Меню
Назад » » »
Судың қасиеті
загрузка...

загрузка...
Сабақ тақырыбы: Судың қасиеті

Сабақ мақсаты: Су және судың күйі, қасиеттері туралы білімдерін жетілдіру.Тәжірибелер жасау арқылы судың қасиеттерін анықтау.
Білімділік: Су туралы мақал-мәтелдер мен тыйым сөздер үйрету.Су туралы мағлуматтар беру.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Судың адам өміріндегі маңыздылығын ескерту, суды қорғауға үнемдеуге үйрету.
Сабақ түрі: тәжірибе сабақ
Сабақ көрнекілігі: лимон, құм, саз, су, мұз, сүт, суреттер, ыдыстар,

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар қазір қандай сабақ?
-Дүниетану сабағында біз сендермен нені үйренеміз?
(Айнала қоршаған табиғат, су, жан, жануарлар туралы білім аламыз.)
-Табиғат туралы не білеміз?
(Табиғат өлі және тірі болып екіге бөлінеді.)
-Балалар адамға өмір сүру үшін не қажет?
(Ауа, су, азық , киім , баспана қажет)
-Олай болса адам бұл қажеттіліктерді қайдан алады?
(Табиғаттан алады.)
Олай болса бүгінгі сабағымызда су туралы өтпек.
Алдымен үй тапсырмасын пысықтап алайық.
Үйге қандай тапсырма берілді?
-Судың күйі
Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.

ІІ Үй тапсырмасын бекіту.
Жұмбақтар жасыру
1 Жылт-жылт етеді
Жылғадан өтеді (су)
2 Өзі судан жаралған
Бірақ судан қорқады.(мұз)
3. Көзге көрінгенімен қолға ілінбейді.(бу)
Ребус шешу Су- тіршілік көзі
ІІІ Жаңа сабақ
Топтармен таныстыру.

1-топ Таза бұлақ Мөлдір, таза тау суы
Кәусардай таза бұлақпыз
Болсаң таза бұлақтай бол
Деді Ыбырай атамыз.

2-топ Ақ желкен Жүзіп білім теңізінде
Ғылымға қанат жаямыз
Ақ желкен боп, желмен ойнап,
Білімге бағыт аламыз.

3-топ Мұхит тобы Алып мұхит ,еңсесі зор
Жер шарында жайылған
Қазыналы мұхитпыз біз
Жер мен жерді жалғаған

4-топ Ақтолқын Көк теңізге күле еркелеп,
Кемелер мен жарысамыз,
Екпінді, асау толқынбыз
Білімге құштар ұланбыз

1-топ Таза бұлақ тобы
1 тәжірибе Судың пішіні қандай?
Тәжірибеге қажетті заттар: мұз сынығы, стақан, табақша, құмыра, су.
Суды стақанға, табақшаға, құмыраға құямыз.
Судың пішіні стақан секілді цилиндр, тәрелкеде жалпақтау дөңгелек, табақшадай дөңгелек пішінге енді.
Енді мұз сынығына анықтап қараймыз. Оны табақшаға немесе алақанға саламыз. Мұз өз қалпын сақтап тұр.
Мұнан шығатын қорытынды сұйық судың пішіні болмайды оны қандай ыдысқа құйсаңда сол пішінге ие болады
2-тәжірибе Судың түсі қандай?
Қажетті заттар: Стақан түсті қағаздар жолағы және су.
Стақанға су құямыз. Стақандағы суға әр түсті қағаз жолақтарын кезекпен салып, оны судың түсімен салыстырамыз. Судың түсін сары, көк, қызыл, қара, сұр деп айтуға болмайды.
Қорытынды су-түссіз.

2-топ Ақ желкен тобы
3 тәжірибе. Судың мөлдірлігі қандай?
Тәжірибеге қажетті заттар: 2 стақан, 2қасық, сүт, су.
Енді бұл топпен мөлдір дегеннің не екенін талқылаймыз.
1-ші стақанды таза сумен толтырамыз. 2-ші стақанға су құямыз.
Екі стақанға да қасық саламыз. Енді біз судың мөлдір екенін көрдік.
Бұдан шығатын қорытынды су- мөлдір.
4-тәжірибе. Судың дәмі қандай?
Қажетті заттар: Қант, тұз, су, лимон, пияз. Табақшаларға әрқайсысына қант, тұз, лимон тілімін, пиязды саламыз. Стақанға су құямыз.Судың дәмін татып көреміз. Пиязды, лимон тілімін, қантты, тұзды татып көреміз. Олардың дәмі қандай?
Қорытынды Суда дәм болмайды.

3-топ Мұхит тобы
5 тәжірибе. Судың иісі қандай?
Қажетті заттар: лимон, пияз, су, табақша, орамалдар
Лимон тілімін, пиязды жеке-жеке табақшаларға салып, үстіне су құямыз. Бір оқушының көзін байлап, оған табақшалардағы заттарды иіскетеміз. Иісін анықтаймыз.
6-топ. 6 тәжірибе Су сұйық күйде қандай қасиетке ие?
Қажетті заттар: 1 стақан екі табақ, 1 кесек мұз.
Суды стақанға құйямыз. Суды табаққа құямыз, екінші табаққа мұзды сал. Екі табақты кезекпен еңкейт. Су бір ыдыстан екін ші ыдысқа ағып жатыр. Ал мұз ақпайды.
Қорытынды су сұйық күйле ағып кетеді.

4-топ Ақ толқын тобы
7 тәжірибе. Су заттарды еріте ала ма?
Қажетті заттар: су, 4 стақан, қант, тұз, құм, саз, қасық.
Стақанға су құямыз. Бірінші стақанға қант саламыз. Келесі стақандарға сазды, құмды, тұзды саламыз. Араластырамыз
Сергіту сәті
Қант, тұз суды еріді. Ал құм мен саз еріген жоқ.
Қорытынды: Суда еритін және ерімейтін заттар болады.
-Балалар енді келесі тапсырма әр топқа жеке тапсырмалар беріледі
1-топ Таза бұлақ тобы су туралы мақал -мәтелдер жазу,

2топ Ақ желкен тобы Қазақстан көлдері мен өзендерін жазу.
3-топ Мұхит тобы су жануарларын атау.жазу
-4топ Ақ толқын тобы судың пайдасы туралы әңгімелеу.өлең жазу

ІV Сабақты бекіту
Су туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?
Суға түкірме.
Беті ашық қалған суды ішпе.
Түнде суға барма.
Суды ысырап қылма.
Қолыңды жуған соң сілкіме.

V Сабақты қорытындылау.

Сонымен балалар су- тіршілік көзі екен. Судың қоры бүкіл әлем бойынша азйып бара жатыр екен. Сондықтан үнемдеп жұмсау қажет екенін ескерек.
Балаларды бағалау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Судың қасиеті можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 208 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar