Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұстаз – қасиетті тұлға. -

Ұстаз – қасиетті тұлға.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1113 | Размер: | Автор: Публикатор
.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қожакент ауылы

№ 184 негізгі мектебі

Физика пәнінің мұғалімі

Маханова Айдана Рысбекқызы

 

Тақырыбы: Ұстаз – қасиетті тұлға.

Мұхаммедкәрім: Қымбатты Ұстаздар!

Егер шәкірттік жылдарымыздың балдәурен балалық сезімге толы парақтарын бүгінгі есейген, ес тоқтатқан болмыс-бітімімізбен тағы да бір ой елегінен өткізіп, сараптап отырсақ,  соның әр бетінде көзге ыстық, көңілге жылы көрініп ұшыраса беретін аяулы бір бейне бар ол-Өзіңіз.

Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.

Ұстаз болу-жүректің батырлығы,

Ұстаз болу-сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу- мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы- деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.

Балнұр: Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Б. Момышұлы «Ұстаздық- ұлы құрмет». Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген.

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана- сезімді сіңіруші адам-Мұғалім.

 Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де баөытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем  депжүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп абай атамыз айтқандай,ұстаз еңбегінің қыры-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Олай болса құрметті ұстаздар төл мерекелеріңіз құтты болсын!

Мектеп оқушыларыдайындаған  «Ол- Ұстаз» атты бейнеролигі

көрсетіледі.

                    

 

Балнұр: 4-сынып оқушысы Шәді Нұрасылдың орындауында «Ұстазым» әні.

Мұхаммедкәрім: Мектебіміздің 2011-2012 оқу жылының түлегі Серікбай Албинаның өз ұстаздарын құттықтау видеосы көрсетіледі.


Балнұр: 5-сынып оқушысы Төлеген Анелдің орындауында «Үнді биі»

Мұхаммедкәрім: Мектебіміздің 2011-2012 оқу жылының түлегі Сайпырхан Талшынның өз ұстаздарын құттықтау видеосы көрсетіледі.

                                           

 

 

 

 

 

 

Балнұр: 4-сынып оқушысы Әділбек Ақботаның орындауында «Мектебім  әні»

Мұхаммедкәрім: Мектебіміздің 2012-2013 оқу жылының түлегі Әділбек Ержігіттің өз ұстаздарын құттықтау видеосы көрсетіледі.

 

 

 

 

                                           

 

 

 

Балнұр: 9-сынып оқушыларның «Кел билейік» атты қойылым биі. Ұстаздарға гүл таратылады.

Мұхаммедкәрім: Мектебіміздің 2012-2013 оқу жылының түлегі Амантай Гүлмаралдың өз ұстаздарын құттықтау видеосы көрсетіледі.

Балнұр: 5-сынып оқушысы Келдібек Ұлбаланың орындауында «Ұстазым» әні, қабыл алыңыздар.

Мұхаммедкәрім: Мектебіміздің 2009-2010 оқу жылының түлегі  өз  Тұрғанбек Мұратбектің өз ұстаздарын құттықтау видеосы көрсетіледі.

Балнұр: Ән Тұрғанбек Мұхтар «Менің елім»

Мұхаммедкәрім: Қымбатты ұстаздар тағы да, төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Балнұр: Отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Қош сау болыңыздар!

Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.