Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сын есім. -

Сын есім.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1692 | Размер: | Автор: гость
. Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы Академик О.А.Жаутыков атындағы
Жалпы білім беретін №
Сабақтың тақырыбы: Сын есім.
Сабақтың мақсаты: а) білімділік – сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру,сын есім туралы жалпы мағлұмат беру,сын есімнің сындық қасиеттерін ашу;
ә) дамытушылық – түрлі әдістерді пайдалана отырып,оқушылардың ой-қабілеттерін,сөздік қорларын,байқағыштық қасиеттерін дамыту;
б) тәрбиелік – Абай өлеңдерін,әндерін жатқа айтқызып,талдау барысында әдемілікті,әсемдіктітүсінуге,туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу,эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың әдісі:түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап,көрнекілік,оқулықпен жұмыс,жаттығу,салыстыру әдістері.
Көрнекіліктері: Абайдың табиғат лирикаларынан буклет,әндері,аудармалары,карточкалар,ойын түрлері,плакат,бейнесөз,мемлекеттік елтаңба,ту.
Пәнаралық байланыс:әдебиет,музыка,орыс әдебиеті,бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Өткен тақырыптар бойыншы сұрақтар қоямын.
1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
2.Зат есім дегеніміз не?
3.Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір.
4.Деректі және дерексіз зат есімдер дегеніміз не?
Жаңа сабақтың тақырыбын жазбас бұрын бейнесөз шешіп көрелік.Бейнесөзде қоржын мен киіз үйдің есігі бейнеленген.Қоржынның алдыңғы 4 дыбысын алып тастап,орнына «с» дыбысын, есіктің соңғы дыбысын алып тастап,орнына «м» дыбысын қойса, «сын есім» деген сөз шығады.
Қазақ тілі - өте бай тіл.Оның құрамында әлденеше мыңдаған сөз бар.Сол сөздердің мағыналарына,атқарылатын қызметіне,сұрағына қарай тоғыз топқа бөлінеді,соның бір табы зат есім деп аталса,келесі бір табы сын есім деп аталады.Зат есім заттың,құбылыстың атын білдірсе,сын есім сол заттың,құбылыстың сын-сипатын,көлемін,түр-түсін,сапасын білдіреді.
Мысалы:
ақылды қызыл
Бала саналы гүл әдемі
ойлы нәзік
Сын есімнің мынадай маңызды белгілері болады.
1 Заттың түрін,түсін білдіреді ақ(қағаз),көк(сия),сұр(бұлт),т.б.
2 Заттың көлемдік,аумақтық белгісін,сынын білдіреді биік(үй),тар(бөлме),ұзын(ағаш),т.б.
3 Заттың сапалық сипатын білдіреді жақсы(сөз),сараң(адам),тентек(бала),т.б.
4 Заттың дәмін,иісін және басқа сипатын білдіреді ащы(пияз),тұщы(су),тәтті(тоқаш),т.б.
5 Затқа,қимыл іс-әрекетке,мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді. тасты(жер),балалы(үй),көтеріңкі(көңіл),т.б.

