Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сын тұрғысынан ойлау -

Сын тұрғысынан ойлау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2093 | Размер: | Автор: гость
. Сланбек Айгүл Көшкінбайқызы,
Қажымұқан атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Оңтүстік Қазақстан облысы
Ордабасы ауданы
Сабақтың тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау

Коучинг жоспары

Сабақтың тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау
Жалпы мақсаты: Бұл тақырып мұғалім мен оқушылар арасында диалогтік өзара әрекеттестік арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуға арналған. Мұғалімнің сын тұрғысынан ойлауы түрлі жастағы топтарда қадағаланатын балалардың жауаптары мен оқыту үдерісі туралы ойлануы арқылы дамиды. Балалардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту жолдары оларды мәселеге көңіл аударуға және саяхаттар мен көліктер туралы мәліметтерді талдауға шақыру нәтижесінде қарастырылатын және бағаланатын болады. Балалар өз құрбыларымен және мұғаліммен сұхбаттасуда өз көзқарасын айтады әрі қорғай алады. Оқытудың анағұрлым ауқымды мәселелері әлеуметтік ғылым мен оқытудың байланысында жан-жақты сөз болады.
Оқу нәтижелері: Осы тақырып мұғалімдерге:
• қатарластары арасында бірлесіп жұмыс істеу мен талқылау үшін визуалды және ауызша дереккөздерді пайдалануға;
• жас ерекшеліктерін ескеріп, балалардың уақыт пен кеңістік туралы сын тұрғысынан ойлауын дамыту бойынша одан әрі қабылданатын іс-әрекеттерді жоспарлауға;
• сыныпта оқытуды жақсартуға қажетті диалогтің сипаты туралы сын тұрғысынан ойлауға;
• оқу жоспарының мақсаты мен құндылықтары туралы сын тұрғысынан ойлауға;
Түйінді идеялар: • Визуалды және ауызша түрдегі негізгі ақпарат балалардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді.
• Сындарлы және ашық диалогке қатысу балалардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді.
• Балалардың жауабын бақылау, жазып алу мен талқылау сауатты оқытуға ықпал етеді.
• Оқушылардың өзіндік ой-пікірлерін жеке тұлғаға бағыттау негізінде,өзара тиімді қарым-қатынас жасауға жол ашады.
Жаттығулар: Кіріспе. Сын тұрғысынан ойлау.
Дереккөздер: «Білім берудегі сын тұрғысынан ойлау» таныстырылымы (Білім беру платформасын қараңыз).
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құралдары (Білім беру платформасын қараңыз).
«Пікірталас жүргізуге арналған құралдар» таныстырылымы (Білім беру платформасын қараңыз).
Оқу бағдарламасы туралы сын тұрғысынан ойлау (Білім беру платформасын қараңыз).
Оқытуды жеке тұлғаға бағыттаудың он тәсілі (Білім беру платформасын қараңыз).
сессия тапсырмалар
Тыңдаушының әрекеті

