Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұстаз болу жүректің ақындығы -

Ұстаз болу жүректің ақындығы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1103 | Размер: | Автор: гость
. Жумагулбаева Улбосын Каленкызы математика пәні
Ұстаз болу жүректің ақындығы

Өмір теңіз болса гаухары мұғалім
Өмір алтын болса зергері мұғалім
Өмір ақын болса сөзі мұғалім
Өмір жүзік болса көзі мұғалім

Мен бұл тақырыпты қою мақсатым білім мен ұстаз арасындағы ажырамас, тығыз байланыс «Ұстаз болу жүректің ақындығы» деуімнің үлкен себебі бар. Саралап қарасам, даналық сөздер легі анадан кейін ұстазға арналады екен.
«Кел балалар оқылық» деп сахара төсінде шәкірттерін оқуға шақырған дала педагогы Ы. Алтынсарин, «Өнер білім бар жұрттар, тастан сарай салғызған» деп жастайымыздан білім, өнер ғана алға жетелейтінін зердемізге салған Абай атамыз, қазақ әліпбиінің негізін салған А. Байтұрсынов аталарымыздың жолын болашаққа жалғаған мұғалімдерімізді қалай мадақтасақ та жарасымды.
Ұстаз болу- жүректің батырлығы,
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу- сенімнің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
деп өлең жолдарында айтылғандай... Ұстаз білікті маман, тәрбиелі тұлға ретінде шәкірт жүрегіне білім теңізінің нәрін құя білуі керек.
«Ұстаз шәкіртке білім жолын үйретеді, білімді жан тас қамалды күйретеді.» деген нақыл сөздің түпкі мағынасына үңілсек. Егер мұғалімнің кәсіби білімі қаншалықты жоғары болса, ол оқытып, тәрбиелеген оқушы соншалықты сауатты. Осыған байланысты білім берудің негізгі мақсаты: алған білімнің кәсіби дағдыларының негізінде, өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін іске асыруға, өзін-өзі дамытуға, адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру. Осындай мақсаттарды жүзеге асыру үшін сындары оқыту теориясының атқарар қызметі үлкен. Сындарлы оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету делінген мұғалімге арналған нұсқаулықта.
«Мектеп жаны - мұғалім» деп тіл білімінің атасы А. Байтұрсынов айтқандай, ұрпаққа білім беретін мұғалім әр сабаққа шығармашылықпен дайындалуы тиіс.
Көп іздену, дайындалу, көрнекіліктер, қосымша әдебиеттерді, тиімді әдіс-тәсілдерді орынды қолдана білу негізгі мақсат. Қазіргі білім мамандарының іскерлігі, білімі мен біліктілігі, ой ұшқырлығы өте қажет. Қазіргі кезеңде білім беру саласында әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты оқушылардың дербестігін байқамау мүмкін емес. Оқушыларды шығармашылықпен байланыстыра оқыту оқушылардың жеке –дара қасиетін кеңейтеді.
Білім сапасын қамтамасыз ету жолдарының ерекшеліктері неде? Мәселе не үшін оқытамыз? деген сұраққа жауап алудан басталады. Бұл сұраққа жауап ретінде білім сапасын арттыру жолындағы еңбектерімізбен дәлелдей аламыз. Бұдан кейін шешілетін мәселе оқушыны оқуға қалай үйретеміз деген сұрақпен байланысты. Демек мұғалім негізінен оқушыларға жүйеленіп өңделген оқу материалдарын дайын күйінде ұсынбайды, баланы өз бетімен ізденуге, өзіне қажет білімді іздестіруге, керекті қасиеттерін пайдалануға жол көрсетеді. Оқушының білім сапасын қамтамасыз ету, тікелей мұғалімдердің теориалық білім деңгейіне байланысты. Сондықтан қазіргі мұғалімдер, яғни біздерге ұсыныс:
- Өздігінен білім жетілдіруге бағыт алу,
- Зерттеушілік жұмыспен айналысу,
- Оқушылармен зерттеу жұмыстарын жүргізу.
«Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп ұлы ғалым Ш. Уәлиханов айтқандай, азаттық пен егемендікті ту етіп отырған жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім қажет.Сондықтан оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісін жаңа талап тұрғысынан енгізуіміз керек.
Алдымызда отырған әр шәкіртті бәсекеге қабілетті, өмірде өзін-өзі дамытуға бейім, үздіксіз білім жүйесінде белгілі бір орынды білетін Қазақстан азаматы ретінде тәрбиелеуіміз үшін, оқушының ықыласын оятып, өзінің ғана емес, өзгенің өсуіне де ықпал ететіндей деңгейге жеткізуге тиіспіз. Мен үшін мұғалімнің міндеті міне осындай.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.