Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құстар біздің досымыз. -

Құстар біздің досымыз.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2922 | Размер: | Автор: гость
. «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №2 балабақшасы» МКҚК
Тәрбиеші: Бақтыбаева Ғалия Жарылқасынқызы
Тобы: ІІ кіші
Білім беру саласы:Қатынас,Таным.
Бөлімі:Тіл дамыту,көркем әдебиет,қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Құстар біздің досымыз.
Мақсаты:Балаларға жалпы құстар туралы мағлымат беру .
Құстар туралы ой-өрсітерін,түсініктерін дамыту.
Балаларды отанын,жерін,табиғатын сүюге,қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:көркем сурет слайд.
Әдіс тәсілі:әңгімелеу,сұрақ-жауап ,ойын тақпақ.
Билингвальды сыңары:құс-птица,торғай-воробей,қарға-ворона,тырна-журавль, қарлығаш –ласточка,сауысқан-сорока
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Бағыт бағдар беру

Шаттық шеңбері

жақсы
Алақанды ашайқ,
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны салайық,
Жүрек жылуын салайық,
Осы жақсы лебізді,
Бір-бірімізге сыйлайық.

Ұйымдаса іздену

Билингвальды
Компанетті:

Тосын сәт

1.тапсырма

2.тапсырма

3.тапсырма Қыс мезгілінде неше ай бар?
Қыс айларын атаңдар?

Бізге кәзір қай жыл мезгілі келді?
Көктем айларын атаңдар?

Апта күндерін атаңдар?

Бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіміз:
Тіл дамыту,көркем әдебиет,
қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы:Құстар біздің досымыз.
Құстар –адамға дос. Табиғаттың бір бөлшегі ,құстарға ұя жасап
қамқорлық көрсетуіміз қажет,
Құстар ағаштарды ,егістіктерді құрттан тазалайды ,сайраған құстардың дауысы әдемі сондай тамаша .
Балалар –құстар үй құстары және дала құстары болып
бөлінеді.
Үй құстарын атаңдар?

Үй құстарына қандай күтім жасайды ?

Үй құстарының адамдарға қандай пайдасы бар?

Табиғатта өздері тіршілік ететін құстарды –дала құстары деп атаймыз.Біздің халқымыз өз ортасынан шыққан саңлақ ұлдарын –сұңқарға теңеген,
Төгілтіп ән шырқайтын әншілерін –бұлбұлға,
отаны үшін,елі үшін жанын қиятын батырларын –қыранға елден асқан сұлуларын –аққуға теңейді.Құстардың атын әнге қосады.
Құстардың сайраған үні!

Балалар құстарды атайықшы?

Құс ханшайымы келеді. (қолында жұмыртқасы бар .)
Балалардан анасы жараланып қалғандықтан ,балапанын жұмырқадан шығаруына көмектесулерін сұрайды.Құстар ханшайымы жұмыртқаның сыртындағы тапсырманы орындаса балапан аман –есен шығатынын айтады .

Құстарды атау, сипаттау .
Қарға

Қарлығаш

Тоқылдақ

Тырна

Жұмбақты шеш.
1.тұмсығы қашау,кәсібі-ұя жасау,ағаштарды қорғап,
Зиянкестерді асау.

2.балалар мен достасып ,жазда бақты қорғайды ,күзде кетер достасып ,кім біледі ...

3.көкте ұшады тізіліп ,
Біз қараймыз қызығып .

4.құйқылжытып дала күйін ,
Үй ішіне салады үйін.

5.күндіз соқыр не деген ?
Түнде қандай көреген.

Д/о Өз мекеніне қарай құстарды орналастыр.
Шарты:құстарды өз мекеніне
Орналастыра біледі. Үш ай бар
Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Көктем

Наурыз, сәуір, мамыр
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма ,сенбі, жексенбі

Әтеш, тауық, қаз , үйрек
Адамдар үй құстарына күнделікті жем, су беріп , жылы қорда ұстайды.
Етін, жұмыртқасын жейді, жастық жасайды.

Торғай-воробей, қарға-ворона, тырна-журавль, қарлығаш –ласточка,сауысқан-сорока, көгершін-голубь, тоқылдақ-дятел, бүркіт-орел, үкі-сова

Балалар жұмыртқадағы балапанға көмектесуге ниет білдіреді.

