Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Сындарлы оқыту арқылы  оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру» -

«Сындарлы оқыту арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1436 | Размер: | Автор: гость
. Нұрқамытова Ақмарал Балтабайқызы, №7 жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Пед өтілі: 13жыл
Санаты: жоғары
Шығамашылық тақырыбы: «Сындарлы оқыту арқылы
оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру»

Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
«Ауызша айтсаң – тез ұмыттым,
Көрсетсең – есте сақтаймын,
Іске кіріссең – үйренем.»
(қытай мақалы)

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің, мемлекеттік тілді оқытудың басым бағыттарын айқындау педагогика тәжірибесінің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.
Тіл тағдырын жетілдіру көп ретте мектепте атқарылатын жұмыс деңгейіне байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың балғын санасына бай тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды істер атқаруы тиіс.
Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.
Елбасы бекіткен Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақпараттық технологиялар саласындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетудің және білім деңгейін арттырудың шешуші тұтқасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.
Қазақ тілін оқытуда оңтайлы нәтижеге қол жеткізу үшін өзім курс барысында танысқан АҚТ-ның сабақ өтудегі пайдасы өз тәжірибемде көп көмегін тигізді. Атап өтетін болсам , мен оқудың іс-тәжірибе бөлімінде де, өзімнің әр бір жүргізген саб ағымда да өте тиімді тәсіл екеніне көз жеткіздім.
Менің мекетебімде електронды оқыту жүйесі, интерактивті тақта, мультимедиялық кабинеттерде жұмыс жүргізу мүмкіншілігі жоғары деңгейде. Сол себепті де әр сабақта АҚТ-ны пйдалану оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Мен шәкірттерімнің саққа деген қызығушылығын “қалай”және “қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіме» назар аударадым.
Қолданып жатқан әдістің нәтижесінде оқу процесінің барысында оқушылар мыналармен қарым – қатынасқа түседі:
1. Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде);
2. Оқушылармен (жұптасып жұмыс істеу барысында)
4. Шағын топтармен (3-4 оқушымен);
5. Оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас/дебат сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында);
Техника түрлерімен (мысалға, компьютермен, интербелсенді тақтада жұмыс істеуде, интернет желісінде) тиімді жұмыс жүргізу оқушыларға ақын-жазушы немесе шығарма кейіпкерлері туралы тиімді мәлімет алуға өз көмегін береді. Әсіресе ДЖИКСО әдісі бойынша интернет желісімен мәлімет алу әдебиет сабағында жаңа сабақты түсіндіруде өте тиімді. Интерактивті тақтада диктан жұмысын немесе талдаула мен тест жұмыстарын тексеру оқушылардың жұпта немесе топта өзара бірін –бірі бағалауына, жіберілген қателіктерін көру арқылы өзара қатемен жұмыс жүргізуіне үлкен мүмкіндік береді.
Осыдан түйіндейтін, интерактивті оқыту білім беруде ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді, тіл байлығын жетілдіреді, ізденушілік, ойлау мүмкіндіктерін қалыптастырады, когнитивті ойлау деңгейлерін сонымен қатар, сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу, өзінің оқуына қатысты бағалауды анықтауға үйретеді.
АҚТ-ны тиімді пайдаланып сабақ өту арқылы білімнің сапалы болатындығы және ең бастысы, оқушылардың пәнге деген жауапкершілігі қызығуы күшейеді. Оқушының өз бетінше жұмыс істеуге ынтасы оянып, оның ізденушілік – шығармашылық қабілеттері арттады.
Ұлы ғалым Д.И.Менделеев: «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген.
Қорытындылай келе интерактивті әдіс арқылы бүгінгі күні білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуға, олардың оқу еңбегіне деген жағымды мотивациясын қалыптастыру үшін, тиімді инновациялық шешімнің бірі. Біз әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістікке жете аламыз. Болашақ ұрпақты бәсекеге қабілеті жеке тұлға қалыптастыру - қазіргі заман талабы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.