Меню
Назад » » »
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
загрузка...

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»
Сабақтың мақсаты:Ұстаздардың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына сіңіру Дамытушылық: Ұстаз ұғымын түсіндіру арқылы балалардың ұстазға деген қадір құрметін тереңдетіп, нақты ұрпақ санасына түсіндіру. Тәрбиелік: Жеке тұлғаны қалыптастыру, сынып ынтымақтастығын қалыптастыру, жұмыстарға тарту, сабақ арқылы ұстаз еңбегін аялауға тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер,өлең оқу, ән, би, шарлар, көрніс Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Сәлемдесу, сабақтың мақсатын хабарлау.жүргізуші:Армысыздар ардақты ұстаздар!
Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
Құрметті де, қымбатты ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы »атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Ұстаз дегенқұрметті атаққаие болудың өзі бір бақыт.Ұстаз- өмірлік тәжірибесі мол, нағыз еңбеққор, ізденмпаз, ұшқыр ойлы жан. Жақсы ұстаз шәкіртінің мақтанышына айнала алады. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелік көбіне ұстазға байланысты.Нағыз мықты ұстаз ғана салауатты да саналы, рухани бай, жан- жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыра алады. Ескендір Зұлхайнардың бірде: «Данқ пен абыройға кенелуіме мен бір адамға қарыздармын, ол- өз ұстазым,Аристотель»десе, Абылайхан Төле биді, ал Шәкәрім ұлы Абайды «ұстазым» деп, шексіз құрметтеп өткен. «Мұғалім бәріненде қымбат, өйкені мұғалім- мектептің жүрегі» деп тұнғыш педагог Ыбырай Алтынсарин айтқандай, мұғалім- білім беруші ғана емес, тәлім – тәрбие беріп, бағыт- бағдар көрсетуші, бар адами қасиеттерді бойына жиған талантты тәлімгер.Олай болса ұстазға арналған өлең оқитын:Мырзағалиева Гүлжамал, Аяганов Сахи, Аймуханова Лаура Гүлжамал:Күмбірлейді туған жердің бел, өрі,Күмбірлейді қайың, шырша, терегі.Балбұлақ та қоңырау болып кеткендей,Бүгінгі күн –Ұстаз күні себебі.Күмбірле, қоңырау, күмбірлеШаттанып күлейік біз бірге.Сахи:Желпіндіріп,Желіктірген күш қандай?Шаттық нұрын құшқандай.Бүгінгі күн – Ұстаз күні Содан ба,Алтын Күн де күлімдейді ұстаздай.
Күмбірле, қоңырау, күмбірле, Шаттанып күлейік біз біргеЛаура:Ұстаздық ауыр қалайда Төзе алмас еді жай кісі,Айналдым ұстаздарымнан Байыппен айтқан ақылы Самалдай егіп санама. Өмірде мәңгі жақынымҰқсаған туған анама,Айналдым ұстаздарымнан! 2.жүргізуші:Күз мезгілінің алтын шуағымен бүкіл елімізде салтанатты түрде ұстаз күні аталып өтіледі. Бұл мереке біздер (шәкірттер) үшін ерекше күн. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, он бір жыл бойы бізді білімнің кәусар бұлағынан сусындататын асыл жандар – аяулы ұстаздарымыз.
Қадірлі ұстаздар! Жаныңызға шуақ шашар сәулелі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке мен шаттық тілейміз! дей отыра ендігі кезектіҰлағатты ұстаздарымызға береміз. Жумабаева Гүлжахан, Көпейсинов Жұмағұл, Мырзағалиева Зәуреш ,Сапарғалиева Бағжамал және Уразбаева Марияш апайларғабереміз.Кезекті әнге береміз ән «Ұстазым » орындайтын:Жолдасбаева Айгерім және Муалбаева Жұлдыз1.жүргізуші: Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады. Анамдай сүйем мен, Шеберін ғалымның.Ұстаздың үйренем Өнерін, білімінҮйреткен іс сазын Мың жаса, ұстазым! дей отыра ендігі кезек өлең оқитын: Төлешова Райхан, Смагулов Жандос,Қайырбекова СандуғашРайхан: Қадіріңді кезінде Білмепті ғой ұланның Қазір әр бір сөзіңеЕлеңдейді құлағымБірдей етіп ұстадың, Демей бізге бөтенсің. Кейде ақылын ұстаздың Сағынады екенсің Сол ұстазға жаны нұр Демей үлкен адаммын, Есейсем де бәрібір Баяғы шәкірт балаңмынЖандос: Ұстазыңды түсінгін сен тереңнен, Бар әлемге еңбегімен еленген Сенің бағың өрге қарай өрлесе,Ол да бірге қуанышқа кенелгенСандуғаш: Сүрінсең сүйеп құлатп Шегінсең, бастап жүр дейді.Білімге мөлдір бұлақтай Қандырып, тағы біл дейді.Мұғалім қажып, талмайды, Іздейді даңғыл саған жол.Жақсыны ғана таңдайды,Қамқорың, саяң думан ол!Мерекеңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар2.