Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы  арқылы  оқушының ойлау қабілетін қалыптастыру және дамыту -

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушының ойлау қабілетін қалыптастыру және дамыту

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1872 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы,Сарыағаш ауданы
М.В.Ламоносов атындағы №3 жалпы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Кемалова Айман Абдымухаметовна

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушының ойлау қабілетін қалыптастыру және дамыту
В. Сухомлинский « Бала бойындағы білімге деген құштарлық, талап, ынта отын сөндіріп алмаңдар... Партадағы жұмыссыздық - аса қатерлі қауіп» деген екен.
Мұғалім бұрын жаңалықтың жаршысы, білім нәрін өзі айтып қана жеткізуші, ал оқушы тыңдаушы, дайын білімді тыңдап қайталаушы болды. Қазір бәрі өзгерді. Оқушы - өздігінен ізденетін, шығармашылық әрекет жасайтын жеке тұлға. Мұғалім – нақты бағыт сілтеп, оқушы еңбегін ұйымдастырушы, бақылаушы. Қай технологияны қолдансақ та естен шығармайтын нәрсе - оқушының өзіне деген сенімін, білімге деген құштарлығын, қызығушылығын жоғалтып алмау.
Дәстүрлі оқыту - жаттауға, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай қайталап беруге дағдыландырса, ал сыни тұрғыда ойлау шығармашылық ізденістерін, өз ойларын дәлелдей білу, топпен жұмыс істеу, өз ойын ашық айту, дербес жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Сыни тұрғыдан ойлауда ең құнды нәрсе – оқыту қағидалары, ал оларды жүзеге асыру тәсілдерін мұғалім өзі туындата алады. Оқытудың басты тұлғасы ұстаз емес – ШӘКІРТ.
Баланы айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған бұл технологияның оқытудағы стратегияларын пайдалану ерекше орын алады. Бул технологияны пайдаланудағы мақсатым - адамзат мәдениетінің кез келген саласындағы іс - әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен, меңгеру қабілеті мен дайындығын, бағалы және нақтылы көзқарастарын қалыптастыру.
Тек бір көңіл аударатын нәрсе шығармашылық тапсырмалар өз дәрежесінде орындалып, тиісті нәтиже беру үшін оларды дұрыс ұйымдастырып берудің рөлі зор.Оқушыларды қызықтыру, ойландыру, барлық жауапты тыңдау, талдау жасау кезеңдері сақталуы керек. Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі ойлау процессі болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Сыни ойлау кез келген жас аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет.Ол ортада оқушы:
Ойлауға үйренуге.
Өз ара пікірлерімен санаса біледі.
Әр оқушыға сын тұрғысынан ойлауды қабілеті бар екендігіне сенеді.
Еркін жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Сын тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы:
Нақты мақсат қоюға дағдыланады.
Өзіне деген сенімді артады.
Оқу процесіне белсенді қатысады.
Жолдастарының пікірін сыйлайды.
Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі.
Айтылған жауаптарының құндылығы жоғары болады және алуан түрлі жауап бере алады.
Сараптауға, бағалауға дағдыланады.
Пәнге деген қызығушылығы артады.
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау- өзіндік ойлау.Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен тұрады:
I.-қызығушылығын ояту ( «көпір жасау», ой қозғау)
II.- мағынаны таныту ( мағынаны ажырату)
III.- ой-толғаныс ( рефлексия, жаңа білім құрастырылады)
Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады. Ендеше, дәстүрлі сабақта оқушы мұғалімнің көмегімен білім алса;
оқушы мұғалім білім
сыни тұрғыдан ойлау сабағында оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт беруші.
мұғалім оқушы білім
СТО мен дәстүрлі сабақтарды салыстырсақ:
СТО сабақтарда Дәстүрлі сабақтарда
Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады. Оқушы бірден жұмысқа кірісіп кетпейді.
Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері басым. Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді.
Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр
оқушының жауапкершілігі басым. Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды.

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында,яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз - философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады. СТО технологиясын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткіздім.
РАФТ Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Яғни математика пәнінде бұл хатты нмесе баска бұйрық өтінішін сеп түрінде беруге болады. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара қарап, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың ойын, тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз білімдерін немесе жауаптарын қағаз бетіне түсіру арқылы өзіндік жұмысқа жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.
Қосжазба күнделігі: тақырыпта берілген есептерге өзінің пікір жазады, және оның шығару жолын көрсетеді. Ендеше, оның есепке қоры молаяды, кейіпкердің деңгейін түсінеді.
Мәтінмен жұмысқа арналған стратегиялар :
Жигсо, Жигсо -1, Инсерт, ойланып оқу стратегиялары арқылы оқушы тек қана жаңа ақпарат алып қана қоймайды, ол тақырыптың негізгі түйінін жасап, тақырып бойынша ой қозғап, өз бетімен білім алуға белсенділігі артады, өз пікірін ортаға салады. Оқушылар топпен жұмыс жүргізуге дағдыланады.
Жазбаша стратегиялар:еркін жазу, 5 минуттық эссе сияқты стратегиялар аркылы оқушы: берілген тақырып бойынша өзінің пікірін, ойын, аргументтерін немесе тақырыпқы байланысты анықтама, дәлелдемелер көрсете алады.
Керек кезінде тақырып бойынша ұсыныстар жасап, болжау жасауға мүмкіндік береді. Басқа пікірлерді сынға салады. Оқушыны осы стратегиялар арқылы өздерінің танымдылық құзырлығын дамытады.
Пікірталасқа арналған стратегиялар
Кубизм, бұрыш, болжау таблицасы, семантикалық карта, жұппен ой бөлісу стратегиялары арқылы оқушылар өзара пікірталас, диспут жүргізу арқылы өз ойларын айту, оны дәлелдеуге үйренеді, басқалардың пікірін тындай біледі.Топпен, жұппен, жеке жұмыстар жүргізу барысында өзара қарым – қатынаста болды. Оқушылардың шығармашылық құзыреттілігі артады.
Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді. Бұл әсіресе геометрия сабақтарында фигураларды зерттеу барысында пайдаланған өте тиімді. Біріншіден оқушы тікелеу фигурамен толық танысады. Жіне олардың ортақ қасиеттерін анықтай алады.
Мектеп өмірінде мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар.
Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа жүйенің құны болмайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Айсина М.А. Жаңа мектеп жаңа мұғалім // 12 жылдық білім. 2005. №6. 3-4б.
2. Бабаева С.Б. Бастауыш мектеп педогогикасы / 2007. 273-277б.
3. Гризик Т.И. Дүниені танып білемін: тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал / 2007. 115-117б.
4. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы
5. Қазақ сөздерінің түсіндірме сөздігі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.