Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұстаз - ұлы тұлға -

Ұстаз - ұлы тұлға

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1205 | Размер: | Автор: гость
. Ұстаз - ұлы тұлға
Нарымбекова Рысты Мухтаровна
Шымкент қаласы №116 Д.Нұрпейісова ЖОМ
орыс тілі пәні мұғалімі
ҚР-ның педагог- қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасын оқу барысында менің ойға түйгенім: «Қоғамда мұғалімнің орны ерекше» екенін түсіндім. Себебі, қазіргі таңда мұғалімнен білім алмайтын адамзат баласы жоқ. Сондықтан әрбір мұғалімнің алдына келген білім алушының сұранысына сай керегін ұсына алуы керек. Ол үшін мұғалім қауымының ортақ идеясы, ортақ мақсаты- ұлттық құндылықты бойына сіңірген, іздене білетін, ертеңгі күні күнделікті өмірде алған білімін игілікті істерге қолдана алатын, зияткер, құзіретті, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу болып табылады. Әрбір мұғалім Бағдарламадағы жеті модульді сабақтарына тиімді ықпалдастыра алса және осы мақсатта жұмыс жасай алатын, өз мамандығының майталманы, нағыз шебері бола біліп, әрбір білім алушының бойында дұрыс білім мен тәрбие қалыптастыра білсе, онда еліміздің өркендеуіне, ХХІ- ғасыр қазақ халқының алтын ғасырына айналуына және мұғалім мәртебесінің асқақтауына, мерейінің үстем болуына өз үлесін қосқан болар еді. Абай атамыздың айтқанындай: ыстық қайратымызбен, нұрлы ақылымызбен, жылы жүрегімізбен бала жүрегіне жол тауып, «Елім дегенде еміреніп, жұртым дегенде жүгініп отырып қызмет ететін» азаматтарды қалыптастыру жолындағы еңбегіміз жеңісті де жемісті болсын!

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің,іскерліктің болуын қамтиды.Жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді.Сондықтан да мектептегі оқу үдерісінің негізгі мақсаты арнайы педагогикалық әдістермен мақсаты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектісін , шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, әр адамның бойындағы интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін математикалық білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады. Білімге деген ынтасын ,қызығушылығын , тұрақтылығын қалыптастыру жолдарын әр түрлі тапсырмаларды орындату қажет.
Интербелсенді модельдің негізгі мақсаты барлық оқушылардың өзара байланыс жасай отырып, білім алуына жағдай жасау. Мұғалімнің дәл осы модельді өзінің сабақтарында қолданылуы, оның инновациялық қабілетін көрсетеді. Яғни, интербелсенді оқыту күнделікті өмірлік жағдайларға байланысты ұйымдастырылады.
Мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді.
- Бұл Кембридж тәсілі қазіргі заманауи оқу үрдісі. Педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда, білім беруді дамытудағы мақсаттары мен құндылықтар жүйесі. Бағдарламаның негізгі мақсаты ел үшін маңызды болып табылады. Әрбір жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге, өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға, сыни тұрғыдан ойлауда қамтиды. Оқыту және оқу үдерісін терең түсінігін меңгерген мұғалім жастардың білімін сапалық тұрғыдан өзгерте алады. Себебі мұғалімнің басты мақсаты сапалы білім беру, Кембридж тәсілінің бағдарламасы бойынша оқу үрдісінде өзін өзі реттей алатын, білімдік қорын сыни тұрғыдан ойлай алатын қабілетті оқушы тұлғасын тәрбиелеу қажет.
Бүгінгі заман талабы-тиянақты білім беру . Білімді ұрпақ тәрбиелеген елдің ғана мәртебесі биік, болашағы жарқын болары сөзсіз. Қазіргі таңда балаға жаңа үрдіспен білім беру қажет-ақ. Сол себепті Кембридж тәсілін үйрену үшін Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының (негізгі) деңгей бағдарламасын меңгеруді алдыма мақсат етіп қойдым. Мұнда мен жеті модуль бойынша көптеген мәлімет алдым.
- Қазіргі кездегі білім берудің мақсаты жеке бастың өзіне және қоғамға қажетті бейімділігін әлеуметтік бағалы белсенділігін дамыту, сонымен бірге өз бетімен білім алуын, өздігінен қалыптасуын тиімді қамтамасыз ету.
Дәстүрлі оқытуда басты рөл мұғалімге берлісе, енді оқу үдерісінде белсенді рөл оқушыға ауысады, оны оқытпайды, ол өз бетімен ізденіп, танымдық іс-әрекет негізінде нәтижеге жетеді.
Бұл міндетті іске асыру бүгінгі таңда мұғалімдердің міндеті Құзырлы мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап, нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін реттеп отырады.
- Оқушылардың ойлау, қабылдау қабілетін аңғаруға топтық жұмыс өте тиімді екеніне көз жеткіздім. Деңгейлік тапсырмалар - өзін-өзі бағалауда тиімді әдіс. Сын тұрғысынан ойлау шығармашылық ойлау. Шығармашылық меңгеру деңгейі оқушының өз бетімен іздене білуі, мақсатты өзі қойып, нәтижеге жету әдіс тәсілін өзі тауып, пайдалана білуімен, зерттеу нәтижесін жүйелеп, жалпылай білумен сипатталады. Оқушы шығармашылығын шыңдауға оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының берер көмегі зор.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.