Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сындарлы оқыту теориясындағы  топтық жұмыстың оқушылар үшін пайдасы -

Сындарлы оқыту теориясындағы топтық жұмыстың оқушылар үшін пайдасы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1090 | Размер: | Автор: гость
. Сындарлы оқыту теориясындағы топтық жұмыстың оқушылар үшін пайдасы

ОҚО Ордабасы ауданы, Аманкелді ауылы.
Ғани Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі.
Технология пәнінің мұғалімі
Султанбекова Алия Жақсыбекқызы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында білім берудің басымдықтарын атап өтті. Жолдауда: «Барлық дамыған елдерде өзіндік сапалы оқыту жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық сатысында білім сапасын арттыруда біздің алдымызда үлкен жұмыстар тұр» делінген болатын.
Білім беру жүйесіндегі басты мақсаттардың бірі - әлемдік білім беру жүйесіне ену, әлемдік озық технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарын іздену, жан–жақты шығармашылық ізденістегі, дарынды тұлға қалыптастыру. Сондықтан да білім беру жүйелеріндегі оқытуды технологияландыру, білім сапасын арттыру, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру мен оларды тәрбиелеу - кезек күттірмейтін мақсаттар мен міндеттер, ал ұстаздар қауымына осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру жүктеліп отыр.
Қазіргі қоғамға сай білімді, сыни тұрғыдан ойлана алатын, өзін-өзі, бірін-бірін оқыта алатын, дербес ізденістегі, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу – білім жүйесінің басты ұстанымы. Сондықтан сындарлы оқыту теориясындағы топтық жұмыстың оқушылар үшін пайдасы: бұл жерде оқушылар бірін-бірі үйретіп қана қоймай, олардың алдында "Қалай үйретеміз" деген мәселе тұрады. Выготскийдің пікірі бойынша, оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін қайраткер жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады. Оқушының аса епті және хабары мол адаммен интерактивті вербалды алмасуы нәтижесінде біртіндеп сыртқы, әлеуметтік-жанама диалог орнатуы, күнделікті міндеттерді шешуге қатысуы әлеуметтік тәжірибе ретінде бала бойына сіңіп, оның өз бетімен ойлануына қатысты ішкі жеке қоры ретінде қалыптасады. [1] Осы сәттегі топтың әрекеттерінен байқағаным: оқушылар алдымен жұппен, одан кейн топпен пікір алысып талқылады. Әсіресе топ ішіндегі қабілеті төмен, орташа деңгейдегі оқушылар өздерін еркін ұстап, белсенді әрекеттерінің арта түскенін байқадым. Өйткені топтағы қабілеті жоғары оқушым оларды өз назарында ұстап, жетекшілік жасап отырды.
Топтық жұмыстың осындай пайдалы жақтары жұмыс барысында көрініп отырды. Бұл жерде байқағаным оқушылардың ұйымшылдығы, мақсатты іс-әрекеттері, дербес ізденістері топтық жұмыстың нәтижесін арттыра түсті. Технология сабағында топпен жұмыс оқушыларға қатты әсер етті. Әсіресе топтық жұмыс қабілеті төмен оқушыларға көп септігін тигізді.
Сабақтың мақсаты мен міндетін анықтап, тақырыпты бөлімдерге бөліп, жұптық, топтық жұмыстар жасап, бір-бірлерімен пікір алмасып, түсінбеген жерлерін өздері анықтап, топ басшылары қойған талаптарды уақытында орындап отырды. Оқушылар осыған байланысты сенімділікпен жұмыс жасады, бар ынтасымен оқуды беріліп оқыды,пікірлерді тыңдап құрметтеуге дағдыланды.
Берілген тапсырмаға сәйкес топпен постер жасады. Бақылау барысында айтарлықтай қиындықтар кездескен жоқ. Берілген уақыт ішінде постерлерін аяқтап, дайын болған бұйымды галереяға ілді. Топ мүшелерінің жұлынып белсене ат салысқаны мені қуантты.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсам,оқығанды тәжірибеде жүзеге асыру кезінде оқушылар пәнге деген көзқарастары дамып, ынталана, қызыға түсті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші денгей. "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ДББҰ. 2012.
2. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. Үшінші денгей."Назарбаев Зияткерлік мектебі" ДББҰ. 2012.
3. 4-сыныпқа арналған Еңбекке баулу. Атамұра. 2012.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.