Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құстар - біздің досымыз. -

Құстар - біздің досымыз.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1615 | Размер: | Автор: гость
. ОҚО Шардара ауданы Қазақстан ауылы №3 "Қазақстан" бастауыш мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі:
Туркменбаева Алмаш Таныркановна

Тақырыбы: Құстар - біздің досымыз.
Мақсаты: оқушыларға құстардың пайдасы туралы мағлұмат беру; құстардың түрі; тіршілігі туралы білімдерін дамыту; ата-бабамыздың құстарды қалай қастерлеп құрметтегені туралы айтып, ой-өрісін дамыту; құстарға қамқор болуға, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, құстардың суреттері, ағаш ұялар.
Сабақтың барысы: Кіріспе сөз.
Мұғалім: Көк құрақ –көлдің сәулеті,
Құс пен аң ердің дәулеті -
дегендей адамдардың хайуанаттардың ішінен ең жақсы көретіні – құстар.
Табиғатта да, адам өмірінде де құстардың мәні зор. Құстар әуезді әсем сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы көрінісімен ормандарды, саябақтарды, шалғындарды және табиғаттың сәнін келтіру арқылы адамдарды эстетикалық ләззатқа бөлейді.
Халқымыз ежелден – ақ көптеген құстарды көзінің қарашығындай аялап қамқорлыққа алған.
Ал, балалар, қандай құстарды білесіңдер?
(Балалар өздерінің білетін құстарын атайды)
1-оқушы.
Күн:
Ән құрадым үніммен,
Сән құрадым гүліммен.
Қуантамын бәріңді
Құт-береке күніммен.
Сәлем, елдің көктемі,
Әлем енді көктеді.
Құрметпенен бас идік
Құстарыңа көктегі.

2-оқушы
Қарлығаш:
Қарлығашпын, мен қарлығашпын,
Шыбын деген кеселден
Тазалаймын үй ішін
Ел аузында мақтаулы
Тазалықшымын төселген.

3-оқушы
Қараторғай:
Мен қараторғаймын,
Шегірткедей жұртыңды
Қырғи болып қиямын.
Егістікке, жайылымға
Қорғаушы боп тұрамын.

4-оқушы.
Бұлбұл:
Мен еркін бұлбұлмын
Бұлағын тасытқан ән-жырдың.
Тамаша тамылжытып шырқаймын,
Шаттығын тауыса алмай әр күннің.

5-оқушы.
Лашын:
Лашынмын, лашынмын,
Құшағымды жаямын.
Көркі болып аспанның
Шарықтаймын, қалықтаймын.

6-оқушы.
Аққу.
Құс сұлуы – аққумын,
Табиғат көрік сыйлаған.
Мылтығын кезеп еш мерген
Атуға көзі қимаған.
Нәзік үнді, көл көркі,
Құс патшасы мен болам.

Мұғалім:
Халық өз ортасынан шыққан саңлақ ұлдарын сұңқарға, төгілтіп ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, Отан үшін, ел үшін жанын қиятын батырларын қыранға, елден асқан сұлуды аққуға теңеп жатады.
Ән: Құстарым келіңдер!
- Балалар, енді осы құстардың адам өміріндегі маңызы туралы қазақ халқының мақал-мәтелдеріне зер салайық.
7-оқушы.
Ақсұңқар құстың баласы
Алдына қоймай жем емес
8-оқушы.
Аққу-қазсыз көл жетім,
Айтылмаған сөз жетім.
9-оқушы.
Өлеңге енсе – сөз сұлу,
Аққу жүзсе – көл сұлу.
10-оқушы.
Бұлбұлға бау жақсы,
Кекілікке таң жақсы.
Ер жігітке бәрінен
Туып өскен ел жақсы.

Көрініс: «Бұлбұл мен тоқылдақ».
11-оқушы. Дүние жүзінде құстардың 8600 түрі бар. Ал елімізде 500 ге жуық.
12-оқушы. Елімізде жойылып бара жатқан аң-құстарды қорғауға арналған «Қызыл кітап» бар.
Бұл кітапқа енген аң-құстарды атуға, аулауға тыйым салынады.
13-оқушы. Құстың ұясын бұзба.
14-оқушы. Жасыл шөпті жұлма.
15-оқушы. Аққуды атпа.
16-оқушы. Құстардың жұмыртқасын жарма.
«Қыран» биі
Құстар туралы халық даналығы, ырым-тыйым сөздер:
1-оқушы. Шағала келсе сең бұзылады.
2-оқушы. Қарлығаш жоғары ұшса күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
3-оқушы. Жаңбыр жауарда қарғалар шуылдайды.
4-оқушы. Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
5-оқушы. «Қарғысы қатты» деп жарқанат пен жапалаққа тигізбеген.
6-оқушы. Киіз үй шаңырағына қарлығаш ұя салса оның балапандары ұшып кеткенше көшпей отырған.
Мұғалім: көктемде құстар туған еліне қайта оралады. Енді міне қанатты достарымыз қайта оралуда.
- Құстардың қандай пайдасы бар?
- Олар ағашты, жердегі зиянды жәндіктерді жейді. Құстар ән салып, көңіліңді көтереді.
- Ағаштың қандай пайдасы бар?
- Ағаштан қағаз жасайды, үй салады, үй жиһаздарын жасайды. Ағаш жапырағы ауаны тазартады.
Ән: «Қос қарлығаш».
Балалар енді құстар туралы жұмбақтар шешейік.
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды,
Көктен жұлдыз аққандай. (Қарлығаш)

Он екі айдың біреуі,
Болған оның атында.
Өзге ұлға із тастап,
Өз атын айтып жүреді. (көкек)

Қызығып әр адам
Ұстаған даладан.
Жүнімді жұлып ап,
Бесікке қадаған. (Үкі)

Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені.
Жаздай сайран салып ап,
Қыста алыс кетеді. (Қараторғай)

Көктем жаршысы, адамзаттың досы, табиғат көркі жыл құсын қарсы алайық
Барлық оқушылар бірге:
Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап, ұқыптап
Біз оларды қорғаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.