Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сыңғырла, соңғы қоңырау! -

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2249 | Размер: | Автор: гость
. Екібастұз қаласы әкімдігінің білім
бөлімінің №28 Абай атындағы жалпы
орта білім беретін мектептің
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ахметова Бақтыгүл Далабайқызы

2014-2015 оқу жылының «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты жиынынының әзірлемесі
Өтетін күні: 25 мамыр 2015 жыл
Өтетін уақыты: сағат 10.00
Өтетін орны: мектеп алаңы
Безендіру: жиын өтетін алаң шарлармен, жалаушалармен, «Сәт сапар, түлектер!»сөзі жазылған тақтайшамен безендірілген.

Салтанатты бөлім (10-15 минут)
1-жүргізуші:
Армысыздар, ардақты ата - аналар,қадірлі қонақтар, аяулы ұстаздар, оқушылар және жас түлектер! Қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектебіміздің мерекесіне, оқушыларды сыныптан-сыныпқа көшіріп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын – соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер! Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
2-жүргізуші:
Қымбатты көрермендер!
11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің - мектеппен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың - шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
1-жүргізуші: (Түлектерді ортаға шақыру)
Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 12 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында.
Жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы күнінде,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған мектеп бітіруші түлектердіортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар! Сынып жетекшісі – Жанас Ақерке.
(Оқушылар келе жатқанда ақырын музыка ойналады, түлектер орындарына келіп тұрады)
2-жүргізуші:
Бүгін - алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен күні.
1-жүргізуші: Бүгін -«мектебім, ұстазым» деп ұл мен қыздың көңілі қимастық кешкен күн.
2- жүргізуші: Бүгін - ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
1 – жүргізуші: Бүгін - арман қуып алысқа аттанған күн.
2- жүргізуші: Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
1-жүргізуші:
"Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет" деген екен Шоқан Уәлиханов.Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, - дей отырып, салтанатты жиынымызға ҚРМемлекеттік Туы әкелінсін!
2-жүргізуші: Мемлекеттік Туды енгізуге дайын болыңыздар!
Ту енгізу құрметі 10-сынып оқушылары Амангельдинов Ғазиз, Бағдатова Жұлдыз және Мейрамова Баянсұлуға тапсырылады.
1 - жүргізуші:
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер Әнұран.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
(Әнұран)
2-жүргізуші:Назарларыңызға жұлдыздар шеруін ұсынамыз!
Бірер сәттен соң биылғы 2014-2015 оқу жылында қалалық, облыстық, республикалық деңгейде ғылыми жобалар мен интеллектуалды марафондар, оқулар мен байқаулардың жеңімпаздары, әртүрлі конкурстардың жүлдегерлері алдарыңызда шеру жасайды.
Шеруді бастайтын «Білім тарландары» номинациясына ие болған ұстаздар! Қарсы алыңыздар!
1)Алаңда 2015 жылдың жыл мұғалімі атанған - Алдабергенова Данара Балғабаевна, облыс көлемінде олимпиада жүлдегерін дайындаған талантты ұстаз.Шәкірті - Саясат Айдынбек-6 «А» сынып оқушысы –математика және жаратылыстану пәндері бойынша 6 -сыныптар арасындағы облыстық олимпиаданың 3-орын жүлдегері.
2) Шеруді жалғастырып келе жатқан облыстық «Дарынды балаға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының 1-орын жүлдегері, халықаралық дәрежедегі педагогикалық олимпиаданың қатысушысы - Өнербек Анаргүл және оның шәкірті - Мағзам Назым -6 «А»- сынып оқушысы - «Абайды үш тілде оқимыз» атты қалалық оқулардың 2-орын жүлдегері.
3) Мұғалімдер арасында өткен қалалық пән олимпиадасында 3-орын жүлдегері – тарих пәнінің мұғалімі - Мұхамет Нұрзада.
4)«Жас маман – 2015» сайысының жүлдегері Жанас Ақерке.
(Музыка-туш)
Шеруді жалғастыру құрметіреспубликалық, облыстық,қалалық конкурстардың пән олимпиадаларының жүлдегерлері «Білгірлер» номинациясының иегерлеріне беріледі.
Алдарыңызда облыстық, қалалық пән олимпиадасының жүлдегерлері
1.Ракишева Аққугүл - 8 «Ә» - сынып оқушысы - биологиядан қалалық пән олимпиадасында 3-орын жүлдегері, пән мұғалімі - Қайырбаева Айман Иманбекқызы.
2.Тыныштықбаева Балнұр – 4 «Ә» сынып оқушысы - қалалық қазақ тілі пән олимпиадасының 3-орын жүлдегері. Пән мұғалімі - Маратқызы Алтын.
Алаңда қалалық оқулардың жеңімпаздары, тіл майталмандарын қарсы алыңыздар!
1.Айназарова Қасиет - 6 «Ә»- сынып оқушысы, Сұлтанмахмұт оқуларында «Сөйлей-сөйлей шешен боларсың» номинациясының иегері, дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Көшкенбаева Жамал Солтанханқызы!
2. Жүрер Жания – 9 А сынып оқушысы «Жарқын болашақ» қалалық сайысында «Жазушылар» номинациясы бойынша 3-орын жүлдегері. Дайындаған - Көшкенбаева Жамал Солтанханқызы.
Шеруді жалғастыратын «Жас ғалымдар» номинациясының иегерлері, яғни қалалық ғылыми жобалар жеңімпаздары
1.Айназарова Қасиет - 6 «Ә»- сынып оқушысы - «Ел боламын десең, бесігіңді түзе!» атты жобасымен қалалық ғылыми жобалар сайысында 3-орын жүлдегері. Ғылыми жетекшісі – тарих пәнінің мұғалімі - Мұхамет Нұрзада.
Алдарыңызда «Жас таланттар» номинациясының иегерлері, облыстық интеллектуалды ойындардың жүлдегерлері
1. Беркінбай Ақнұр - 3 «А»- сынып оқушысы - «Алтын асық» облыстық интеллектуалды ойынының жүлдегері. Пән мұғалімі - Арынова Гүлбану Серікқызы
2. Игберлинова Гүлнұр - 3 «А»- сынып оқушысы - «Алтын асық» облыстық интеллектуалды ойынының жүлдегері. Пән мұғалімі - Арынова Гүлбану Серікқызы
3. Дуримхан Бердмұрат - 3 «А»- сынып оқушысы - «Алтын асық» облыстық интеллектуалды ойынының жүлдегері Пән мұғалімі - Арынова Гүлбану Серікқызы
4. Байдаулетқызы Ақбота - 3 «А»- сынып оқушысы - «Алтын асық» облыстық интеллектуалды ойынының жүлдегері. Пән мұғалімі - Арынова Гүлбану Серікқызы

Шеруді жалғастыратын Республикалық интеллектуалды марафондардың жүлдегерлері
1.Салиев Рустам 7 «А»- сынып оқушысы - «Ақбота» республикалық интеллектуалды марафонында 3-орын жүлдегері. Пән мұғалімі - Алдабергенова Данара Балғабаевна
2.Саясат Айдынбек – 6 «А» сынып оқушысы - «Ақбота» республикалық интеллектуалды марафонында 3-орын жүлдегері, дайындаған - Есекеева Жанат Оразбекқызы
3.Ракишева Аққугүл - 8 «Ә» - сынып оқушысы - «Ақбота» республикалық интеллектуалды марафонында 3-орын жүлдегері. Дайындаған Ашимова Алмагүл Тлегенқызы
4.Аманбай Асемай - 4 «А»- сынып оқушысы - «Ақбота» республикалық интеллектуалды марафонында 2-орын жүлдегері. Пән мұғалімі – Досбаева Нұргүл Қабдығалиқызы.
5.Инербаев Исатай 4 «А»- сынып оқушысы - «Ақбота» республикалық интеллектуалды марафонында 2-орын жүлдегері. Пән мұғалімі – Досбаева Нұргүл Қабдығалиқызы.
Нәтижелі тәрбиенің сыры мұғалімге болған құрметте, деген екен Р.Эмерсон
Шеруді жалғастыратын халықаралық қашықтық олимпиадасының жүлдегерлері

«Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін - білім» деп кемеңгер Мұхтар Әуезов айтқандай, Шеруді«Зияткерлік шыңына жеткендер» номинациясының иегерлері жалғастырып келеді. Өйткені олар ағылшын тілінен «Инфоурок» халықаралық жобасының қашықтық олимпиадасының жүлдегерлері. Олар ағылшын тілі мұғалімі, дарынды балалардың талантты ұстазы Исабекова Сая Жанатовнаның шәкірттері.
1. Беркінбай Ақнұр -3 «А»- сынып оқушысы - ағылшын тілінен «Инфоурок» халықаралық жобасының қашықтық олимпиадасында 1-орын жүлдегері. Пән мұғалімі – Исабекова Сая Жанатовна
2. Игберлинова Гүлнұр -3 «А»- сынып оқушысы - ағылшын тілінен «Инфоурок» халықаралық жобасының қашықтық олимпиадасында 1-орын жүлдегері. Пән мұғалімі – Исабекова Сая Жанатовна
3. Исеева Анель-5 «А»- сынып оқушысы - ағылшын тілінен «Инфоурок» халықаралық жобасының қашықтық олимпиадасында 1-орын жүлдегері. Пән мұғалімі – Исабекова Сая Жанатовна
8. Ажикенова Сабина -2 «Ә»- сынып оқушысы - ағылшын тілінен «Инфоурок» халықаралық жобасының қашықтық олимпиадасында 2-орын жүлдегері. Пән мұғалімі – Исабекова Сая Жанатовна
7. Калманбетова Индира -2 «Ә»- сынып оқушысы - ағылшын тілінен «Инфоурок» халықаралық жобасының қашықтық олимпиадасында 2-орын жүлдегері. Пән мұғалімі – Исабекова Сая Жанатовна
4. Темирханова Дильназ -6 «Ә»- сынып оқушысы - ағылшын тілінен «Инфоурок» халықаралық жобасының қашықтық олимпиадасында 2-орын жүлдегері. Пән мұғалімі – Исабекова Сая Жанатовна
6. Авазов Арсланбек -9 «Ә»- сынып оқушысы - ағылшын тілінен «Инфоурок» халықаралық жобасының қашықтық олимпиадасында 2-орын жүлдегері. Пән мұғалімі – Исабекова Сая Жанатовна
9. Ельтинов Мұхаммед -7 «А»- сынып оқушысы - ағылшын тілінен «Инфоурок» халықаралық жобасының қашықтық олимпиадасында 3-орын жүлдегері. Пән мұғалімі – Исабекова Сая Жанатовна
10. Солтанбекқызы Зейнеп -3 «А»- сынып оқушысы - ағылшын тілінен «Инфоурок» халықаралық жобасының қашықтық олимпиадасында 3-орын жүлдегері. Пән мұғалімі – Исабекова Сая Жанатовна
11. Кожатаева Аида – 6 «А»- сынып оқушысы - ағылшын тілінен «Инфоурок» халықаралық жобасының қашықтық олимпиадасында 3-орын жүлдегері. Пән мұғалімі – Исабекова Сая Жанатовна

1. Бузубаева Малика - 6 «А»- сынып оқушысы -халықаралық «Русский медвежонок» конкурсында 2-орын жүлдегері. Пән мұғалімі – Авазова Алия Ерсаевна.
2. Беркінбай Дінмұхаммед - 5 «Ә»- сынып оқушысы -халықаралық «Русский медвежонок» конкурсында 2-орын жүлдегері. Пән мұғалімі – Авазова Алия Ерсаевна.

Алдарыңызда Халықаралық лексико-грамматикалық «Enqlish - Skills» қашықтық олимпиадасының жүлдегерлері
1. Ахметова Аида - 1 «Ә»- сынып оқушысы - Халықаралық лексико-грамматикалық «Enqlish - Skills» қашықтық олимпиадасының 2-орын жүлдегері
2. Ажикенова Сабина 2 а сынып оқушысы. Халықаралық лексико-грамматикалық «Enqlish - Skills» қашықтық олимпиадасының 2-орын жүлдегері
Пән мұғалімі – Исабекова Сая Жанатовна

Алаңда орыс тілі мен әдебиетінен «Инфоурок» халықаралық жобасының қашықтық олимпиадасының жүлдегерлері
1. Какимбаева Алия -8 «Ә»- сынып оқушысы - орыс тілі мен әдебиетінен «Инфоурок» халықаралық жобасының қашықтық олимпиадасында 1-орын жүлдегері. Пән мұғалімі – Ботанова Рауза Сайлаубаевна.
2. Ракишева Аққугүл -8 «Ә»- сынып оқушысы - орыс тілі мен әдебиетінен «Инфоурок» халықаралық жобасының қашықтық олимпиадасында 1-орын жүлдегері. Пән мұғалімі – Ботанова Рауза Сайлаубаевна.
3. Авазов Арсланбек -9 «Ә»- сынып оқушысы - орыс тілі мен әдебиетінен «Инфоурок» халықаралық жобасының қашықтық олимпиадасында 3-орын жүлдегері. Пән мұғалімі – Ботанова Рауза Сайлаубаевна.
4. Танжанова Аделия -9 «Ә»- сынып оқушысы - орыс тілі мен әдебиетінен «Инфоурок» халықаралық жобасының қашықтық олимпиадасында 3-орын жүлдегері. Пән мұғалімі – Ботанова Рауза Сайлаубаевна.

Салтанатты шеруді жалғастыратын халықаралық және «дарын» республикалық орталығымен ұйымдастырылған «British Bulldoq» олимпиадасының жүлдегерлері
1.Сагатова Айша 3 а сынып оқушысы - «British Bulldoq» олимпиадасының 1-орын жүлдегері
2. Исеева Анель 5 «а» сынып оқушысы - - «British Bulldoq» олимпиадасының 1-орын жүлдегері
3. Қасымбаев Елжас 6 «а» сынып оқушысы - «British Bulldoq» олимпиадасының 1-орын жүлдегері
4. Базылгазинова Асем 7 «ә» сынып оқушысы - «British Bulldoq» олимпиадасының 1-орын жүлдегері
5. Ракишева Аққугүл 8 «ә» сынып оқушысы - «British Bulldoq» олимпиадасының 1-орын жүлдегері
6. Амангельдыева Амина 3 «а» сынып оқушысы - «British Bulldoq» олимпиадасының 2-орын жүлдегері
7. Бузубаева Малика – 6 Ә» сынып оқушысы - «British Bulldoq» олимпиадасының 2-орын жүлдегері
8.Туремуратова Зарина – 6 «а» сынып оқушысы - «British Bulldoq» олимпиадасының 2-орын жүлдегері
9. Айназарова Қасиет – 6 «ә» сынып оқушысы - «British Bulldoq» олимпиадасының 2-орын жүлдегері
10. Абдуллаева Назерке – 7 «Ә» сынып оқушысы - «British Bulldoq» олимпиадасының 2-орын жүлдегері
Салтанатты шеруді «Спорт жұлдыздары» номинациясы жалғастырады.
1) Үстел теннисінен облыстық оқушылар спартакиадасының қола жүлдегерлері- Мулдагалиева Мақпал, Алимбетова Жанат, Толеубаев Азат. Дайындаған талантты ұстаз - Хадамхан Бердмұрат.
2) Алдарыңызда «Мықтылардың мықтысы» номинациясының иегерлері, Екібастұз қаласының атын шығарып, мерейін үстем еткендер, шайбалы хоккейден облыстық оқушылар спартакиадасының қола жүлдегерлері - Балапанов Бахтияр, Самаров Ерғанат, Мажкен Райымбек, Алимов Адильхан, Бахриденов Ернар, Жаукенов Жангелді, Тезекпай Мирас. Жетекшісі, дарынды балалардың талантты ұстазы - Ашимханов Жұмажан Жұмаханұлы.
3) Волейболдан облыс жүлдегерлерін қарсы алыңыздар - Есекеев Сұлтан, Маданият Нұриден, Амангельдинов Адильхан, Алимбетова Жанат, Туремуратова Дарина, Тыныштықбаева Ақниет, Мейрамова Баянсұлу, Бағдатова Жұлдыз, Базылгазинова Асем, Жакипова Аида. Дарынды балалардың талантты ұстазы – Хадамхан Бердмұрат.
4. Алдарыңызда шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойынының жүлдегерлері – Парахатов Ержан – 11 сынып оқушысы – тоғызқұмалақтан қалалық жарыста 1-орын жүлдегері, жетекшісі Тимербаева Гүлбақыт Жумабаевна.
Ельтинов Мұхаммет – 7 «а» сынып оқушысы шахматтан қалалық жарыстың2-орын жүлдегері, облыстық жарыстың қатысушысы, жетекшісі Тимербаева Гүлбақыт Жумабаевна.
Алдарыңызда «Мергендер» номинациясының иегерлері, Мылтық атудан Екібастұз ауданының чемпиондары –
Ашимханова Әсем
Ельтинов Хасан
Дуисенбыев Диас
Жетекшісі Ашимханов Жұмажан Жұмаханұлы.
Шеруді жалғастыратын мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып, әртүрлі іс-шарада алда жүретін оқушылар «Өнер жұлдыздары» номинациясын қарсы алайық!
1.«Тұңғыш Президент және менің Отаным» атты республикалық байқауда «Елбасы жолы» тақырыбында ең үздік шығарма жазып, «Тұңғыш Президент және менің Отаным» атты бейнеролик дайындап, Ютуб порталында 565 дауыс жинаған - Ракишева Аққугүл Сағадатқызы – 8 «Ә» сынып оқушысы жақында Теміртау қаласында орналасқан ҚР Президенті атындағы тарихи-мәдени орталықта болып қайтты. Дайындаған - Ахметова Бақтыгүл Далабайқызы мен Ашимова Алмагүл Тлегенқызы
2. Қазақстан Отбасылары күніне орай өткізілген «Бәрі де отбасынан басталады» атты мектепішілік өнер фестивалінде 1-орын жүлдегерлері – 8 «Ә» сынып оқушысы Магзумова Тұмарай мен анасыРахметова Алма
3. Қазақстан Отбасылары күніне орай өткізілген «Бәрі де отбасынан басталады» атты мектепішілік қолөнер көрмесінде 1-орын жүлдегері 1 «б» сынып оқушысы Кенжебай Аружан, анасы
4.«Мақпал мәдениет үйінің 20 жылдығына орай өткізілген «Құлыншақ» байқауының жүлдегері Аманбай Исламбек. Сынып жетекшісі Тимербаева Гүлбақыт Жұмабаевна.
5. Алдарыңызда 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай өткізілген « Достық. Қазақстан. Бейбітшілік» атты көрменің жүлдегерлері
1 «Б» сынып оқушысы Мұхаметкали Арулыат және анасыБоранбаева Сания
1 «А» сынып оқушысы Джумабаева Даяна мен анасы Ахметова Замзагуль.
«Ешбір ата-ана өз перзентіне мінез-құлқынан артық мұра қалдырмайды» деп айтылған екен мың бір хадисте. Мектеп туралы баласына дұрыс көзқарас қалыптастыра білген ата-аналарға қошемет көрсетейік.

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі" деген атақты педагог К.Д.Ушинскийдің сөзімен шеруді аяқтап, алдағы уақытта да мектебіміздің ұстаздары мен шәкірттеріне толағай табыстар тілейміз.
2 - жүргізуші:
Жол сілтеп қараңғыда жанған шамдай,
Адаспас білім берген таңнан талмай,
Ұстазға бас иейік кел ағайын,
Өсірген тал-шыбығын бағбандардай.
Құттықтау сөз мектеп директоры Кенжебаева Айман Кабиқызына беріледі.
1 - жүргізуші:
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.
Келесі құттықтау сөз Солнечный поселкесінің әкімі Алшимбаева Маржан Кадыровнаға беріледі.
жүргізуші:
«Ауылына қарап азаматын таны» демекші құттықтау сөз кезегі АО Екібастұз ГРЭС-2 станциясының өкілі беріледі.
Келесі құттықтау сөз кезегі Мақпал мәдениет үйінің директоры Илеубаев Архат Әділханұлына беріледі.
1 - жүргізуші:2014-2015 оқу жылының қорытындысымен, мектеп басшысының бұйрығымен таныстыруүшін және марапаттау рәсімі директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есекеева Жанат Оразбековнаға беріледі.
Марапаттау негізгі бөлім (20 минут)
2 - жүргізуші:
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.
Мектеп бітіруші түлектерге 1-сынып оқушылары рамазанқызы Мерей мен ақ тілегін білдіреді.
(1-сынып тақпақ)
1-жүргізуші:
Самғатқан көктен биік қырандайын,
Жайқалтқан шыңнан биік шынардайын,
Арманға жетелеген білім беріп,
Ұстазға жүрегімнен жыр арнайын.
Қазір мектеп бітіруші түлектер өздерінің мектеп қабырғасындағы ең соңғы тілектерін, тебіреніс сезімдерін білдіргелі тұр, ендеше сөз кезегі түлектерге беріледі.
2 - жүргізуші:
Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi үшiн күймесе,шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе.
Аттандық бақыт сапарға,
Ұстаздан білім, бата алып.
Қосылып үлкен қатарға,
Келерміз Адам аталып

