Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты» -

«Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1463 | Размер: | Автор: гость
. «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты»

(эссе)

«Еліміздің ертеңі – бүгінгі
жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры
ұстаздардың қолында»

Н.Назарбаев.

Менің ұстаздық мамандығына қызығушылығым бала кезімнен басталды. Меніңше, ұстаздық – киелі маман, Ұстаз – ұлы есім. «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты» демекші өзім ұлағатты ұстаздардан тәлім тәрбие, білікті білім, өмірлік өнеге алып, сол ұстаздардың шеберліктеріне қызыға қарап өмірге бағдар алдым.
Мұғалімнің негізгі міндеті — жеке тұлғаны дамытып, оның алғашкы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, окуға дегеп қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға ~ ұстаз. Тек мықты үстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Халқымыз әрқашанда Ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. "Ұстаздық еткен жалыкпас, үйретуден балаға", "Адамның адамшылығы жаксы ұстаздан болады", деп айтқан ұлы Абай.
Ал чехтің педагогі Я.А.Коменский: "Мүғалім - мәңгі нұрдың кызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі", — деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалаған. Білім беру ісінде ұстаз басты әрі шешуші тұлға болып саналады.
ХХІ ғасыр есігін ашқан қазіргі таңда мектепке, ұстаздарға үлкен талаптар қойылуда. Ұстаз ұғымы – мағынасы кең, мәні терең, тарихи ұғым. Адамзат баласының дамуында білімнің қажеттілігі сол білімді таратушы, жеткізуші ұстаздың қажеттілігімен бірдей маңызға ие болған. Ұстаздың білімділік, абырой беделінің айнасы – шәкірті, деп халық тегін айтпаған. Әлемнің талай ой алыптары, небір ғұламалар ұстаз алдынан өткен, олар өздерінің ұстаздарына мәңгі борыштар екенін болашақ ұрпаққа өсиет етіп қалдырған. Сондықтан ұстаз мақсаты - өз шәкіртіне саналы да білімді, парасатты, жан-жақты қазіргі өмір талабына сай сегіз қырлы бір сырлы азамат тәрбиелеу.
Белгілі ағартушы, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Жүсіпбек Аймауытов ұстаз қызметін «Ұстаз - шәкірттерге сабақ берумен, білім үйретумен шектелген маман иесі емес, ол шәкірттерінің алдағы өмірін көз алдына келтіріп, өз басынан кешірген тәжрибесіне сүйеніп, келешекте жазатайым аяғын шалыс басып, өмірден соққы жеп, өкінбеске күні бұрын сақтандыратын қорғаушысы, қамқоршысы», - деп биік баға берген.
Мұғалім ең алдымен бала жүрегімен пернелерін дәл тауып, оны ойната білетін тамыршы болуы тиіс.
Ол оңайлықпен келе ме, бала жүрегінен орын алуға жол қайда?
Ұстаздың өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, терең білімі, айқын қойылған мақсат жолындағы ізденіске толы еңбегі – бала жүрегіне жол табар – қыл көпір, міне осы деп, көп жылғы еңбегіме сүйеніп толық айта аламын.
Осының бәрін мейрімділікпен ұштастыру - нұр үстіне – нұр, ұстаз шеберлігінің бір қыры.
Ұлы Абай «Мейрімділік – бауырым деп адам баласын жақын тартқанда іске асатын қасиет» деп бағалаған. Мейрімділік бар жерде сенім бар. Сенім барда не қажеттің бәрі бар...
Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын Елбасымыз Н. Назарбаев «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең саналы бөлігі болып табылады» деп атап көрсетті.
«2030 жобасын» басшылыққа алған біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, жаңа базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұның жетілдіру, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерге көшу, яғни әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.
Дегенмен, мұғалім мамандығы көңіл жібітетіндей қорғауды, қамқорлықты қажет етеді.
Қазіргі кезде өзінді табу оңай емес. Өйткені білім беру жүйесіндегі жаңа құбылыстар кімді болса да, тіпті тәжірибесі, еңбек өтілі көп адамды адастыруы мүмкін. Сондықтан ұстаз шын мәнінде керекті пайдалы нәрсені, керексіз бірақ көзге түсетін нәрседен айырып беруші шеберлікті қажет ететін мамандық, бұл - бір. Екінші, ХХІ ғасыр - компьютерлік ақпараттар легі заманы. Әлемдегі болып жатқан хабарлар туралы интернет арқылы минутында мағлұмат алып отырған жасөспірімді әлденемен тандандыру, жаңа сабақ түсіндіріп, дәріс беру, қолдан келе беретін оңай іс емес. Ұстаз осыған дайын болу керек.
Ұлтымыздың жарық жұлдызындай ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білімділікке жеткізер баспалдақ, ол біліктілік, сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп айрықша көрсеткен. Жаңа ғасыр мұғалімі шәкірт алдында терең білім, жан-жақты білікті тұлғасымен дараланып қадірленуі тиіс.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу — әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мүғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға халықтык педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойына ұлттық мінез-күлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілдік қасиеттерін калыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.
Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, окушылардың жалпы дамуын камтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыкка құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, мұғалім олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру максатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру — мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық кабілеті үлкен рөл атқарады. Мектеп окушылары үшін мұғалім - олардың еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс-кимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жаң дүниесіне әсер ете алады.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік -экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсаты мен міндеттері окушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір біліммен қаруландыруды және ұлттык сана-сезімін тәрбиелеуді көздейді.
Бұл міндетті шешу және қазіргі кезде білім берудің мемлекеттік стандарттарының жасалуы, оқушылардың стандарт деңгейінен кем емес білім алуының талап етілуі оқытудың дәстүрлі әдіс -тәсілдерін өзгертіп, озық технологияларды қолдануды, мұғалімдердің әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейін көтеріп, олардың оқытудың жаңаша әдіс - тәсілдерін, жаңа технологияларын меңгеруін қажет етеді.
Ал, жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының бірі - мұғалімнің кәсіптік білімін жетілдіру болып табылады.
Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі. «Бүгінгі күні заманымызға сай ұстазымыз қандай болу керек?» деген сан сұраулы ой көкейінде тұр. Сондықтанда осы сұрақтарға жауап іздеп, еліміздің ертеңі – болашақ жастарға білім мен тәрбиені беруде ұстаздар қауымының қосар қажырлы еңбегіне тоқталайық. Ұстаз – саяси сауатты, жан-жақты білімді, өз бойындағы сол білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдістемелік шебер болу керек. Мұғалім еңбегін зерттеп, саралап, шеберлігін арттыру, сөйтіп оқушы мен мұғалім арасындағы шығармашылық байланысты нақты танымдық іске, іс-әрекетке ұластыру, озат тәжірибені орынды пайдалануға мүмкіндік туғызу - әрбір мұғалімнің басты міндеті. Жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыға білімді терең игерудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Менінше педагогтың біліктілігі – білім негізінде қалыптасқан үлкен еңбек, яғни жауапкершілікті сезіну, белгілі бір мәселені шешуге қатысу, білім беру технологияларын түсіну, меңгеру, қолдануда қабілеттілік таныту, еңбекке дұрыс қарым-қатынас, кәсібінде үнемі ізденіс таныту. Осындай үлкен еңбекке жету үшін ұстаз өз жұмысында белгілі бір тәжірибені пайдалана отырып, өз білімін өзара байланыстыра ұйымдастырады. Шебер ұстаз қоғам дамуына сын көзбен қарай отырып, өзінің іс-әрекеттерінде өткенді жаңамен байланыстыруды ұйымдастыра отырып оқушыны белгілі білім сапасына жеткізеді.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Жаңа дәуір жаңаша ойлауды қажет етеді. Сонымен бірге өз қаракетімізбен шектеліп қалмай, айнала төңірекке, көрші-қоланға сергек көзбен қарау да үлкен сын. Жақсыдан үйренген ұят емес екенің, ұлы Абайдың «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Халыққа қызмет ет, еліңнің көсегесін көгерт» деген ұстаздық нақылдары әрдайым есімде. «Кісінің бойында үйрену құмарлығын оятқан адам – ең жақсы мұғалім» деп А.Фердинанд айтқандай, осындай іс-әрекет арқылы пәнге деген қызығушылығы арта түскен оқушы, сабақта өз ізденістері арқылы білімді игеруде белсенділігін көрсетеді. Оқушылардың ой-өрісің кеңейіп, өсуіне байланысты оқытудың сапасы мен мазмұны да арта түсуде.
Жалалди Дауани айтқандай: «Мұғалім - өте ақылды, білімді, бала тәрбиесін жете меңгерген, жоғары сенім дәрежесінде болуы керек». Бәсекеге қабілетті ұстаз оқушыларға білім беруде сабақты өзіндік ізденістер арқылы шығармашылықпен өткізуді әдетке айналдырады. Шеберлік танытатын ұстаз мектепте көптеген қоғамдық жұмыстарға ұйытқы болып келеді. Оқушылар мен ата-аналар арасында ол – беделді, сыйлы адам. Н.А.Добролюбов «Мұғалім – оқушы үшін ең жоғары адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан да ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады». Сондай-ақ ұстаздың жеке мәдениеті мен іс-қимылы, эстетиқалық талғамы мен көзқарасы да жоғары талап деңгейінде болғаны жөн. Үнемі оқумен, еңбекпен, ізденіспен келе жатқан педагог – барлық істі атқаруға уақыт таба білетін жан. «Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау» деген екен белгілі философ Жан Жак Руссо. Құзіретті мұғалім әрбір ісін нәтижелі, сапалы орындауды мақсат етеді. Ол білгенін қанағат етпей, біле бергісі келеді. Біріншіден, ұстаз өзінің еңбегінің нәтижесін өлшеу, біліктілігі мен қызметінде сапалы көрсеткішке жетуі. Екіншіден, практикалық қызметте педагогтың сапалық көрсеткішін зерттеу біліктілігі. Бұл шебер педагогтың, шығармашыл, бәсекеге қабілетті педагогтың өз қызметіне, оның нәтижесіне талдау жасай білу біліктілігін көрсетеді. Әр педагог өз жұмысына талдау жасауда: «Неге жеттім? Неге ұмтыламын? Не кедергі жасайды?» сұрақтарын басшылыққа алуы тиіс. Иә, «Инемен құдық қазғандай», мұндай дәрежеге жетудің бір ғана жолы бар. Ол – білім-білікті ерінбейтін еңбекке ұштастыру, ол – ұрпақ тағдырына адалдық таныту. Олардың бойына біліммен қатар отаншылдық рухты дарыту, тәлім-тәрбиенің қайнар бұлағынан дәйім сусындауы, имандылық, мейірім, адамгершілік, адалдық шуағын себу, ізгілікке жетелеу. Қорыта айтқанда, қазіргі заман талабы Елбасы Жолдауында «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» делінген. Осыдан туындайтын талаптарды іске асыру, ол үшін қажырлылықпен жұмыс жасауымыз қажет.

Ақмола облысы, Астрахан ауданы,
Жалтыр №2 орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жанадилова Айнагүл Айтпайқызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.