Сергіту сәті
«кемеде» Тыңдашылар «кемеде» жүргендей араласып жүреді. Юнга деген кезде
1-жаттығу: Қалай сын тұрғысынан ойлану керек? (Мұғалімдерге арналған тапсырма) а) Ақылдың алты қалпағы (де Боно) әдісін («Пікірталас жүргізуге арналған құралдар» таныстырылымын қараңыз) пайдалану арқылы орындалатын жаттығу.
Алты адамнан тұратын топта жұмыс істеп, топ мүшелері арасында алты түсті қалпақты (рөлдерді) бөлу.
Талқыланатын мәселе: Дарынды және талантты балалар болмайды. Әркімнің табысы – өздеріне берілген мүмкіндікті орынды пайдаланып, талмастан жұмыс істеуінің нәтижесі.
Топтың әрбір мүшесі өз қалпағының түсі қандай болса, сондай түсті қалпағы бар адамдармен бірігіп, шағын топ құрады. Бұл тәсіл «Өкіл» деп аталады («Пікірталас жүргізуге арналған құралдар» таныстырылымын қараңыз). Шағын топтарда мәселені де Боно қалпағының түсі тұрғысынан талқылайды. Сосын өздерінің бастапқы топтарына оралып, топ мүшелерінің әртүрлі көзқарастарын ескере отырып, мәселені әрі қарай талқылайды. Топ ішінде келісімге келіп, дәлелдерді және де ол дәлелдердің кемшіліктерін көрсете отырып, топтың пікірі баяндалған хабарлама жазылады.
ә) Үлкен топты екіге бөледі. Бір топ жаттығудың а-бөлігінде айтылған тұжырымды жақтайды, екінші топ даттайды. Әр топтан өз тобының пікірін білдіретін үш адам шығады. Әрбір дәлелді тыңдап, ол дәлелдің орынды немесе орынсыз екендігі туралы кері байланыс ұсыну.
2-жаттығу: Қалай сын тұрғысынан ойлану керек? (Оқушыларға арналған тапсырма) а) Көрнекі және ауызша деректерді талдау
Көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау (Білім беру платформасын қараңыз).
Ауызша алынған ақпарат туралы сын тұрғысынан ойлау (Білім беру платформасын қараңыз).
Миға шабуыл (Білім беру платформасын қараңыз). Сабақтың мақсаты: Абай қарасөздері туралы толық мәлімет бере отырып, қарасөздерінің жанрлық ерекшелігін, абайдың өзі тапқан прозаның жаңа түрі екенін, өмір,тәрбие,тірлік тәжірибесінен туған педагогикалық талғам екенін оқушыларға жеткізу.
Оқушылардың қарасөздерді талдауда сыни тұрғыдан баға беруге дағдыландыру.
Турашылдыққа, әділеттілікке, сыни көзбен қарауға, топта бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,топтастыру, ой шақыру, Венн диаграммасы, 5 жолды өлең, эссе, т.б.
Сабақтың құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, аудиоматериал, Абай альбомы, мәтіндер, ватман, түрлі-түсті қағаз, қаламдар, т.б.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру: Оқушыларға бүгінгі сабаққа жақсы көңіл-күй тілей отырып, алдарына берілген жапсырма қағазға бүгінгі сабақта алғысы келген бағаларын жазып, партаның астына жапсырып қоюларын сұраймын.
І. « Сын тұрғысынан ойлау – сыни ойлау ма? Эдвард де Боне «6 ойлаушляпасы» негізінде «Өкіл»стр.
Шульман ілімін / Абай тәлімінде ... ой толғау
Балалар, осының ішінен Абайға жақын, Абайға тән үш сөзді таңдап алайық. «Жүрек», »Қайрат», «Ақыл», міне, осы үшеуі Абай поэзиясына да, қарасөздеріне де тән сөздер. .
ә) Балалар, біз осы сөздер туралы тереңірек білу үшін 7-қарасөзін тыңдап көрейік. Әр топ Абай сөздерінен өздеріне тән қасиеттерді түртіп алсын. Әр топ мұқият тыңдап отырып, қажетті сөздерді түртіп алады.
ІІ. Мағынаны тану: Әр топқа Абайдың қарасөздері беріледі, Сол қарасөздерін талдай отырып, 17-қарасөзінен естіген мәліметтермен байланыстырады.
І. «Жүрек» 7-қарасөзі тыңдалым
1. Қарасөздердің мазмұнын ашып, ең түйінді ойларды бөліп алу.
2. «Жүрек» сөзімен байланыстыру
ІІ. «Ақыл» 18-қара сөзі оқылым
1. Қарасөздердің мазмұнын ашып, ең түйінді ойларды бөліп алу.
2. «Ақыл» сөзімен байланыстыру
ІІІ. «Қайрат» 44-қара сөзі
1. Қарасөздердің мазмұнын ашып, ең түйінді ойларды бөліп алу.
2. «Қайрат» сөзімен байланыстыру
Мұғалім: Абайдың қарасөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. Ақынның гуманистік идеясы тек өлеңдерінде ғана емес қарасөздерінде де көрініс тапқанына көз жеткіздік. Абай - өз заманының биік парасат иесі ғана емес, бүгінгі заман қайшылықтарын шешуге оң бағыт берген биік тұлға. Олай болса бүгінгі сабақтан алған әсерімізді шығармашылық тапсырмалармен пысықтайық.
ІІІ. Рефлексия
І. «Жүрек» 5 жолды өлең
ІІ. «Ақыл» Ой толғау
ІІІ. «Қайрат» эссе
Автор орындығына шығып, шығармаларын орындайды.
Қорытынды. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысқан Абай есімі ешқашан өлмек емес, Абай тірі, өйткені оның шығармалары мәңгі жасай бермек. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абай біреу-ақ, Абайы бар елдің мерейі үстем!
9 суреттен жинақталған «Сергіту» . Суреттер оның мәні. Суреттер мен артефактілер
Мына суреттердің ішінен өзіңізге ең қатты ұнағанын, түсі мен көлемі бірден көзіңізге түскенін таңдап алыңыз.

