Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сындарлы оқыту теориясының жеті модулі -

Сындарлы оқыту теориясының жеті модулі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1805 | Размер: | Автор: гость
. ОҚО, Түркістан қаласы,Шорнақ ауылы
Қ.Рысбеков атындағы №5
негізгі орта мектеп-интернатының
математика пәні мұғалімі
Кенжебаева Балнұр Ерденбайқызы

«Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтылық белгісі бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі түрлі әдісті білу: керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»
А. Байтұрсынов
Сындарлы оқыту теориясының жеті модулі
Менің осы оқуға келуімнің өзі іс – тәжірибеме өзгеріс енгізу болатын. Курсқа келудегі мақсатым: бағдарлама идеясында Сындарлы оқыту теориясының жеті модулін толық меңгеріп, іс – тәжірибеме өзгеріс енгізіп, заманауи талапқа сай жас ұрпаққа білім беру. Кембридж бағдарламасы тәсілдерін сабағымда тиімді пайдаланып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, топтық жұмыстарда белсенді көшбасшы ретінде танылуына септігін тигізу қажет. Оқытудың жаңашыл технологияларының қағидаларын негізге ала отырып, жоғарғы қабілетті оқушыларды білім негіздерін меңгерумен қатар шығармашылық тұрғыда ойлауға, өз бетінше ізденуге ғылыми- ізденіс бастамаларын үйренуге баулуға бағытталған болуы әр мұғалімнің алдағы міндеті. Оқушыларға білімді дайын күйінде бермей, функционалдық сауаттылыққа үйретемін. Дәстүрлі оқытуда-механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмейді. Мектептегі іс-тәжірибе кезеңінде оқушыларды алғаш топқа бөліп, бір - бірімен әңгімелесуде өздерін еркін ұстап, қызығушылықпен жасаған жұмыстарын көріп, алдағы жұмысыма қуаныш сезімі пайда болды. Оқушылар постер дайындауда, бір -бірінің ойларын тыңдап, бір шешімге келіп, талқылаған кезде олардың қызығушылықтарын байқадым. Әрбір сабағымда диалогтік оқыту модулінің әдістерін қолдана отырып, мен оқушыларымның сыни тұрғыдан ойлай бастауына, көшбасшылыққа жетелеуде септігімді тигіздім.
Қорыта келгенде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулін сабағыма енгізуде оқушылардың білім деңгейін білуге, олардың ұсыныстары мен пікірлерінің алуан түрлілігі ерекшеленетініне көз жеткіздім. Болашақта қарыштап дамыған еліміздің дамуымен қатар дамып, әлі де болса өз білімімді дамытуды жалғастырамын!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.