Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сын  тұрғысынан  ойлау  модулінің  әдіс- тәсілдерін  география  пәнінде  пайдалану -

Сын тұрғысынан ойлау модулінің әдіс- тәсілдерін география пәнінде пайдалану

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1415 | Размер: | Автор: гость
. Сын тұрғысынан ойлау модулінің әдіс- тәсілдерін география пәнінде пайдалану
Ибраева Гүлшат Абдуллаевна,
С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің
І категориялы география пәні мұғалімі. ОҚО, Мақтарал ауданы
Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларының негізгі тізбесіне қадағалау, интерпретация,талдау, қорытынды жасау, бағалау, түсіндіру, метатану кіреді.Сын тұрғысынан ойлау модулінің әдіс-тәсілдерін география сабағында қалай пайдалануға болатынын осы мақаламда көрсеткім келеді.
1.Ойлан, жұптас, пікірлес.
Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/ тапсырма жазылғаннан кейін әрбір студент жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2 – 3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3 – 4 минут талқылайды, пікірлеседі. Оқытушының екі- үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауға болады. Бұл тәсілді видеокөрсетілімдерден кейін пайдаланған тиімді. Видеокөрсетілімнен кейін әр оқушы өз ойын жазады немесе 1-2 сұрақтарға жауап береді. 2 минуттан кейін қасындағы жұбымен бөліседі, одан әрі топ болып талқылайды. Бұл тәсілді тек шағын топтарда ғана емес, сонымен бірге саны көп аудиторияларда да пайдалануға болады.
2.Бестармақ стратегиясы.
Ойды тиянақтап,өзіндік түсінікті нақты сөздермен келтіруге мүмкіндік беретін тәсіл. 1-тармақ. 1 зат есім – бұл сөз оқушы пікірі бойынша тақырыптың (проблеманың, мәтіннің, т.с.с.) негізгі мазмұнын (идеясын, ойын) айқындайды (атау,термин, т.б.) 2-тармақ. 2 сын есім – бұл сөздер бірінші жолдағы негізгі сөзді (зат есімді) анықтауы керек, соған сын-сипат береді. 3-тармақ. 3 етістік – етістіктер негізгі сөзді әрекет пен іс-қимыл тұрғысынан сипаттауы қажет. 4-тармақ. 4 сөзден тұратын сөйлем. 5-тармақ. Бірінші сөздің синонимі.
Қазақстан
Алып, қарқынды дамушы, күшті
Экономикасын дамытады, ынтымақтасады, еңбек етеді;
Қазақстан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолын салып жатыр.
Унитарлы республика.
3.Т – кестесі.
Бір – біріне қарама – қарсы ( «иә/ жоқ» , «келісемін/ келіспеймін» , «қарсымын/жақтаймын» , « ішкі/сыртқы» , «маңызды/маңызды емес» секілді) немесе салыстыруға болатын (мәселен, екі объект) ақпарат пен пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі.
Оқушылар алдымен берілген тапсырма бойынша өз ойларын кестеге түсіріп жеке жұмыс жасайды, содан соң олар жұптасып немесе шағын топ ішінде (4-6 адам) кестелерін салыстырып, пікірлеседі, жазғандарын толықтырады. Осыдан кейін тақтада мұғалім бүкіл сыныпқа ортақ кесте құрастыруына болады. Әр жұп/ топ бұл кестеге екі – үш пікірін ұсынады. Т- кестесі мұғалімге екі жақты түрлендіруге жан- жақты мүмкіншілік береді. Мысалы:
1. Қазақстанның экономикалық- географиялық жағдайының «плюстері» мен «минустары» 2.Оңтүстік және Солтүстік экономикалық аудандарды салыстыру. 3.Қытай мен Үндістанның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тап;
4.Оңтүстік-Батыс Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азияның табиғат ресурстарын салыстыр.
4.Жигсо әдісі.
Көлемді мәліметтер мен мағлұматтарды оқушылардың өздігімен игеруге және бірін – бірі оқытуға бағытталған тиімді тәсіл. Мысалы, «Ресей өнеркәсібі» тақырыбын бес бөлікке бөлуге болады:
1.Ресей шаруашылығына жалпы сипаттама;
2.Отын – энергетика кешені;
3. Қара және түсті металлургия;
4. Машина жасау кешені;
5. Өнеркәсіптің басқа салалары.
Бір топтағы балаларға бес бөлікті бөліп береміз және 4-6 минут дайындалуға уақыт береміз. Содан кейін әр топтағы бірдей тақырыпты алған балалар сарапшылар тобына бірігеді де 3-5 минут талқылайды. Келесі кезекте балалар өз топтарына келіп, үйренгендерін бір-біріне баяндап береді. Баяндап болғаннан кейін балаларға түсінгендерін талдау үшін «Сұрақтар шеңберін», «Серпілген сауал», «Постер қорғатуға» ,т.б. болады.
5. «6 Неліктен?»
Қандай да болмасын мәселені талқылау барысында оқушылар жұптасып бір- біріне алты сұрақтан қояды. Әрбір сұрақ алдыңғы жауаптан туындап отырады. Осыдан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады: енді жауап берген оқушы сұрақ қойған оқушыға тақырып бойынша алты сұрақ қояды. Байқағаныңыздай, сұрақ қою оңайға соғады.
Мысалы, Неліктен ағылшын тілі қытай тіліне қарағанда көптеген елдерге таралған? - Өйткені Еуропа елдерінің бұрынғы отарларында еуропалық тілдер мемлекеттік тілдер ретінде қабылданған.
Неліктен Ұлыбритания отарлаушы саясат ұстанып, мықты метрополияға айналды? - Өйткені географиялық орнының ерекшелігіне және экономикалық даму деңгейінің жоғарылығына байланысты күшті теңіз флоты болған. Ұлыбритания бірнеше ғасыр бойы әлемдік теңіз жолдарында басым орын алып келді.
Неліктен Ұлыбританияның даму деңгейі жоғары болды? - Өйткені өнеркәсіпті ерте қолға алды. Т.с.с.
6.Не артық?
1. АҚШ, Жапония, Қытай, Ресей, Үндістан- Жапония монархия.
2. Гренландия, Мадагаскар, Калимантан, Камчатка, Суматра- Камчатка түбегі
3. Испания, Ұлыбритания, Турция, Норвегия, Сауд Арабиясы- Турция республика.
4. Алжир, Ливия, Мали, Нигерия, Габон – мали ОПЕК-ке мүше емес.
5. Қазақстан, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан – Қытай ТМД-ға кірмейді немесе Түркіменстан ШЫҰ-на мүше емес.
7.Картамен жұмыс.
Осы географиялық обьектілерді батыстан шығысқа қарай орналастыр:
1.Лос-Анджелес,Хьюстон, Чикаго, Детройт, Нью-Йорк
2. Жоғары , Мичиган, Гурон, Эри, Онтарио.
3. Астана, Қостанай, Өскемен, Ақтау,Шымкент.
4. Роттердам,Шанхай, Нью-Йорк, Калькутта, Кейптаун.
5.Арал, Зайсан, Каспий, Теңіз,Балхаш.
Баланың не үйренгендігі туралы сын тұрғысынан ойлау.
Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады.
Сондықтан «мен айтып берсем, шәкірт түсінеді» деген бүгін қолданбаған жөн. География сабағында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана жүріп, «Үйрету мүмкін емес, үйрену ғана ықтимал» деген қағиданың ақиқиттылығына көзім жетті. Бұрынырақта білім берудің басты қағидасы «Үйрету!» болса, бүгінгі күні басты идея «Үйрену!», тіпті «Үйренуге үйрену!» ұстанымына айналып отыр. Сондықтан жаңа ғасырда өмір сүруге дайын, елімізді алғашқы дамыған отыз елдің қатарына қосатын білімді, білікті, жаңашыл, сын тұрғысынан ойлай білетін ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.