Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Су. Табиғаттағы су айналымы -

Су. Табиғаттағы су айналымы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1932 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Ашық сабақ жоспары 4-сынып Дүниетану



Сабақтың тақырыбы: Су. Табиғаттағы су айналымы.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқып-үйренудің негізгі
мақсаты: Табиғаттағы су айналымы туралы түсінік қалыптасады.
Міндеттері: Судың қасиеттерін еске түсіру, табиғаттағы су айналымы туралы білімдерін қалыптастыру;
Сыни тұрғыдан ойлауға мүмкіндік жасау, шығармашылықтарын дамыту;
Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Диалог оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау, болжау, салыстыру, тәжірибе жасау.
Оқу нәтижесі:
Болжау, жорамал арқылы мәтінді оқып талдайды, салыстырады.
Бірлесе жұмыс жасай отырып, өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге үйренеді.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, өзін өзі тану,бейнелеу өнері.
Негізгі түсініктер:
Табиғаттағы су айналымының қалай жүретіндігі,суды қорғау. Бағалау:
.бақылау
.жұмысты бағалау
.сапалы білімді бағалау.

Ресурстар Тақырыпқа сай слайдтар,логикалық тапсырма, тәжірибе
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері:
Уақыты Жұмыс түрлері Мұғалімнің рөлі Оқушының рөлі
3мин. І.Ұйымдастыру.


Жағымды ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Сабаққа өте жақсы қатысқан екі оқушыны анықтау. «Жұлдыз» номинациясын беріледі.
Оқушылар Бір- біріне жақсы тілектерін айтады.








2 мин. І. Қызығушылықты ояту.
Білу
Логикалық тапсырма
Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарында өзен ағып жатты. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, судан әрең өтіп келе жатқан екінші түйеге қулана қарады. Неге? Қандай жағдай болды?



Суда барлық заттар ери ме?

12 мин. Ой қозғау
Түсіну
« Аялдама» әдісі
№ 1 аялдама Су сөзін топтастыру
№ 2 аялдама Судың қасиеті.
№ 3 аялдама Судың жай- күйі.
№4 алдама Судың маңызы. Пайдасы. Зияны. Венн диаграммасы.

Электрондық оқулықтан тапсырма.


Бұрынғы білім мен жаңа білімді ұштастыру мақсатында «Аялдама» әдісі бойынша сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушының қаншалықты білім деңгейінің барын анықтайды, еске түсіреді, ой қозғайды.
-Сенің денеңде қаншалықты су бар?

Адам ағзасында неше су барын есептеу.
Оқушы өз білетінін еске түсіреді,топта талқылайды.Бөлісу, ортаға салу арқылы ойы ашылады, тазарады. Бір бірін бағалайды,өздерін бағалайды

Ол үшін, өз салмағын 3-ке бөліп, шыққан санды 2- ге көбейтеді.
10 мин. ІІ.Мағынаны тану.
Қолдану
Судың күйі Түрлі себептер
1.Қатты мұз күйінде Температура
0 C-тан төмен
2.Cұйық 0 C-тан жоғары
3.Газ тәрізді 0 С- тан жоғары, 100C қайнайды.
-Судың күйі неге байланысты болады?

- Табиғатта судың үш күйде кездесетіндіктерін айттыңдар.
- Судың осы күйлерін қашан және қайдан көруге болады? - Температура мен ауаға байланысты.
6 мин Талдау

Тәжірибе жасау

Оқулықпен жұмыс
Өзінің дәлелдемесін оқулықтағы мәтінмен салыстыру. А) І топ.Тақтаны су шүберекпен сүрткен соң не болады?
ІІ топ.Жаңбыр жауды. Жаңбыр суы қайда кетті?
ІІІ топ. Бұлт қалай пайда болады?
ІV топ.
Жуылған су киім біраздан кейін кеуіп қалады. Сонда су қайда кетті?
Жаздыңгүні таңертең далаға шығып, көгалда жүрсең не байқар едің?

Ә) Cу құйылған ыдысты қыздырып, үстіне мұз салынған тәрелке бекітіліп қойылады.Біраздан соң тәрелкенің түбі су болып, төмен су тамшылай бастайды.

Күннің сәулесі өзен, көл,теңіз және мұхиттардың бетін,қыздырғанда,судың біраз бөлігі буға айналып ұшып кетеді.
Бастапқыда бұл тамшылар өте ұсақ болғандықтан ,оларды көру мүмкін емес.Су бу ауаның салқын қабатына көтерілгенде қоюланады.Олар бірігіп, бұлтқа айналады.
Осы кезде ғана көзге көріне бастайды.
Бұлт ауаның ағысымен қозғалысқа түседі.Ол жауын-шашынға айналып,құрлыққа қайтып оралады.
Брақ,браздан соң күн қыздырғанда бір бөлігі қайтадан буланып ауаға көтеріледі.
Жауын-шашынның бір бөлігі топыраққа сінеді,онда өсімдік қорегіне айналады.Жер асты
сулар қорына қосылады.
Судың мұндай қозғалысын су айналымы дейді. - Бақылау. Қорытынды шығару.

А) мәтінді оқиды.
Ә) Салыстырады.
6мин. ІІІ.Ой толғаныс
Жинақтау
Дәптермен жұмыс


Проблемалық сұрақ Міне, сендер бүгінгі сабақта су туралы жан -жақты мағлұмат алдыңдар. Енді, сызбаға қайта оралайық. Осы схемаға сүйіне отырып бүгінгі тақырыпты бекітейік.

Су Жер бетінен жойылып кетсе, не болар еді?
Әрбір оқушы, әрбір адам суды сақтауы үшін не істеу керек?
Суға қауіп төніп тұр дегенді қалай түсінесіңдер?

Дәптерге табиғаттағы су айналымын түсіреді.
2 мин Рефлексия
-Мен нені білемін?
-Мен нені білгім келеді?
-Мен нені білдім? Сыныпта өз білімімен көрінген оқушыны анықтайды.
2мин. Үйге тапсырма:
Табиғаттағы су айналымы. Біз ішетін суды қайдан аламыз?
Осы тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, материалдарды жинастыру. Күнделіктеріне жазады.
2 мин. Бағалау. Формативті , критерийалды бағалау Критерий бойынша бағалайды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.