Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұстаз ұлы есім -

Ұстаз ұлы есім

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1468 | Размер: | Автор: гость
. «Ұстаз ұлы есім»
«Шыдамды, сабырлы адам- бастаған ісінің жақсы
нәтижесін көреді, білімге құштар адам іздегенін табады.» В.Ян.
«Егеменді еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»- деп елбасымыз Н.Ә Назарбаев айтқандай «Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ». Барлығымыздың «Баланың бойындағы үйрену құмарлығының оятқан адам- ең жақсы мұғалім» деген қағиданы ұстанып, білім беру жолындағы бар шеберлігімізбен әдіс тәсілдерді тиімді пайдаланып отыруымыз керек. Қазіргі білім саласында елеулі өзгерістер болып отып, сол көштен қалмау үшін өз білімімізді жетілдіріп, жаңашыл мұғалім болуға тырысу. Жаңашыл мұғалім үшін сабақты жоспарлау, озық технологияларды тиімді қолдану, оқушыларға оқу материалын терең меңгерту, оларды бағалау стратегиялары басты міндет болып отыр. Сонымен қатар оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оңың шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға міндетті. Оқушының өз бетімен ойлануына, өзіндік пікірін білдіруге қалыптастырып, ізденімпаздығын оятып, білім алуға деген қызығушылығын арттыру. Сондықтан оқу үрдісінде баланың білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын ояту, ақыл ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық белсенділікті арттырудың маңызы жоғары. Жалпы білім берудің жалпы ұлттық деңгейдегі басты мақсаты- құзіретті тұлғаны қалыптастыру.
Еліміздің білім беру жүйесінің жылдам өзгеріп отыратын заманда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру - деп нақты көрсетілгендей, осы мақсаттың жүзеге асырыла бастауының бірден - бір себебі осы сындарлы теория деуге болады. Жүйе негізінде тиімді қарым қатынастарға, бірлесе жұмыс жасауға, диалог құруға негізделген. Оқушы таңдаушы тұлғасынан, белсенді, ізденуші, ойланушы дәрежесіне көтерілуі керек. Мұғалім осы әрекетті жол бағыттаушы, бағыт-бағдар беруші. Оқушының білімді, сабақтарды жеңіл, қызықты игеруі, ұжымда топта бірлесе жұмыс жасауы, заман талабына сай қалыптан тыс ойлап, шұғыл шешімдер қабылдай алатын, белсенді шығармашыл болуы мұғалімнің жаңашылдығына, шеберлігіне тікелей байланысты. Мұғалімдер рөлдері түбегейлі өзгеріп жатыр, оның мақсаты оқушы білімді өзі алуы керек. Бұл жерде оқушының іс әрекеті: зерттеуші, ізденуші, дәлелдеуші. Өзін өзі жетілдіреді, топпен жұмыс жасайды. Үзілді –кесілді жауап берудің орнына сұрақ қоюды үйренеді, дәлелдеуді талап етеді. Мұғалім мен оқушылардың бірлескен жеңісі ретінде оқушылар сабақ бойы ережені сақтауға, уақытты үнемді пайдалануға, өздерін-өздері бағалауға, жаңа идея ойлап табуға, өз ұсынысын айтуға үйренеді.
"Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті". "Білімді жастар - ұлт болашағы" демекші жастарға тәлім-тәрбие бере отыра, құзыретті тұлғаны біліммен қаруландыратын негізгі тұлға - мұғалім. Қоғамда болып жатқан өзгерістерге сай, жан-жақты дамыған, өз-өзіне сенімді, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалім әрқашан ізденіс үстінде болып, әрқашан білімін жан-жақты жетілдіріп отыру міндетті. Қандай қиындықтар, кедергілер болса да "Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін" ұранымен бәріне төтеп беруіміз керек.
Өз жұмысыма сыни көзбен қарап, өз-өзімді бағалау, кері байланыс жасау әдістері мен үшін пайдалы ақпараттар болды.
Қорыта айтқанда еліміздің ірге тасының мықты болып нығаюы жас ұрпақтың терең білімі мен тәлімді тәрбиесіне байланысты болмақ. Ендеше, жас ұрпақ бойына білім дәнін сеуіп, баптап өсіруде қажыр –қайратымыз сарқылмасын. Барлық ұстаздар қауымына сәттілік тілей отырып, өз шәкірттеріңізді бейіктен көре беріңіздер дегем келеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.