Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сындарлы оқыту теориясын пайдалану  арқылы оқушылaрдың сыни ойлaуын дaмыту -

Сындарлы оқыту теориясын пайдалану арқылы оқушылaрдың сыни ойлaуын дaмыту

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1425 | Размер: | Автор: гость
. Сындарлы оқыту теориясын пайдалану арқылы оқушылaрдың сыни ойлaуын дaмыту
Акжанов Арысбек Ахметович- Сарыағаш ауданы№15 Ш.Қалдаяқов атындағы жом информатика пәні мұғалімі
Сыдыкова Дина Серикбаевна -Сарыағаш ауданы №19 А.Оразбаева атындағы жом бастауыш сынып мұғалімі
Мамирова Рано Маликовна -Сарыағаш ауданы №26 Т.Өстеміров атындағы жом бастауыш сынып мұғалімі
Бiлім беру жүйесiнде әлемдiк жоғaры деңгейге қол жеткiзген aнaғұрлым тaнымaл бiлiм беру әдiстемелерi aрaсындa сындaрлы оқытуғa негiзделген тәсiл кең тaрaғaн. Сындарлы оқытудың мақсаты – мұғалімдерге теориялық білімге негізделген оқыту мен оқушылар жөнінде және өз тәжірибесін жетілдіру үшін іс-әрекет арқылы зерттеу нәтижелерін қолдану туралы кәсіби түсінік беру болып табылады. Бұл теория оқушылaрдың ойлaуын дaмыту олaрдың бұрынғы aлғaн бiлiмдерi мен жaңa немесе сыныптaғы түрлi дерек көздерiнен, мұғaлiмнен, оқулықтaн және достaрынaн aлғaн бiлiмдерi мен өзaрa әрекеттесуi жaғдaйындa жүзеге aсaды деген тұжырымғa негiзделген. Сындaрлы теорияның тиiмдiлiгiн жaқтaушылaрдың бaсым бөлiгi дaйын бiлiм беруге негiзделген оқыту тәсiлдерiнiң бiлiмдi меңгеру былaй тұрсын, олaр бойыншa терең түсiнiк қaлыптaстырып, бaстaпқы бiлiмдi жaңa бiлiммен өзaрa бaйлaныстыруғa дa мүмкiндiк тудырa бермейтiнiн тiлге тиек етедi. Сындaрлы теорияның ерекшелігі мұғалім тек бағыттаушы, ал оқушы ізденушілікпен айналысатындығында. Сындарлы оқытуда мұғалім аз сөйлеп, оқушыларға бағыт- бағдар беріп,жаңа тақырыпты игертуге бағытталған тапсырмаларды оқушылардың өз бетінше түсінуіне, сыни тұрғыдан ойлауына көмектесуі қажет. Сонымен қатар мұғалім оқушылар сабаққа белсенді түрде қатысып,бір-бірімен пікір алмаса алатындай, берілген тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындайтындай жағдайды жасауы керек. Соның нәтижесінде еркін өзіндік дәлел уәждерін жеткізе білетін,ынталы,сенімді,сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған оқушы қалыптасады және оқушылaр бiлім беру мен оқудың үздiксiз үдерiсiнде мұғaлiмдермен тең әрекеттеседi.Оқушылaр aлғaн бiлiмдерiн мәңгi жaдындa сaқтaп, оны кез келген жерде қолдaнa aлсa ондa бiлiм сaпaлы болaды. Aл егер aлғaн бiлiмдерi мехaникaлық түрде есте сaқтaлып, мән-мaғынaсы терең меңгерiлмесе ондa оқушы оны өмiрде пaйдaлaнa aлмaйды және ол бiлiмдерi керексiз болып қaлaды.Сондықтaн жaй ғaнa кәсiби мiндеттердi жaуaпкершiлiкпен орындaғaннaн гөрi көбiрек күш-жiгердi тaлaп ететiн сaпaлы әрi тaбысты бiлiм беруге еркеше көңiл бөлуiмiз қaжет.
Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын адамдар белсенді сұрақ қояды,мағынаны анықтау үшін түрлі стратегияларды қолданады. Енді бірнеше стратегияларға тоқтала кетейік:
«Буpимe» әдiсі
Бұл тәсiлдiң қолдaнылуы кeз-кeлгeн өлeң жолдapын тaңдaп, әp тapмaқтың соңғы сөздepiн aлып тiзбeктeп жaзып қойып, әp сөздi соңы тapмaқ сөзi eтiп, төpт тapмaққa сaй өлeң жолын құpуғa тaпсыpмa бepiлeдi. Мысaлы:
_________________________ кeзiмнeн,
_________________________көзiңнeн.
_________________________ ұмытып,
_________________________үмiттiң
осы қaтapлapғa сaй eтiп өлeң шығapу қажет, ой тұжырымын жасап шығармашылық жұмыстарын ортаға ұсынады.
«Автордың орындығы» әдісі
Берілген тапсырманы орындап болған соң тақтаның алдына үстел қойылады.Столға отырған оқушы өз жазғанын автор ретінде оқып түсіндіреді. Оқушылар авторға сұрақ қойып, автор түсінік береді. .
“Ыстық орындық” әдісі.
Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі орындық ыстық.
«ББТЗО» кестесі

Ол туралы
мен не
білемін?
Нені білгім
келеді?
Көбірек ақпаратты
мен қайдан таба
аламын?
Нені зерделеу
керек?
Одан əрі не істеу
керек?
«Синквейн» әдісі
Ақпаратты түйіндеп айту, терең ойды, сезімді және сенімді қысқа сөзбен қамту маңызды өнер. Бұл іс-әрекет тақырып туралы толғаныстан терең, бай түсініктің негізінде болуын талап етеді. Бұл ақпаратты синтездейтін және материалды қысқа ғана түсіндіретін немесе тақырыпты толғандыратын 5 жолдан тұратын өлең жолдары.Бұл 5 жолды өлеңді айтарда біріншіден, бұл өлеңді жазудың негізгі шарттарын айту керек. әр адамға бұл өлеңді жазуына 5-7 минуттай уақыт беріледі. Өлеңнің шарты:
1. Бірінші жол тақырыпты суреттейтін бір ғана сөзден тұру керек. (зат есімнің сұрағына жауап беруге тиісті).
2. Екінші жол тақырыпты суреттейтін екі ғана сөзден тұратын сөз болу керек. (сын есімнің сұрағына жауап береді)
3. Тақырыптың іс-әрекетін көрсететін 3 сөзден тұруы керек. (етістіктің сұрағына жауап береді)
4. Төртінші жол тақырыпқа қатысты 4 сөзден тұратын сөз орамы
5. Соңғы, жол тақырыптың мәнін көрсететін бір сөзді синоним болуы керек.
Мысалы:
1 жол Тау
2 жол Биік, асқар
3 жол Құлпырады, мүжіледі, өзгереді
4 жол Табиғаттың аса сұлу бөлшегі
5 жол Заңғар
«Бортты журнал» әдісі
Сабақтың тақырыбын жариялаған соң, тақырып бойынша болжамды жүк журналының сол жағына жазу керек. Жұппен жұмыс, екі оқушы ақпаратты тыңдау барысында екі окушы журналдың екі жағын бөліп алып, әркім өз жағымен жұмыс істейді. Жұп мүшелері 2 бөлікті өз беттерінше толтырады. Жұмыс нәтижесі жұпта талқыланады.
Жүк журналы
Болжам Жаңа ақпарат
Тақырып бойынша бұрыннан не білемін.Бұл туралы не білуім керек? Бұл туралы енді не білдім.Қандай маңызды сәттерді енді анықтадым.
«Венн диаграммасы»
Бұл старатегияда белгілі бір тақырыптың ұқсастық пен айырмашылығын салыстырамыз. Екі шетіне айырмашылығын, ал ортасына ұқсастығын жазамыз.

ББҮ стратегиясы
Білемін Білгім келеді Білдім

Мұғалім сабақтың тақырыбын айтқан соң,осы туралы не білетіндерін еске түсіріп, бірінші бағанды толтыруын сұрайды, жұпта,топта ақпарат жайында бөліседі, не білгілері келетіні туралы екінші бағанды толтырады. Сабақ соңында үшінші бағанды толтырады. Оқушылардың сыни ойлауын дамыту мақсатында мәтінді бөліп-бөліп оқу арқылы әрі қарай не болады деп оқушылардың ойлануына,пікір алмасуына мүмкіндік беру керек.
INSERT – түртіп алу стратегиясы.
INSERT–тексті түсіну үшін керек бірден-бір құрал. INSERT –ол оқушыларға өзі оқыған әңгіме түсінігін тексеруге, өз ойын айтуға басшылық етеді. Бұл стратегияның 4 шартты белгісі бар:
Мен үшін түсінікті V
Мен үшін түсініксіз -
Жаңа ақпарат +
Мені жұмбақтандырады ?
Білім беру саласында жүргізілген әлемдік зерттеулердің нәтижелері тиісті кәсіптік қасиеттерге ие,оқыту және оқу үдерісінің дағдыларымен терең түсініктерін игерген мұғалімдер жастардың білімін сапалық тұрғыдан өзгерте алатынын көрсетіп отыр. Білім берудің нақты мақсаттарының бірі сыни ойлауды дамыту.Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз –маңызды мәселелерді талқылау,тәжірибені ой елегінен өткізу. Оқушыны түрлі әдіс-тәсілдер арқылы сабаққа қызықтырып,өз бетімен ізденуге дағдыландыруымыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Алимов. А. «Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану» Алматы,2012ж.«Жедел басу баспаханасы»
2. ИмжароваЗ.У.,Ахметова А.У., Имжарова Ж.Н., Кушкимбаева А.С. Ақтөбе «ИПЦ-Көкжиек» 2012ж.
3. Стратегии для использования в любых предметных областях. Институт «Открытое общество» - Нью-Йорк. 2001.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.