Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Су моншақтан алқа жасау -

Су моншақтан алқа жасау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4159 | Размер: | Автор: гость
. Су моншақтан алқа жасау

А. Тұрсынқұлова
Қазығұрт ауданы
«Шарбұлақ» жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың су моншақпен жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу.
2. Өз бетінше ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру , ой-өрісін кеңейту.
3. Оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру , балаларды ептілікке, талғампаздыққа , шыдамдылыққа баулу.

Көрнекіліктер : су моншақтан жасалған дайын бұйымдар , сызбалар , суреттер.
Сабақтың түрі: қорытындылау сабағы .
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет пәндірімен тығыз байланыста сабақ өту.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау

Белдемшенің төменгі кесігін өңдеудің қалай орындалатынын сыныпқа жаппай сұрақ қою арқылы сұрау.
3. Қызығушылығын ояту. Сөзжұмбақ шештіру.
4. Жаңа тақырыпты меңгерту

Бисер ұсақ түрлі-түсті моншақтар
Сондай -ақ ұсақ , домалақ, сопақша, әр түрлі хрусталь, шыны, керамикалы материалдардан жасалған моншақтарды бисер деп атаймыз.
Стеклярус- ұзын таяқшалар, рубка- қысқа таяқшалар деп бөлінеді.

Қазақтың қыз - келіншектерінің ажарын ашатын, сұлу етіп көрсететін зергерлік бұйымдар жасаған. Моншақтарды кеңінен қолданған. Алқаны су моншақтан , алтын, күмістен соғып, домалақтап, асыл тастардан тізіп салпыншақ етіп жасайды.
Алқа- мойынға тағылатын сәндік бұйым . Моншақ неолит дәуірінде тастан және сүйектет, қола дәуірінде металдан жасалған.
Сарамандық жұмыс.
Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске салу.
1. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.
2. Инені аузыңа салма.
3. Моншақтар шашылып кетпес үшін бөлек жайпақ ыдыстарда немесе қорапшаларда ұстаған жөн.

1. Керекті құралдар: № 11 бисер инесі, леска, жіп қызыл және сары домалақ бисер , қызыл түтекше бисер.
2. Жұмыстың реті: нұсқа картасы бойынша жұмыс жасау.

Алқаны тоқу технологиясы: әркім өз қалауымен моншақ түрін таңдап алады.
Сабақ барысында алқа тоқуды қазіргі заман талабына сай интерактивті тақтада тоқуға болады.
Бекіту кезеңі:
- Ал балалар жұмыстарыңды аяқтаңдар.
Сөзжұмбақ шешейік
Көлденеңнен:
1. Қазақстанның жас қаласы
2. Ешкінің төлі
3. Құстың төресі
4. Қазақстанның бас қаласы

Бұйымдарыңнан көрме ұйымдастырып, кімнің жұмысы ұтымды, шығармашылық талапқа сай екеніне сараптама жасайық.
Қорытындылау кезеңі.
Бисермен шығармашылық жұмыс жасау арқылы өмірге қандай дайындық алдық.
1. Алқа тоқуды үйрендік
2. Моншақтың түрлерін ажырата алатын болдық
3. Шеберлікке үйрендік
4. Өзіне-өзі қызмет етуді үйрендік
5. Байқағыштық қабілетіміз артты

Үйге тапсырма: Алқа тоқу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.