жүргізуші: Ұстаздық- қызықта, бейнеті көп мамандық, ұстаз оқушылардың білсем, үйренсем, көрсем деген ұмтылысқа тәрбиелейді. «Ұстаз» деген есім ұлы сөз. Ол өз уақытын аямаған, шәкірттерін үйретуге жалықпаған еңбекқор жанды ойға оралтады дей отыра кезекті биге «Мектебім»Орындайтын: Жолдасбаева Айгерім, Әлімбеков Ақжол, Жайықов Тоқсанбай, Сариева Дәметкен, Елемесов Қанат, Қайырбекова Сандуғаш1.жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де ұстазынан білім үйреніп, тәлім алған. Ұлағатты ұстаздардың алдында барша жан бас иіп өтеді. Аса көрнекті қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша « 1 – қыркүйекте не салтанатты шеру, не салюттер болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ»- деп толғаған, дей отыра ендігі кезекті осы Манашы орта мектебі ашылған уақтында, яғни 2007-ші жылы 1-ші қыркүйекте ең алғаш болып, біз 1-ші сыныпқа келген болатынбыз. Міне содан бері 7 жыл өтті. Бүгінгі салтанатты мерекеге біз мектеп табалдырығын аттаған сәтте күлімдеп қарсы алған аяулы ұстаздарымызды шақырып отырмыз. Ендігі сөз кезегін сол аяулы ұстаздарымызға, Аябаева Сәнби апайымыз, Борашова Жәмила апайымызды ортаға шақырамыз. Ендігі кезекті көрніске береміз ролде ойнайтындар: Ұстаз: Елемесов ҚанатОқушылар: Аймуханова Л, Смагулов Ж, Багдашов Ү, Қалилаева Ә1.Жүргізуші: Айгерім осы орайда мен сыныптас достарыма сұрақ қойғым келіп тұр2. жүргізуші: Нурлан ол қандай сұрақ болды екен? Ал Сандуғаш, Қанат, Айгерім Нурсейт сен өзіңе кім мұғалімді үлгі тұтасың мысалы: саған сол мұғалімнің киім киісіме, өзін-өзі ұстауыма жоқ сөйлеу мәнеріме әлде мінезіме? Қай қырынан ұнатасың.(Оқушылар өз жауаптарын айтады)Жарайсыңдар достарым!Ендігі кезек өлең оқитындар:Алиева Аяжан, Багдашов Үрістем, Бисенбаева Айнұр Аяжан: Дулатып дәптер ақтарған Жүрегімде сақталған Алғашқы алған сабағым. Өмір күй аңсаған Қандым мөлдір бұлақтан. Шашты қырау шалса да, Ұстазымды ұмытпан! Үрістем: Жайраңдап көктемім, Күледі көкте күн. Құшағын тұр жайып Аяулы мектебім Мейірбан ұстаздар! Санама нұр құйған Ұстазым көп менің. Биікке өрлеген Тайсалып көрмеге Ұрпақпыз, кеудесін Қуаныш кернеге Ұстаз деп ән шырқап, Күй төккен пернеден. Елімнің даласы, Ауылы, қаласы, Кәрісі, жасы да Кемеңгер данасы, Қарыздар ұстазға, Адамзат баласы. Айнұр: Мұғалімдік –ең құрметті мамандық Жас ұрпақты өсіретін адам ғып Ұстаздардан азаматқа таралған Мол мейірім, ізгілік пен адалдық 2.жүргізуші:Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты Ол болмаса, кім береді парасатты Асылын беріп шәкірт бойларына, Ағартқан сол үшін де қара шашты Ұстазға әр кім басын ию керек, Кеменгер, ақылшым деп білу керек. Сен бүгін керемет боп кетсеңдағы, Жеткізген сол ұстаз деп білу керек. Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар соныменен ұшталғанын.Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын.
1.Жүргізуші:
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінгін сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген
Қымбатты біздің ұстаздар!
Ендігі кезек ән «Ұстазым» орындайтын: Хор 7 «В» сынып оқушылары.
2.Жүргізуші: Алтын күздің саясында жарқыраған жүздерің бізбен бірге мәңгілікке қалмақ. Сіздер секілді мәуелі бәйтеректерден тамырланып, мектеп бітірер сәтте сан тарапқа қанат қағамыз. Суретші болсақ, ең әсем бейнені ұстазға арнаймыз, сәулетші болсақ, ең көрікті ғимаратты ұстаздарға саламыз, жүрек күйін тербетер сазгер болсақ, асыл әнді ұстазға шырқаймыз, сезімді бойлайтын ақын болсақ, нұрлы жырлардың әр тармағын аяулы ұстаздарымызға арнай отыра бүгінгі «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы » атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Қорытынды: Сынып жетекші: Құрметті ұстаздар бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүрегімнен құттықтаймын. Сіздерге тілейтінім: дендерің сау, бастарың аман, отбастарыңда бақыт, жұмыстарыңызда табыс,еңбектеріңізге жеміс тілеймін.
Өз оқушыларыма келетін болсам :бар өнерлеріңді ортаға салып көрсетіп жатырсыңдар сіздерге көп-көп рахмет!
Сіздерге тілейтінім: дендерің сау болсын, біріншіден ата-аналарыңның екіншіден біздің алдымызда күліп-ойнап сабақтарыңызды 5-ке оқып, еліміздің үлкен азаматы мен азаматшасы болуыңызға тілектеспін. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ұстазы жақсының ұстамы жақсы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 357 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar