Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сыбайлас бұрыштар -

Сыбайлас бұрыштар

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2315 | Размер: | Автор: гость
. Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Төменарық ауылы
№53 А.Д.Романов атындағы орта мектебінің
математика және информатика пәнінің мұғалімі
Жантілесов Фархад Орынбекұлы

Пәні: Геометрия Сыныбы: 7 а
Тақырыбы: Сыбайлас бұрыштар
Мақсат:
Жаңа білім • Сыбайлас бұрыштардың ұғымымен танысып, олардың қасиеттерін білу.
Жаңа түсінік • Бір қабырғасы ортақ, ал қалған екі қабырғасы толықтауыш сәуле болып келетін екі бұрыш сыбайлас бұрыштар деп аталатынын түсіну.
Қолданым әрекеті • Сыбайлас бұрыштардың қасиеттерін амалдарды қолдана есептер шығару.
Талдау әрекеті • Сыбайлас бұрыштар жөніндегі теорема, теореманы дәлелдеу.
Шығармашылық әрекет • Сыбайлас бұрыштарға сыныпта есептер шығару.
Бағамдау әрекеті •Сыбайлас бұрыштарды және оның ұғымдарын қорытындылау.
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (10 мин.).
ІІ.Алғашқы бекіту (5 мин.).
ІІІ.Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).
ІV.Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).
V.Бағамдау-бағалау (5 мин.).
Сабақ типі: • фронтальді, жұптық, топтық.
Оқыту әдісі: • репродуктивті, ішінара ізденушілік.
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
•оқушыларға бағыт-бағдар, қажет болған жағдайда көмек береді
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
•сыбайлас бұрыш, сәуле, қабырға, түзу, теорема, аксиома
Оқушыда дағды қалыптастыру:
• тақырып бойынша әртүрлі танымдық сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу.
Ақпарат көздері:
1. Ә.Н.Шыныбеков “Геометрия” 7сынып оқулығы. Алматы «Атамұра» 2012.
Оқушы жетістігін бағалау:
• оқушыға сабақ блоктарының деңгейлік тапсырмаларын уақытылы орындауы, топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады
Үй тапсырмасы:
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы:
Есеп шығару сабағына дайындық ретінде, алдыңғы тақырыптарды қайталап кел.
І. АҚПАРАТ АЛМАСУ



Тақырып жоспары:
Кіріспе:
1. Сыбайлас бұрыштар
1. Сыбайлас бұрыштар жөніндегі теоремасы
2. Теореманы дәлелдеуі
Слайдтар:
1-слайд Сыбайлас бұрыштар

2-слайд
 Бұл тақырыпты оқу кезінде сыбайлас бұрыштар туралы білімдеріңді кеңейтіп, тереңдете түсесіңдер; сыбайлас бұрыштар ұғымымен танысып, олардың қасиеттерін үйреніп, оларды қолданып, есептер шығаруды үйренетін боласыңдар.

3-слайд
 Анықтама. Бір қабырғасы ортақ, ал қалған екі қабырғасы толықтауыш сәуле болып келетін екі бұрыш сыбайлас бұрыштар деп аталады.

4-слайд
∙ Суретте BOD және DOA сыбайлас бұрыштары OD қабырғасы ортақ, ал OB мен
OA қабырғалары толықтауыш сәулелер, бірін-бірі түзуге толықтырып тұр.

5-слайд
 Теорема. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180°-қа тең.

6-слайд
 Дәлелдеу. Үшінші топтың екінші аксиомасы негізінде былай жаза аламыз:
∠AOD+∠DOB=∠AOB
∠AOB-жазыңқы бұрыш
онда ∠AOB=180°
ендеше, ∠AOD+∠DOB=180°
Теорема дәлелденді

ІІ.АЛҒАШҚЫ БЕКІТУ
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Сыбайлас бұрыштар Сыбайлас бұрыштар теорема Сыбайлас бұрыштар дәлелдемесі

Қорытынды:___________________________________________________________

ІІІ.ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Сүйір бұрыш сызыңдар. Осы бұрышты ABD жазыңқы бұрышқа толықтырыңдар. Пайда болған бұрыштарды жазыңдар.
______________________________________________________________________
2. Берілген АВС және СВЕ сыбайлас жатқан бұрыштар арқылы АВЕ бұрышын табыңдар. АВЕ және АВС бұрыштарын салыстырыңдар.
______________________________________________________________________

ІІ деңгей тапсырмалары
1. Екі бұрыштардың қиылысуынан пайда болған бұрыштардың бірі 50°-қа тең, қалған бұрыштарын табыңдар. Мұндағы сыбайлас бұрыштарды, жазыңқы бұрыштарды көрсетіңдер.
______________________________________________________________________
2. Сыбайлас бұрыштардың бірі екіншісінен 5 есе артық болса, ол бұрыштардың үлкені нешеге тең?
______________________________________________________________________
ІІІ деңгей тапсырмалары
Сыбайлас бұрыштардың биссектрисcалары арасындағы бұрыш 90°-қа тең болатынын дәлелдеңдер.
______________________________________________________________________

ІV.ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТ

Топтық жұмыс.
a) Сыбайлас бұрыштардың биссиктрисалары арасындағы бұрыш 90˚ - қа тең болатынын дәлелдеңдер.
b) Біреуі 60˚ - қа тең болатын сыбайлас бұрыштар биссиктрисалары арасындағы бұрыштың шамасын табыңдар.
c) Кез - келген сыбайлас бұрыштардың биссектрисалары арасындағы бұрыштың шамасы қандай?
______________________________________________________________________

V.БАҒАМДАУ-БАҒАЛАУ
VI.ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН БЕРУ
3. Сыбайлас бұрыштардың біреуі 1) 45° 2) 120° 3) 18° болса, онда оның екінші бұрышы неге тең?
______________________________________________________________________
4. Сыбайлас бұрыштардың бірі 48° болса, онда екіншісі нешеге тең?
______________________________________________________________________

РЕФЛЕКСИЯ
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.