Меню
Назад » » »
Сс дыбысы мен әрпі.
загрузка...

загрузка...
Күні: 14.10.2014ж Пәні: Сауат ашу
Сыныбы: 1 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Сс дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға С с дыбысы мен әрпін таныту. С с дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру. Балалардың дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы білімдерін толықтыру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік:
Сызба арқылы сөз, сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру, сөз сызбасымен ондағы буын санын анықтай білуге үйрету. Тақырыптық суреттер бойынша әңгіме құрастыруға баулу.
Дамытушылық:
Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі сөйлеуге баулу. Сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, спортқа баулу. Достық қарым−қатынасқа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: 1. С с дыбысы мен әрпін меңгереді.
2. С с дыбысына байланысты жаңа сөздермен танысады.
3. Дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы білімдері толықтырылады.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: Автор орындығы, миға шабуыл, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, компьютер, интербелсенді тақта, видео көрініс, интернет желісі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау. Ынтымақтастық атмосферасын құру. /бейне көрініс/
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
«Автор орындығы» әдісін пайдаланып, допты лақтырып сұрақтар қоямын.
Мәтінмен жұмыс. «Орман»
Орман мәтінінде не туралы жазылған?
Орманға кімдер барды?
Балалар қандай жағдайға тап болды?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Миға шабуыл:
Оқушылар интербелсенті тақтадан бейне роликті көреді. Балалар мына бейне роликтегі кейіпкер кім?
Бұл сайқымазақ.
Сайқымазақ деген кім?
Оқушылар жауап береді.
Сайқымазақ сөзін буынға бөлейік.
Сайқымазақ сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
Балалар бүгінгі тақырыбымыз Сс дыбысы мен әрпі.
Ал енді с дыбысынан басталатын сөздерге арнайы жасалған видеоны көрейік.
Оқушыларға видеодағы сөздерді қайталатып, буынға бөлгіземін.
Дыбыстың сөз басында, ортасында, аяғында келетініне мысалдар келтіру.
С дыбысы мен ш дыбысының ұқсастығын айтамын.
Гүл -өседі,
От-өшеді
Ағашты кеседі,
Суды кешеді.
Киімді-пішеді.
Сабаны-піседі.
Еңбек есеслі келеді.
Қарттар көшелі келеді.
Әр елдің көсемі болады,
Суырылған шешені болады.
Оқулықпен жұмыс.
Жаңа сөздер тізбегімен жұмыс.
Сабақ, сағат сөзіне дыбыстық талдау жасау. Осы сөздерге сөйлемдер құрау.
С с дыбысына анықтама беру.

С с − дауыссыз дыбыс.
Жаңа сөздер (таныс емес сөздерге түсінік беру).
Сана сағат самал бас
Саба сабақ маса дос

Сөзжасам
Сап – сапта аш –ашпа сал – салма
Қап – қапта қаш – қашпа қой – қойма
Сергіту сәті:
Достар биі.
Дәптермен жұмыс:
Байланыстыра жазу.
Ауада жазу.
ІҮ. Сабақты бекіту:
Дарынды балаларға суреттер беремін. Әрбір суреттің атауын «с» дыбысын тап та, оны орнына жаз. Суреттің астына аттарын жазып шығады.
Үлгерімі төмен оқушыларғада суреттер беремін, суреттердің атауы с дыбысынан басталатын суреттерді қаламмен қоршайды. Суреттердің атауын айтып буынға бөледі.
Ү. Сабақты қорыту:
Балалар біз бүгін сендермен қай дыбыспен таныстық?
Сс дыбысын дыбыстайықшы.
Сс дыбысы қандай дыбыс?
Сс дыбысы қандй дыбысқа ұқсайды екен?
Сс дыбысы қай үйдің тұрғыны?
ҮІ. Бағалау:
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау. Оқушыларды ынталандыру есебінде оларға смайликтер таратамын.
Кері байланыс
ҮІІ. Үйге тапсырма:
Үйге буындарды оқып, с-ш дыбысының ұқсастығын жаттап келу берілді. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Сс дыбысы мен әрпі. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 236 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar