Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сындарлы оқыту теориясын оқу үдерісіне енгізудің маңыздылығы. -

Сындарлы оқыту теориясын оқу үдерісіне енгізудің маңыздылығы.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1155 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түркістан қаласы,
М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Досанов Алтынбек Алимжанович

Сындарлы оқыту теориясын оқу үдерісіне енгізудің маңыздылығы.
Қоғамда адамзат өзінің тұлғалық қасиеттерімен ерекшеленіп тұрған. Ал кемелденген тұлғаны қоғамда ерекше статусқа жетелейтін қасиет, ол оның өмірге деген жеке көзқарасы. Егер өмірлік көзқарасты, ұстанымды, қалыптасқан тұлғаның негізгі қасиеттерінің бірі деп қарастырсақ, бұл қабілеттердің барлығының адам бойында жас кезінен , балалық шағынан, яғни мектеп кезеңінен басталатындығы әлемдік жетекші педагог ғалымдардың тұжырымдамаларында да кездеседі.
Егер мұғалім мектеп жұмысын өрістетудегі негізгі тұлға болса мұғалімнің білімділігі мен шеберлігіне оқу үрдісінің сапасы тікелей баланысты болатындығы белгілі . Сондықтанда оқу үрдісі мен қоғамда оң өзгерістер жасаушы негізгі күш бұл мұғалідер екендігі анық. Олай болса өмірге деген өзіндік көзқарасы бар азаматты қалыптастыру біз мұғалімдердің еншісіндегі мәселе . Сапалы білім мен саналы тәрбие кілтін тек қана ізденімпаз , жаңашыл ұстаз ғана көре алатындығы да барлығымызға белгілі.
Бүгінгі таңда елімізде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Оның айқын дәлелі ретінде соңғы кезде білім саласында елең еткізер оң өзгерістердің бірі болған «Сындарлы оқыту теориясын» баса айтуға болады.
Әрине, жаңаға ұмтылу , жаңаны игеру адамзат баласының табиғи қасиеттерінің бірі. Сындарлы оқыту теориясы да бүгінгі таңда ұстаздар қаумы арасында үлкен қызығушылық туғызуда. Бұл әдіс бойынша біліктілігін арттырып, өз тәжірибесінде қолданып жүрген мұғалімдердің оқу нәтижелерінің сапасы артып отыр. Осы орайда, білім саласы көш ілгері дамыған елдердің басым бөлігінің оқу үрдісі сындарлы оқыту теориясына негізделгендігін айта кетуге болады.
Сындарлы оқыту теориясының негізгі ерекшеліктеріне тоқталар болсақ бала бойындағы қажеттіліктерді ескеру, баланың қарым – қабілетімен санасу және оның жас ерекшеліктерін ескере отырып баланың кез келген мәселені жан – жақты зерттеп, оны өзінің ішкі уәжімен ұштастыра отырып қабылдауға мүмкіндік жасау болып табылады. Бұл теория еліміздің білім саласына енгізу арқылы бүгінгі бәсекелестікке негізделген қоғамда , бәсекеге қабілетті функционалдық сауаттылығы жоғары оқушы тәрбиелеуге үлкен мүмкіндіктер ашатындығы анық, себебі өз көзқарасы мен ұстанымына ие , шешуін қажет ететін мәселеге жан – жақты көзқараспен қарап бірнеше шешім ұсына алатын оқушы кез келген ортада бәсекеге түсе алады, сондай – ақ алған білімін өмірмен ұштастырып қоғамның және өзінің қажеттіліктеріне қарай іске асыра алады. Алған білімін іс жүзінде қолдана алу педагогика саласының негізгі көздеген мақсаты болып саналады. Ал сындарлы оқу теориясы бұл мақсатқа жетудегі ұтымды жолдардың бірі екендігін уақыттың өзі дәлелдеу де, себебі бұл тәсіл мәселені ой елегінен өткізіп , пайымдау, талдау, талқылау , шешім ұсыну арқылы, өзгелердің пікірімен санаса отырып, барынша пайдалы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде көзқарасы қалыптасқан кемелденген шешім қабылдауға қабілетті, тұлғалық қасиеттері қалыптасқан оқушы тәрбиелеуге жол ашады.
Салыстырмалы түрде алғанда бұл тәсілмен еліміздің мұғалімдер қаумы танысқанына көп уақыт болған жоқ. Дегенмен, сол қысқа уақыттың өзі көптеген мұғалімдердің оқу үрдісіне деген көзқарасын өзгертуіне, қайта қарауына жеткілікті болып отыр. Соңғы кезде әріптестеріміз оқушылар арасындағы көшбасшылық, өздігінен шешім қабылдауға деген ұмтылыс пен оқушының ішкі уәжі секілді оқушы бойындағы табиғи қасиеттерді ескере отырып өз сабақтарын ұйымдастыруда. Бүгінгі таңда өз сабақтарын сындарлы оқыту теориясына негіздеп жоспарлап, оқушы білімін осы тәсіл элементтері арқылы ұштап жатқан мұғалімдер бұл әдістің көптеген артықшылықтары мен жетістіктеріне баса назар аударып, оқушы бойындағы оң өзгерістердің байқала бастағандығын атап көрсетуде.
Әрине, қысқа мерзім ішінде ұзақ уақыт бойы қалыптасқан дағдыларды түбегейлі өзгерту мүмкін еместігі белгілі, алайда оқушылардың бойындағы көшбасшылыққа ұмтылу, бірігіп жұмыс атқару, өз өйын еркін жеткізу, алған білімінің қолданыста қаншалықты қажетті екендігін түсіну , кез келген мәселеге сын тұрғысынан қарап бірнеше шешімдер тауып, оның қажеттісін сұрыптауы сияқты қабілеттерді дамыту жолындағы алғашқы қадамдар жасалып жатқандығы көңіл қуантарлық жағдай.
Қорыта келгенде жаңалыққа үрке қарамай , заман талабына сай туындаған сындарлы оқыту тәсілін оқу үрдісіндегі қажеттілік деп қабылдап, бүгінгі білім беру саласына енуіне ықпал ету - біз мұғалімдердің еншісіндегі шаруа. Заманға сай бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруды мақсат еткен әр бір ұстаз сындарлы оқыту теориясы аясында қарастырылатын әдіс – тәсідерді пайдалану арқылы жетістікке жетіп қана қоймай, осы теорияның оқу үрдісінің ажырамас бір бөлігі ретінде қалыптасуына өз үлесін қосуы - өскелең ұрпақ болашағын кемелдендіру жолындағы оң қадамдардың бірі болатындығы анық.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.