Сын есім қандай,қай деген сұрақтарға жауап береді.Мысалы:желсіз түнде жарық ай. Мұнда желсіз,жарық сөздері түн,ай деген зат есімдердің сынын,сапасын білдіріп,қандай деген сұраққа жауап береді.Жарық (қандай) ай,желсіз (қандай) түн.
Сонымен,заттың сынын,сипатын,түр-түсін,иісін,дәмін,көлемі мен аумағын білдіріп,қандай,қай деген сұрауларға жауап беретін сөз табын сын есім дейміз.
(Оқушылардан жекелеп қайтадан сұраймын).
- Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? ...
- Тағы қандай жыл мезгілдері бар? ...
- Жылдың төрт мезгіліне де өлең жазған қай ақынды білеміз? ...
- Дұрыс айтасыңдар,Абай - қазақтың ұлы ақыны.
Кім «Күз» өлеңінен үзінді жатқа оқи алады? ...
Оқушыдан өлеңді жатқа сұрап,сын есімдерін тапқызып,тақтаға жазғызамын.
Сұр бұлт,түсі суық,қаптайды аспан,
Күз болып,дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма,тоңғаны ма,
Жылқы ойнап,бие қашқан,тай жарысқан.
«Қыс» өлеңінен де үзінділерді жатқа сұрап,сын есімдерін табу.
Ақ киімді,денелі,ақ сақалды,
Соқыр,мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау,түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
«Көктем» туралы өлеңінен үзінді оқып,сын есімін табу.
Ай,жұлдызға жылы жел хабар беріп,
Жан-жануар қуанар тойға еліріп.
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер,өзіне шырай беріп.
«Жаз» өлеңінен үзінді оқып,сын есім табу.
Жаздыкүні шілде болғанда,
Көкорай шалғын болғанда
Ұзарып өсіп толғанда.
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда.
Абай тек өлең жазып қана қоймаған,ән де шығарған.Абай - өзінің отыздан астам өлеңіне ән жазған сазгер.Енді Абай әндерін орындаймыз.
I топ «Желсіз түнде жарық ай»
II топ «Көзімнің қарасы».
Әр топтан 2 оқушыдан шығып,өлеңдегі сын есімдерді табады.
Абай А.С.Пушкин,М.Ю.Лермонтов,Л.Н.Толстой,И.С.Тургенов,И.А.Крылов шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Біздер қазір И.А.Крыловтан аударған мысалдарына тоқталамыз.
I топ «Есек пен бұлбұл».
II топ «Бақа мен өгіз».
Әр топ мүшелері алдымен қысқаша мазмұнын айтады да,кейіпкерлерге сипаттама береді.
Есек Бұлбұл Өгіз Бақа

Оқулықпен жұмыс. 129-жаттығу (63-бет).
Оқып шығып,өлең жолдарындағы сын есімдерді табыңдар,олардың мағыналық белгілерін ажыратыңдар.
128-жаттығу. Берілген сын есімдерді мағыналық жағынан байланысатыг зат есімдерімен тіркестіріп жазыңдар.Мсыалы: салқын су,салқын ауа,салқын түн,салқын күз, ...
Ойын: «Бір сөзбен айтқанда қандай дейді?»
- Жақсы оқитын оқушы (үлгілі).
- Сөзге шебер адам (шешен).
- Тез ашуланатын адам (ашуланшақ).
- Сабақ оқымайтын оқушы (жалқау).
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша «екі жақты күнделік»стратегиясымен жұмыс.
I топ Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ,
Қой мойынды,қоян жақ,бөкен қабақ.
Ауыз омыртқа шығыңқы,майда жалды,
Ой желке,үңірейген болса сағақ.
II топ Жарық көрмей жатсаң да ұзақ,кен тілім,
Таза,терең,өткір,күшті,кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аласың,сен тілім!
Осы өлеңдерді оқу арқылы оқушылар қорытынды түйін шығарады,соған байланысты мақал-мәтелдер жазады.Мақал-мәтелдерге сын есім болу керек.Оқушылар топтарымен бірлесіп жұмыс жасайды.
Мысалы: Ең тәтті де,ең ащыда – тіл.
127-жаттығу.ҚР-ң Туы мен Елтаңбасын суреттеп жазыңдар.Мәтіндеріңде сын есімнің болуын ескеріңдер.
Тақтаға екі топтан бір-бір оқушыдан шығарамын.
I топ. Елтаңбаны сипаттап жазу.
II топ.Туды сипаттап жазу.
Қорытынды.
Өткізілген сабақты қорытындылаймыз.Оқушыларға сұрақ қою арқылы сын есімді,оның сұрақтарын,оның сындық қасиеттеріне тоқталып кетеміз.
Үйге тапсырма: сын есім,ережелері,130-жаттығу.
Білімдерін бағалау.

Бір тамшы ой
Күн болсаң да күншілдер кім демейді,
Көк есекті Тайбурыл күндемейді
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.