артқа қарай көтере жүгіру, оң және сол иық жақтарымен алға алып жүгіру, (2,3 рет), бір қалыпты жүгіру, дем алуды реттеу жаттығуларын жасау. 5 мин
Жалпы жетілдіру жаттығулар.
Ортадан 3-н сап түзеу
1-жат. Б.қ.аяқ алшақ, қолды иыққа қойып, алға, артқа айналдырамыз.
1-2 алға қарай.
3-4 артқа қарай.
2-жат. Б.қ. аяғы алшақ қолды көкірек тұсында ұстаймыз.
1-2 қолды айқастыра сермейміз.
3-4 қолды жоғары көтеріп сермейміз.
3-жат. Б.қ.қол жанына.
1. Сол аяқ алға, аяқ астына шапалақ
2. Б.қ.
3. Оң аяқ алға, аяқ астына шапалақ
4. Б.Қ.
4-жат. Б.қ.сол тұрыста сол қол жоғары.
1-2 оңға қарай еңкею.
3-4 солға қарай еңкею
5-жат. Қолды белге, денімізді тік ұстап, тізені бүкпей белді айналдырамыз.
1-4 оң жақтан айналдырамыз.
6-жат. Б.қ. аяқты қосып тұрамыз
1. Қолды жоғары көтеріп артқа шалқаймыз
2. Алға еңкею, тізені бүкпеу
3. Отыру, қолды алға созу
4. Қ.ж.
7-жат. Б.қ. аяқты иық деңгейінде алшақ қоямыз.
1. Алға еңкейін, қолдың ұшына оң аяқты тигіземіз.
2. Ортаға тигіземіз, тізені бүкпейміз.
3. Сол аяққа қол ұшын тигіземіз.
4. Б.қ.
8-жат.Б.қ..орында тұрып секіріу.
1. 1-3 орында тұрып жоғары қарай секіру, 4 айналып секіру.
2.1-4 оң аяқты көтеріп секіру, 4-8 сол аяқты көтеріп секіру, 8-12 қос аяқтап секіру.
9-жат.Б.қ..қолды алға созып, оң аяққа отыру, сол аяқты жанымызға созамыз.
1-2 оң аяққа отыру, 3-4 денені көтеріп сол аяққа ауысу.
10-жат. Ұлдар – 20 рет денені жерден көтеру.
Қыздар – 15 рет қолды алға созып отырып-тұрады.
Үш қатардан бір қатарға жүру. 5 мин

8-10 рет

6-8 рет

10-12 рет

8-10 рет

10-12 рет

8-10 рет

10-12 рет

10-12 рет

10-12 рет

Иықты айналдырғанда денені тік ұстау керек

Тізені тік ұстау керек

Еңкейгенде қолды тік ұстау керек

Белді айналдырғанда денені тік ұстап, тізені бүкпеу керек

Еңкейгенде тізені тік ұстау керек және отырғанда денені тік ұстау керек

Егер еңкейгенде тізені бүкпеу керек

Отырғанда денені тік ұстау керек

Отырғанда денені тік ұстау керек.
Негізгі бөлім

Доп салуды орындауға дайындық команданың шабуылдағы ойыншының негізгі мазмұның құрайды,ал торға дәл түсіру – оның басты мақсаты.Жарыста нәтижелі қатысу үшін әрбір спортшы тек доп беруді,қағуды,жүргізуді қолдануды ғана емес,сондай-ақ түрлі бастапқы қалыптардан,қарсыластыру қарсы әрекетінде кез-келген қашықтықтан доп салуды орындап,торға дәл шабуыл жасауды білуі тиіс.Ойынның ауыспалы жағдайы мен шабуылдау үшін әрбір қолайлы сәтті пайдалануға тырысу. Ойыншының өзіндік қабілеті мен ерекшелігін қарай лақтыруды орындау.
Ықшамдалған ережемен баскетбол ойнау,Эстафеталық ойындар 17 мин

10 мин Оқушыларды баскетбол әдісіне үйрету. Допты қалай қабылдау және беру әдістерін үйрету.

Қорытынды
бөлім Оқушылардың саппен жүргізіп, терең тыныс алу және дем алуын реттеу жаттығуларын жасату, оқушылардың дене қызуын бастапқы, қатыпты жағдайға келуге жағдай жасау. Оқушылардың көңіл-күйін аудару ойындары. Сапқа тұрғызып сабақты қорытындылап, бағалау. Ұйымдасқан түрде залдан шығу. 5 мин

3

2 Оқушылардың демалуын реттеуге аса мән беріліп, келесі сабаққа дайын болуы керек. Оқушының қимыл-қозғаласына, іс-әрекетіне талабына қарап бағалануы керек. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему СПОРТТЫҚ ОЙЫН:БАСКЕТБОЛ; ШАБУЫЛДАУДЫҢ КОМАНДАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 383 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar