Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұстаз – үлгі, өнеге, ұлағатым Мектеп директорының орынбасары:Жаксыбаева -

Ұстаз – үлгі, өнеге, ұлағатым Мектеп директорының орынбасары:Жаксыбаева

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1449 | Размер: | Автор: гость
. БЕКІТЕМІН
Мектеп директоры А.К.Абылова

№2 Ә.Бөкейханов атындағы жалпы орта мектеп

Мерекелік іс-шара
Тақырыбы: Ұстаз – үлгі, өнеге, ұлағатым
Мектеп директорының орынбасары:Жаксыбаева Гульбахира Таскуловна

Өтілетін күні: 05.10.2013ж.
Басталуы: 1300-де



Шымкент – 2013ж.

«Ұстаз – үлгі, өнеге, ұлағатым» ұстаздар күні мерекесіне арналған іс-шараның сценарийі
Мақсаты: оқушыларға ұстаздарды құрметтеуге, сыйлауға, бағалауға, мәртебесін арттыруға үйрету. Этикалық, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Оқушыларды өнер-білімге, парасаттылыққа, әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеп жүрген ұстаздарға деген құрметті арттыру.
(Музыка ойнап, жүргізушілер ортаға шығады)

Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады

Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

І жүргізуші: Ұстаз деген –.жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген - анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
ІІ жүргізуші:
Дорогие учителя!
Каждый из нас передать вам готов
Тысячу добрых и ласковых слов
От ваших вчерашних,
От нынешних ваших,
От завтрашних ваших учеников.
Мы сегодня от имени юности нашей счастливой ....
От имени нашего звонкого детства
Все вместе вам говорим спасибо!
І жүргізуші:
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуынышқа кенелген.
ІІ жүргізуші:
Строгим и ласковым,
Мудрым и чутким,
Тем, у кого седина на висках,
Тем, кто недавно из стен институтских,
Тем, кто поведал нам тайны открытий,
Учит в труде добиваться победы –
Всем, кому гордое имя «учитель»,
Мы посвящаем концерт.
Музыкалық номер
Мәнерлеп оқу
1- оқушы
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
2- оқушы
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін, Сендерде Ұлы Отанның болашағы –

3- оқушы
Мұғалім-ұстазсың балалардың Болашақ ғалымдардың, даналардың Өмірде сенің алар орныңды Бірі де жеткізе алмас бағалардың. Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл, ой мен сана Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді Ақылшы, тәрбиеші, болдың дана.
4- оқушы
Көкірегіме нәрін құйған білімнің О. Ұстазым сырын ұқтым ұғындым Сіз мен үшін сарқылмайтын дария Әр шәкіртің мәпелеген гүліңмін. Мерекеңмен құттықтаймын ұстазым.
5- оқушы
Талдырмай жүріп қанатын, Жүрекке жол табасың. Санаға салмақ салатын, Ұстаздар керек біздерге. Қиындыққа жасымай, Жалтылдаған жасындай, Ұстаздар керек біздерге. Қиялын ұштап самғайтын, Ұрпақ ілімін жалғайтын. Қиянатқа бармайтын, Ұстаздар керек біздерге.
6- оқушы
Учителя! Они как свет в пути Какое ж нужно огромное сердце Иметь в груди, чтоб людям свет нести Чтоб след его вовеки не мог стереться!
7- оқушы
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың
8- оқушы
Сегодня славлю я учителей, Подвижников, мечтателей, поэтов, Достойных дочерей и сыновей Страны труда, родной страны моей.

9- оқушы:
Мейлі, шарлап теңіз өттім, тау бастым, Мейлі, көктің ақ бұлтына жармастым. Ақылшым да, анам болған ұстазым, Сонда-дағы сені ұмыта алмастым.
10- оқушы:
Ұстаз деген – анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сен де одан адам болып жаралдың. Ұстазыңды түсінген сен тереңнен, Бар әлемге еңбегіңмен еленген. Сенің бағың өрге қарай өрлесе, Ол да бірге қуанышқа кенелген. Сол арқылы сен де өмірді жалғадың, Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның. Мақтау алсаң ұстаздардың алдында, Ол өзіңнің орындалған арманың. Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып, Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып. Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы, Қасиеті бас иелік мәңгілік!
11- оқушы:
Учитель! Пусть Вас стократ Восславять возблагодарят И вознесут на трон из песен, Чтобы, с каждым пооленьем впредь, Вам волшебно молодеть В труде, который так чудесен! Казалось бы, одно и то же Который день который год, И не сдержать с утра волненья, Как будто в этих буднях Вы Открытья ждешь, и откровенья, И исполнения мечты! Любой урок, любая встреча Всех кладов на земле ценней: Ведь каждый школьный миг отмечен Неповторимостью своей. В поступке, в слове, в строчке смелой Всегда отрадно подмечать Начало и судьбы, и дела И одаренности печать. И как бы ни был путь ваш труден, Надежда помогает вам: Вы счастливы думать, как о чуде, О завтрашнем, о школьном дне. Во имя радостных открытий Вам быть в походе до конца. Нельзя иначе: Вы– учитель, И Вам доверены сердца.
12- оқушы:
Сен менің әкемдейсің, анамдайсың, Мен үшін армандайсың, алаңдайсың. Ұстазым сенен артық ақылшым жоқ. Адалдық пен парасаттан жаралғансың.
13- оқушы:
Көңілін бар шәкірттің таба алатын, Кеуделерге намыс отын жаға алатын, Өзіңдей болса, шіркін, барлық ұстаз. Жез таңдай, күміс көмей, сөзі алтын.
14- оқушы:
Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.

15- оқушы:
Мұғалім ғазиз, мұғалім. Сарқылмыс мәңгі бұлағым, Ұланың мәңгі тойыңда, Арнайды саған бұл әнін.
16- оқушы:
Анамдай сүйем мен, Шеберін ғылымның. Ұстаздан үйренем, Қыр-сырын білімнің.
Бәрі қосылып: Үйреткен іс сазын, Мың жаса, ұстазым!
Музыкалық нөмер
І жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңді ықыласпен тыңдап, пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан-жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.
ІІ жүргізуші: В этот день люди чествуют учителей, выражая им свою любовь и благодарность.Сегодня учителей также пришли поздравить ученики нашей школы из штаба самоуправления
Мектеп президенті - Сейтбекова Салима Жандосқызы
Вице-президент- Елтаев Қажымұрат Талғатұлы
Премьер министірі-Сапархан Сұлтан Сапарханұлы
Әділет министірі - Үсіпбек Нұркен Еркінбайұлы
Ғылым білім министірі – Тұрғанбай Бибісара Сейсенбайқызы
Мәдениет министірі- Қамысбаева Айдана Сайлаубекқызы
Ақпарат министірі- Нұржан Айханым Бақытханқызы
Ішкі істер министірі- Қалашбек Рамазан Алтынбекұлы
Сыртқы істер министірі- Тұрар Мадина Бақытжанқызы
Қаржы министірі- Ибрагимова Ләзиза Алиакбарқызы
Спорт министірі – Нұрлан Мақсат Нұрланұлы

(«Азамат» тобының құттықтау сөздері)
Салима: Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.
Қажымұрат: «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
Нұркен: Бұл дәстүрлі мереке көңілге жылы шуақ орнатып тоқтаусыз жылдар тізбегіндегі ерекше сәттерді қызу еңбекті еске түсіретін шырайлы күн.
Бибісара: Аяулы ұстаздар! Сіздердің ерен еңбектеріңіз жоғары бағаланып мақтан тұтарлық өзінің бар ғұмырын шәкірттеріне арнап әр минутын кестеге салып есептеп жүрген аяулы ұстаздар үшін мектепте өткен әрбір күн ерекше қымбат екені даусыз.
Айдана: Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген:“Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”
Айханым: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.
Рамазан: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.

Мадина: Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Ләзиза: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
Мақсат: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.

Сұлтан: Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның. Мақтау алсаң ұстаздардың алдында, Ол өзіңнің орындалған арманың. Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып, Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып. Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы, Қасиеті бас иелік мәңгілік!(Бірге бас иеді)
(Өзін-өзі басқару ұйымы ұстаздарды марапаттайды)
(Вальс)
І жүргізуші:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі-ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! –дей отырып құттықтау сөз мектеп директоры Абылова Айжан Кендірқұлқызына беріледі.
І жүргізуші:
Туған жерде нық тұрып, Елдік мәнін ұқтырып. Бар ғұмырын сарп етсе, Міне, нағыз мықтылық, Қол соғайық ендеше, Ұстаздарға тік тұрып,- деп жырлай отырып ұстаздар мерекесіне арналған концертіміз аяқталды деп жариялап, Сіздерге зор денсаулық, мол табыс тілейміз!(Сахнаның ортасына мерекелік іс-шараға қатысқан оқушылар шығып, қол соғады)
ІІ жүргізуші: Спасибо за то, что вы нас любили, Хоть строги были к нам подчас, За то, что вы нас мыслить научили, За все, за все, что сделали для нас! Искреннее «спасибо» Говорим мы всем учителям. Будьте молодыми и счастливыми Мира, долгих лет, здоровья вам!!!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.