Қарға қыстап қалатын құс, денесі үлкен, тұмсығы ұзын, жемді тұқмсығымен шоқиды.
Жылы жаққа ұшып кететін құс, ұясын адамның үйіне салады, адамға дос.
Ормана мекендейді, ағаштарды құрттан емдейді.

Өзі үлкен, аяғы ұзын, түсі ақ, жылы жаққа ұшып кетеді.

Тоқылдақ

Торғай

Тырна

Қарлығаш

Үкі

Тауық, қаз, үйрек. Әтеш
Дала құстарры: тоқылдақ, көкек, торғай, қарға.
4.тапсырма Тиым сөздер

Құстардың ұясын бұзба.
Құстардың балпанына тиіспе.
Құсқа тас лақтырма
Сергіту с әті

5.тапсырма
С.Р.О

Ойын

Қорытынды



Қарлығаш пен дәуіт
ертегісін сақыналау.
Шарты:Рөлдерде балалар орындайды.
Қарлығаш ағаш басына ұя салып, балапанын шығарады. Анасы азық әкелуге кеткенде ұясына бір жылан өрмееп барады. Мұны көркег қарлығаш балапанына арашашы іздейді: Ұшып көкекке барады
-Көкек, көкек, қайырымды көкек, балапандарымды жылан жейін деп жатыр, маған көмек бере көр.
Қарлығаш ұшып қарғаға келеді
-Қарға, қарға досым маған көмек бер, балапандарымды жылан жегелі жатыр дейді қарлығаш.
Қарлығаштың амалы таусылып шырылдап ұшып келе жатады.
Дәуітті кездестіреді.
Мен қалай жыламайын, жауыз жылан балапандарымды жұтпақшы болып ұяма өрмелеп келе жатыр. Қайда барамын? Не істеймін? Не көкек, не қарға жылынсамда көмекке келмеді.
Қарлығаш қанатына дәуіітті өтырғызып екеуі көзді ашып жұмғанша ұяға жетті, қайсар дәуіт ұяға жетіп қалған жыланның көзін шұқып құлатып жіберді. Сөйтіп балапандарды аман алып қалды. Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болды.

Құс ханшайымы келіп жұмыртқаның ашылып, балапан шыққанын көріп балаларға алғыс айтып, анасына апарып беретінін айтып шығып кетеді.

Ұшты-ұшты ойыны.
Шарты: ұшатын құс пен ұшпайтын заты ажыратып атайды.
Балалар құстар туралы тақпақ
Айтып беріңдеші:

Ерали

Ангелина

Сағыныш

Әліби

Рамазан

Бірге

Тәрбиеші сұрақ-жауап арқылы
Балалардан бүгінгі сабақтан қандай нәтиже алғандарын тексереді.
Табиғатты сүю парыз ,
Сүю үшін қорғау парыз,
Табиғатсыз күнің жоқ
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ
Қане қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық
Орнымызға қонайық
Қарлығаш боп ұшайық
Торғай болып қонайық
Сауысқан болсып секіріп
Тоқылдақ болып шоқиық

Көкек: Мені бүркіт қонаққа шақырып еді уақытым жоқ,

Қарға: Мен үйленгелі жатырмын мазамды алма дейді,

Дәуіт: Не болды қарлығаш неге жан ұшырып жүрсің?

Олай болса мен көмек берейін, мені тезірек ұяңа же
ткіз дейді дәуіт.

Балалар қызығып ойнайды.

Шыр шыр еткен торғайды
Қорғамасақ болмайды
Кіп кішкентай торғайлар ағаштарды қорғайды

Таспен атып торғайды
Ұя бұзған оңбайды
Құс өкпелеп кетеді
Бақшамызға қонбайды

Құстар біздің досымыз
Бау бақшаны қорғайды
Ұя жасап қарсы алсақ
Құстар бізді қолдайды

Құрт іздеп інінен
Қарағайды үңгіген
Тоқылдақ құс дәрігер
Қашанда ол әбігер

Үкі едім түнде ұшып қалықтаған
Құртудан зиянкесті жалықпаған
Үкімді киелі деп
Бұрыннан адам тағып алған

Біз әдепті баламыз
Жайнай берсін даламыз
Табиғатты сүйеміз
Қамқорлықпен қорғаймыз

Балалар жауап бере білді.
Күтілетін нәтиже.
1.Жалпы құстар туралы білімдерін кеңейту.
2.Табиғатқа ,қоршаған ортаға сүйспеншілікке тәрбиелеу.
3.Құстарды ажыратып атау, қамқор болу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.