1.Қамсыз, ойнақы, мұңаймайтын.
Өмір сіз үшін бостандық және спонтанды, әр минуттан рахат алуға тырысасыз. Сіздің девизіңіз: «Біз бір-ақ рет өмір сүреміз!». Жаңа сезімдерге, бастамаларға ашықсыз, білуге құмар, өзгерістерді жақсы көресіз. Сізге бір жағдайларға байланысты шектеулер, өзіңізді байланғандай сезінуден жаман нәрсе жоқ. Сіз айналаңызды зерттеп жүресіз, тосын сыйларды жақсы көресіз.
2.Тәуелсіз, тік, жаңа шарттарымен.
Сіз үнемі өз жолыңызбен жүресіз, өзіңізді тоқтатуға тырысатын факторларды мойындамайсыз. Сіздің бос уақытыңызда немесе жұмыста көрсететін әртістік қабілетіңіз бар. Бостандықты сүйетініңіз соншалық, өзіңізден күтпеген әрекеттерге барасыз. Сәндегі жаңа нәрселердің барлығын ұстана бермейсіз. Ағысқа қарсы келсе де, өзіңіздің өмір жайлы ойларыңыз-бен, ұсыныс, сенімдеріңізбен өмір сүресіз.
3.Өз бетінше сараптама жасап, ойлануға жақын. Сезімтал, басқа адамдарға қарағанда өзі және айналасындағы әлем жайлы көп ойланады. Үстірт тірлікті ұнайтпайды. Бос сөзді тыңдағанша, өзіңізбен өзіңіз болғыңыз келеді. Дегенмен достарыңызбен арақатынасыңыз өте толыққанды, содан ішкі гармония мен тыныштықты сезінесіз, ал ол жақсы көңіл-күй үшін керек нәрсе. Ұзақ жалғыз қалу сізді қорқытпайды. Сіз сирек сағынасыз.
4.Өмірге құштар, салмақты, үйлесімді.
Табиғилық пен қарапайымдылықты бағалайсыз. Жерде тік тұра алатындығыңыз үшін және сізге сенуге болатындықтан адамдарға сізбен болу жайлы. Өзіңізге қымбат адамдарға қамқорлық көрсетесіз, дегенмен оларға қысым жасамаңыз. Сізді жұмсақ, ақ жүректі адам деп санайды. Сән жаңалықтарына сенімсіздікпен қарайсыз.
5.Өз күшіне сенетін, прагматикалык, кәсіпқой.
Сіз өміріңізді бақылауда ұстап, сәттілікке үміт артпайсыз, тек өз күшіңізге сенесіз. Мәселелерді еш қиындықсыз, қарапайым жолмен шешесіз. Өмірге және күнделікті тіршілікке тура қарап, олардың шешу жолын іздейсіз. Сіз сенімді адам болғандықтан, жұмыста сеніп, жауапкершіліктің маңызды бөлігін жүктейді. Ішкі-жан дүниеңіздің күші сыртқа да көрінеді. Бастаған ісіңізді аяғына жеткізбей жатып, рахат сезімін сезінбейсіз.
6.Әлемсүйгіш, ақылмен шешіп, ашуға бой алдырмайды.
Сіз тез араласып, тіл табысып кететін болғанмен, өте сақ адамсыз. Достарды оңай табасыз, бірақ тәуелсіз болып, жалғыз қалғанды да ұнатасыз. Жалғыздықтан рахат алып, өмір жайлы ойлану үшін және бүкіл әлемнен бір сәтке болса да дем алу үшін өзіңізбен-өзіңіз жеке қалуыңыз қажет. Дегенмен сіз жалғыз емессіз. Өзіңізбен де, қоршаған ортамен де керемет үйлесесіз, өмірдің сыйын бағалай біліңіз.
7.Сенім артуға болатьш, өз күшіне сенетін адам.
Аса сезімталдығыңыздың арқасында нағыз бағалы нәрселерді тани аласыз. Өзіңізді жақсы адамдармен қоршап жүресіз. Мәдениет өміріңізде үлкен мәнге ие. Өз стильіңіз бар, эксклюзивтік және сырбаз, сәнге тәуелсізсіз. Өміріңіздің мәні сізге рахат алып келетін жолдардан құралған.
8.Романтикалық, арманшыл, эмоциональді.
Өте сезімтап адамсыз. Заттарға тиімді түрде қарайсыз. Ішкі сезіміңіздің не дейтіні маңызды. Армандарыңыздың көп болғанын қалайсыз. Романтиканы ұнатпайтын адамдар сізге ұнамайды. Сіздің эмоцияңыз бен сезімдеріңізді шектейтін ешқандай нәрсені қабыл-дамайсыз.
9.Динамикалық, белсенді, экстраверт.
Тәуекелге бел буғышсыз. Өзіңізге ауыр жауапкершілік жүктейсіз, орнына қызықты, жан-жақты жұмысқа қызығушылық танытасыз. Кертартпа, ескішілдікте мінезіңіз бар.
10. Джиксо әдісі бойынша «Бақыт деген» мәтінімен жұмыс, ұжымдық оқу негізіне арналған тапсырмаларды орындау (ауызша, жазбаша; айтылым, тыңдалым)
Үлгі ретінде ұсынылатын материалдар:
Талантты және дарынды балаларға жағдай жасау: мүмкіндіктер ауқымын кеңейту
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.