Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Оңтүстік Қазақстан облысы
Сайрам ауданы Манкент ауылы
№64 Ш.Рашидов атындағы жалпы орта мектебінің
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Кошакова Феруза Юсановна
Ұстаз
Ұстаз- ең алдымен оқушы үшін, білім нәрін құюшы, ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог. Ұстаз әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігінен сездіре алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт бере алатын ұлы тұлға «Бұлақ көрсең - көзін аш» дегендей, оқушылардың бойындағы қабілетін, қасиеттерін аша білу -әрбір ұстаздың міндеті, бүгінгі заманның талабы. «Балалардың бойындағы ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар»-деп Т. Фуллелр айтқандай, бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу- бүгінгі заманның талабы, яғни, ұстаздан шәкірт озады демекші, шәкіртің озса, ұстаз арманының орындалғаны. Елбасы халықтың әл-ауқатын жақсартып, әсіресе, білім сапасына үлкен көңіл бөлуде. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдері бойынша оқушыларға сабақты қалай оқу керектігін түсіндіреміз. Сабақты тек қана лекция түрінде емес, оны диалог, экскурсия, ойын, пікір талас тағы басқа да әдістер мен де өтуіміз керек. Сонда оқушылар сабағымыздан жалығып зерікпейді, керісінше, олар біздің сабағымызды аса күтіп отырады. Ол үшін біз әр сабағымызды дұрыс жоспарлап барлық жағына мән беруіміз керек. Мысалы:психологиялық ойындар, бір-біріне жақсы тілектер, тағы басқа жолдар мен оқушыларды сабаққа деген қызығушылығын арттырып, әр сабақта әртүрлі жолмен топқа, жұпқа бөліп сабағымызды жалғастыруымыз керек. Сонда оқушылар сабағымызға қызығады. Мұғалімдері қандай болса, қоғамы да сондай болмақ,- деген бұлжымыс заңдылық ерте уақыттардың өзінде –ақ белгілі болған. Осыдан келіп, білім беру мен ғылым қызметкерлерінің қазіргі кездегі рөлі мен беделі еліміздің түрлі жиындарында ерекше атап көрсетіліп жүр. Оның ішінде , мұғалімі – ерекше тұлға. Өйткені ол - балалар мен үлкендер арасындағы сарапшы. Сондай-ақ ол баланың психикалық құпияларын жетік біле отырып, білім беремін, адам болуға үйретемін.
Ұстаздың кәсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы; екіншіден, пәнді жетік білуі, ойын оқушыларға толық жеткізу үшін жан-жақты қасиеттерді сіңіруі; үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеруі тиіс. Ұстаз көп біліп қана қоймай, сол білгендерін оқушыға бере білуі қажет. Ұстаз шеберлігінің тағы бір ең басты қасиеті - әдеп. Әдеп – мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан қарағанда педагогикалық әдеп мұғалімнің жан-жақтылығының, оның идеялық сенімінің, жүріс-тұрыс мәдениетінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістері қорының жиынтығының айнасы болып есептелінеді, ең маңыздысы мұғалім оқушыларды жақсы көріп, оларды сыйлап, басқаларға үлгі болуы керек деп ойлаймын..
Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кетсем де, көңілдегі арман толастамай, толқу мен қуаныш қатар алмасып, « мектеп» деген үлкен дарияда жүзіп келе жатқаным - өз мамандығымды шексіз сүюден болар. Біріншіден - өз мамандығымды сүйдім, сол өз мамандығымды сүю арқылы өз шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып, оларды өз ісіме сүйсіндіре білдім.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.