Түлектерге ең алғаш қалам ұстатып, әріп танытқан алғашқы ұстазы Арынова Гүлбану Серікқызына, Есмагамбетова Гүлмира Кабулдиновнаға,11-сыныптың жетекшісі Жанас Ақеркеге құттықтау сөз беріледі.
2 - жүргізуші:
Өмір берер ертеңгі бағаларын,
Ұядан ұшпақ бүгін балаларың.
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген,
Қош келдің әкелер мен аналарым.
Келесі сөз кезегі алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары атынан Алимбетова мариям Қайркеновнаға беріледі.
11-сынып оқушыларының әні
1-жүргізуші:
Мектеп дәстүріне айналған Білім кілтін тапсыру рәсіміне куә болыңыздар.
Кілт тапсырушы: оқу екпіндісі - Мулдагалиева Макпал, кілтті қабылдап алушы - 1-сыныптың үздік оқушысы, минутына 70 сөз оқып, сыныптас құрбыларының алды болған, білімпаз бүлдіршін - Кенжебай Аружан
Мулдагалиева Мақпал:
Сіздерге бірінші аманат
Жан азығы адамның – ана тілі,
Тек сонымен ашылған дала гүлі.
Өнер алды – қызыл тіл дейді қазақ,
Бұл мәтелдің тереңде мәңгі сыры.
Жас ұрпаққа жалынды,
Сөз маржанын дарытқан.
Абай, Пушкин жырымен,
Тіл арқылы табысқан.
Тілдің сырын меңгерген,
Тіл білуді жөн көрген.
Көсегесін көгертіп,
Ғажайып бір өң берген
Ел азаматы болыңдар.
Білім кілтін сақтаңдар!
Кілтті қабылдаушы 1 сынып оқушысы Кенжебай Аружан
Оқуды терең меңгеріп,
Аманатты ақтаймыз.
Мектепті үздік бітіріп,
Әдеп-салтты сақтаймыз – деп, уәдемді беремін.
2-жүргізуші:
Қош айтысып балалық шақ өткеніне,
Қош айтысып сүйікті мектебіне
Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар
Аттанып барады өмір көктеміне
Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер! Мектепте 11 жыл ішінде 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер. Оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда естідің, 45 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда. Ал, бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтан мектеп белесіне асыратын қоңырау.
1 - жүргізуші:
Соңғы қоңырауды соғу құрметіне болашағынан зор үміт күттіріп отырған, мектеп қабырғасында өткен 11 жылда мектеп өмірі туралы өзінің мақалаларын баспасөз беттеріне жариялап отырған, мектебімізде жас қаламгер атанған, болашақ журналист, дарынды оқушы, мектеп мақтанышы, мерген сайыстарының жеңімпазы – Ашимханова Әсем мен 1-сыныптың үздік оқушысыминутына 80 сөз оқып, сыныптас құрбыларының алды болған, білімпаз бүлдіршін
Ахметова Анельие болды
Соңғы қоңырау соғу сәті
2-жүргізуші: Салтанатты жиынымыздан ҚР Мемлекеттік туы әкетілсін!
1-жүргізуші:
Қоштасады ұшқан ұяң – мектебің,
Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.
«Сәт сапар» -деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін.
Бітіруші түлектер мектеп вальсін билейді. Тамашалайық!
Жүргізуші:Осымен салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау болыңыздар демекпіз.

№28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Салтанатты жиын



Дайындаған:
№28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің
тәрбие ісінің меңгерушісі Б.Д.Ахметова

2014-2015 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.