Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау. -

Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1816 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы,
Сайрам ауданы,
«Төле би» атындағы шағын
жинақты жалпы орта
мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі Туктибаева
Айжан Акбаевна

Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Ж. Ж. Руссо.
Ұстаз—ұлы тұлға.
Оның негізгі міндеті шәкіртіне өз пәнін меңгерту, үйрету.
Одан да үлкен міндеті балаларды адамгершілігі күшті азамат етіп шығару. Мұғалім кәсібінің сапасы педагогтық әдеп пен ұстаздық шеберлік ұштасқанда өз нәтижесін береді. Өз тәжірибеме өзгерістер еңгізуді мақсат етіп курсқа келдім. Мен мұғалім мамандығын таңдаған уақыттан бастап, осы жолдың қиын әрі қызықты, мағыналы, аса маңызды екендігін түсіндім. Өз жұмысын кез-келген маман зор сүйіспеншілікпен орындаса, оның жемісі нәтижелі де сапалы болатыны сөзсіз. Кембридж әдістемесі бойынша оқыту бағдарламасы, заманауи педагогикалық технологиялар үнемі өз тәжірибемізді жетілдіруге зор мүмкіндік береді . Осы жаңа әдіс-тәсілдердің ерекшеліктеріне деген көзқарасым үш айлық курс бағдарламасының тыңдаушысы болғанымнан кейін өзгерді. Өйткені сындарлы оқыту теориясындағы жеті модуль өз сабақтарымда керемет ықпалдасты. Бүгінде сабақтың сапасын арттырып, терең білім беруде оқытудың әдістерін жетілдіре түсу керек деп ойлаймын.
Адамның ақыл-ойын, қабілетін, шығармашылығын дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізуге болады»-деді шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби айтқандай болашақта өсіп келе жатқан ұрпағымызды көшбасшылыққа өз ойын ашық түрде айта білуге, еліміздің туын көкке желбіретіп, оның өсіп өнуіне өз ықпалын тигізетін ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Әр баланың санасына білімді жетік жеткізу керек екенін, әр баланы жеке тұлға ретінде санау, әр баланың ойын тыңдап, оны бөлісу керек екеніне көз жеткіздім. Қазіргі заман талабына сай оқу үрдісінде көптеген жаңашыл ойлар, жаңа технологиялармен жұмыс жүргізіп, оқытқан шәкірттерімнің өмірде алатын орны ерекше болады деп ойлаймын.Осы курстағы тыңдаушылардың өмірге деген көзқарасы өзінің шәкіртіне деген мейірімі , өз мамандығына деген қызығушылығы арта түсетінін байқадым.
Курстағы оқып үйренген, алған білімімді, үйренген әдіс - тәсілдерімді өзімнің тәжірибемде қолданып, өз шәкірттерімнің өн бойында тереңде жатқан қасиеттерін аша аламын деген сенімдемін!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.