Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Су – өмірдің нәрі -

Су – өмірдің нәрі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2393 | Размер: | Автор: гость
. Білім саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған
Оқу іс-әрекет түрі: Экология
Тақырыбы: Су – өмірдің нәрі
Мақсаты: Балалардың су туралы толық түсініктерін қалыптастыру. Судың сұйық, қатты,
бу түрінде болатынын тәжірибе жасау арқылы түсіндіру. Балалардың сөздік
қорын дамыту. Суды үнемдеуге, ластамауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Су туралы ертегіге байланысты суреттер, ғаламшар, бейнетаспа, үнтаспа.
Әдіс-тәсілдер: Тәжірибе, түсіндіру, әңгімелеу, ойын, бейнелеу.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеттері Балалардың әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы І. Ұйымдастыру бөлімі:
-Балалар бүгін бізге көп қонақтар келіпті. Олай болса, қонақтармен амандасайық.
Күн нұрлы болсын, аспанымыз ашық болсын, нанымыз көп болсын, суымыз мөлдір болсын!
- Жарайсыңдар, балалар маған сендердің тілектерің ұнап қалды.
- Балалар сендер қандай баласыңдар?

ІІ. Олай болса, бүгін сабақта су туралы айтамыз.
Балалар, мына тақтадағы суреттерге назар аударайықшы.
- Суретте нелерді көріп тұрсыңдар?
- Бұл гүлдерді қалай өсіреміз?
- Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар?Оларды не үшін өсіреміз?
Балалар орындарынан тұрып, бір-біріне тілек айтады.

Ерте тұрып жуынған
Тазалықты қуынған
Судай мөлдір тазамыз
Суды сүйген баламыз

-Суретте гүлдерді көріп тұрмыз.
-Бөлмеде өсіреміз.
-Бөлме өсімдіктерін үйлерді, бөлмелерді безендіру үшін өсіреміз.
Ізденуші- ұйымдастырушы. Жаңа сабақ
ІІІ. – Балалар, бөлме өсімдіктеріне жайқалып, жақсы әдемі болып өсу үшін
не құямыз?
(Үнтаспадан судың дыбысы естіледі).
- Балалар, мына дыбыс ненің дыбысы?

(Су ханшайымы топқа кіреді, амандасады.)
- Балалар, мен сендердің дауыстарыңды естіп келдім, және де бос келген жоқпын.
Сендерге қызықты ойындар, тапсырмалар ала келдім.
- Құрметті су ханшайымы, алғашқы тапсырмаңызды беріңіз. Балалар тосып қалды.
Жұмбақ:
Жылғалардан ағады,
Сылдыр-сылдыр қағады.
Судың қандай пайдасы бар?

- Дұрыс, балалар, табиғаттың бізге сыйлаған сыйының бірі – су. Сусыз тіршілік жоқ. Балаларға ғаламшарды көрсету.
- Жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр.
Су көк түспен белгіленген. Бейнетаспадан өзендер, көлдер, теңіздерді көрсету.
- Балалар, су дегеніміз үш күйде болады екен.
1. Сұйық
2. Қатты.
3. Бу.
1. Сұйық су дегеніміз, біздер күнде пайдаланып жүрген суымыз.
2. Ал су мұзға айналғанда қатты күйде болады. Оны мұз деп атаймыз.
Балалар, қыста не жауады?

Қардың еруін бақылату.
3. Су бу күйінде болады. Шәйнектегі қайнаған судың қақпағын ашып, буына тақтайшаны ұстап, онда су тамшыларының пайда болатынын көрсету.
Балалар, су ащы және тұщы болады.
Ащы су теңіздерде, мұхиттарда, көлдерде болады. Ащы суды адамдар ішуге болмайды.
Тұщы су құдықтың, бұлақтың суы болады. Тұщы суды ішуге, тамақ пісіруге болады.
4. Тәжірибе
Балалар, судың түсі, исі, дәмі, пішіні болмайды. Су құйылған ыдысты иіскету.

IV. Сергіту жаттығуы.
Мөп-мөлдір тұнық суда
Балық жүзіп ойнайды
Біресе керіледі,
Біресе созылады
Біресе құмға тығылады.
- Су ханшайымы, бізге беретін келесі тапсырмаңыз.
Тапсырма: Балалар, Сайқымазақтың ісі дұрыс па? (Тақтаға Сайқымазақтың суға бояу қосып, ластап жатқан суреті ілінеді).
- Балалар, суды үнемдеу үшін не істеу керек?

Су ханшайымы: Балалар, кім маған су туралы мақал-мәтел, тыйым сөздер айтып береді?

1. Су бар жерде ырыс бар.
2. Таза болсаң, судай бол.
3. Сулы жер құрақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас.
4. Бұлақ көрсең көзін аш.
Тыйым сөздер:
1. Су ішкен құдығыңа түкірме.
2. Суды ретсіз ысырап жасауға болмайды,
үнемдеу керек.
3. Су шашып ойнама.
Ал, енді, мен сендерге су туралы ертегі айтып берейін. (Суреттер арқылы түсіндіру).
Ерте, ерте, ертеде су болмай құстар шөлдеп,ағаштар урап, гүлдер солып қалады. Қалжыраған құстар желден ақыл сұрапты. Жел көмектесейін деп күнге барады. Күн жердегі суларды, яғни өзендер мен көлдерді қатты қыздырады. Су түйіршіктері буға айналады. Аспанға бу көтеріледі де су түйіршіктері бірігіп, бұлттар болады.Жел бұлтты қуалап, су түйіршіктері жерге жаңбыр боп жауды. Жер тыныс алады. Шөлін қандырған құстар да, өсімдіктер де жадырайды.
- Балалар, ертегі ұнады ма?
- Ертегі не туралы?

Су ханшайымы:
- Балалар, ойын ойнағыларың келем ме?
Дамытушылық танымдық ойын: «Су»
Ойын шарты: Суды қажет ететін нәрселерді тауып, орналастыру қажет.
- Қандай суреттерді орналастырдыңдар?
- Неге гүлді алдың?
- Неге балықты алдың?

Су құямыз.

Балалар сылдырлаған судың дыбысы.

Балалар жұмбақтың жауабын табады. Су

Сумен жуынамыз, ішеміз,
тамақ пісіреді, киімдерді жуады,гүлдерге, ағаштарға су құяды.

Қар жауады. Қар ерігенде суға айналады.

Балалар судың иісі, түсі, дәмі болмайтынына көз жеткізеді.

Балалар дем алу үшін орындарынан тұрып жаттығу жасайды.

- Жоқ, дұрыс емес. Себебі суды ластауға болмайды. Ол ішуге, тамақ пісіруге, жуынуға жарамай қалады.
Мектепте, үйде крандарды жауып қою керек, сумен ойнамау керек, суды шашпау керек.

Балалар білетін мақалдарын, тыйым сөздерін орындарынан
тұрып, айтып береді.

Ертегі ұнады.
Су туралы, судың пайдасы туралы.

Себебі гүлге су құямыз.
Себебі балық сусыз өмір сүре алмайды.
Рефлексивті
коррекциялаушы Қорытынды:
- Балалар, жарайсыңдар, біз назарымызды бейне таспаға аударайық. Мультфильм көрсету
- Балалар, мульфильмнен не көрдіңдер?

Сабақ соңында балалар өзеннің суретін бояйды.
- Балалар, сонымен су деген не деген сұраққа жауап берейікші.
Жер бетіндегі көп тараған зат – су. Су тазалық пен денсаулық кепілі.Сусыз тіршілік жоқ.
Орнымыздан тұрайық.

Сылдырайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу
Жуынған соң әрдайым
Аппақ бетің маңдайың.
Табиғаттың досы, су дегенім – осы.
Су ханшайымы: Балалар, сендер менің тапсырмаларымның бәрін дұрыс орындадыңдар. Мен сендерге ризамын. Сендерге алып келген сыйлығым бар.
(Балаларға теңіз жұлдыздарын беру, мадақтау). Балалар бейне таспаға мұқият қарайды.

Құмырсқалар, аңдар су тамшыларына жуынып жүр.

Балалар орындарынан тұрып су туралы өлең жолдарын айтады.

Орындайды: Судың, қатты, бу түрінде болатынын жасалған тәжірибелерді көру арқылы
Біледі.
Түсінеді: Судың адам өміріндегі пайдасы және маңызы зор екенін.
Қолданады: Суды ластамауды, суды үнемдеуді және табиғатты аялауды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.