Меню
Назад » » »
Ұстаздың
загрузка...

загрузка...
Матан Зоя
Новоселовка орта
мектебінің қазақ тілі
мұғалімі
Ақмола облысы
Шортанды ауданы
Новоселовка ауылы

Ұстаздың мерейі.
Жанымды менің жайнатып,
Баураған өзің, мұғалім.
Өзіңмен бірге таң атып,
Өзіңмен күліп шығар күн.
(Қ. Ыдырысов)
Мұғалім - әр ісіне мығым, әрі мектеп жұмысының үлкен тұлғасы. Мектеп үшін аянбай еңбек ететін, оқушыларға білім нәрін, дәнін себетін ұстаз. Ұстаз - өте қиын,әрі қызықты , жауапкершілігі мол, оқушыны тәрбиелейтін, дұрыс жолға түсіретін , «А» деген әріпті танытып, қолына қалам ұстатып, анаңдай әлпештеп, маңдайыңнан сыйпайтын, білім нәрін себетін, париоттыққа тәрбиелейтін адам деп есептеймін.Біздің ұстаздарымыз ішінде осындай жауапкершілігі мол істі арқалап ,жүрген ұстаздарымыз баршылық. Осындай мол жұмыстың басы қасында жүрген, бізге үлгі көрсететін,оқушының көңілін таба білетін,мінезі жайсаң, салмақты, кішіпейіл ұлағатты ұстаздарымыздың бірі- Новоселовка орта мектебінің басшысы Айтпаева Асем Жолдабаева туралы үздік сыр айтпақшымын.
Айтпаева А.Ж біздің мектепке 2001 жылдан бастап жұмыс істейді. Ауыр жұмысты мойнына арқалап жемісті еңбек етіп келе жатыр. Асем Жолдабайқызы қай кезде де көмек сұрасаңызда бәріне дайын болып тұрады. Ол ұстаз әсіресе жас мамандарға қолынан келгенін аямайды.Қазіргі кезде Асем Жолдабай Астана қаласында 9 айлық курста оқып жатыр.Бұл оқудың мұғалімдерге беретін жемісі көп болады деп ойлаймын. Мұғалімдер басшымыздың топтасқан жаңа –әдіс тәсілдерді қолданып сабақтар өткізіп жатыр.
Асем Жолдабайқызы өткізген сабақтарында үнемі жеті модульді жаңа әдіс-тәсілдерді көрсетіп қолданып жүреді.Ұстазымыз қазақ сыныптарына математика сабағын беретін болғандықтан, үнемі шәкірттерін алгебраның қыр сырын білуге шақырады.Өзінің әрбір сабағын өзге пәндермен байланыстыра өткізеді. Математика сабағы өте ауыр әрі қызықты пән болғандықтан ,сол қиындыққа төзіп, әр сабақты көрнекіліктерді қолдану арқылы оқушыны өзіне баурап алады. Сабақтарында заманауи технология үлгісін көрсете біледі. Үнемі ізденіс үстінде жүреді. Әсіресе жас мамандарға үлгі көрсете біліп, өзінің бойындағы қасиетті дарыта біледі.Менің өзіме де үнемі нұсқау көрсетіп отырады. Ұстаздарымыздың басшысы болғандықтан әр істерін қатты қадағалайды.
Бұл күнде ұстазымыздың жетістігі ауыз толтырып айтарлықтай. Ұстаз үшін бәйгеге қосқан шәкірттерінің озып келуін көруден асқан бақыт жоқ. Мұғалімнің оқушысы облыстық ғылыми жұмысқа қатысып,ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар тамыз айында өткен конференцияда жеткен жетістіктері үшін аудан әкімінің қолынан «Мақтау қағазына»ие болды.Бұл жетістіктер мектебіміз үшін мол қуаныш болды деп есептеймін.
Асем Жолдабайқызы адамгершілігі мол,жан-жақты, білгір, білікті әрі басшы, әрі ұстаз, әрі ардақты ана. Жанұяда үш бала тәрбиелеп ,өсіріп отыр.Үлкен қызы Данагүл Еуразиялық гуманитарлық колледжіннің ІІІ курс студенті «Аудармашы» мамандығын бітіріп., жоғарғы мамандық бойынша оқып жатыр.Қазір біздің мектепте ағылшын тілінен сабақ береді.Ал кіші қызы Динара да осы колледждің «Заңгер» мамандығында оқып бітірген. Қазір Новоселовка ауылының әкімдігінде жұмыс істейді.Ұлы Диас Астана қаласында оқиды. Жолдасы Жалел көлік жүргізуші қызметін атқарады.
Бұл жетістіктер ұстазымыздың 14 жылғы қажырлы еңбектерінің бір бөлігі ғана деп ойлаймын. Аяулы ұстазымыздың тәрбиелеген шәкірттері еліміздің түпкір-түкпірінде жұмыс істейді. «Ұстаздан шәкірт озады» демекші тәрбие , білім берген шәкірттерің биіктен көрініп жатса ұстаз үшін зор бақыт сияқты.Сондықтан қажырлы еңбек етіп, жоғарыдан көрініп жүрген әріптесімізге шығармашылық табыстар тілеймін. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ұстаздың можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 241 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar