Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТТІ МҰҒАЛІМ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ОҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ -

СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТТІ МҰҒАЛІМ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ОҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1106 | Размер: | Автор: гость
. СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТТІ МҰҒАЛІМ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ОҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Примбердиев Турапбай Хайтбаевич
И.В.Панфилов ат. жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Алғашқы кездегі технологиялар оқушы біліміндегі кемшіліктерді түзеуге, оның білім дәрежесін анықтауға бағытталған. Ал қазіргі білім беру технологиялары оқушының болашақтағы дамуына, оны болжауға бағытталған.
«Дәстүрлі оқыту» стиліндегі оқушыға тапсырманы орындаушы ретінде ғана қараған, онда оқушы әрқырлы белсенділігімен өз бетінше шешім қабылдауға жол берілмейді. Сондықтан, оқушы өз күшіне сенімсіздікпен қарайды, қателесуге қорқады. Мұғалім өзіне берілген уақытта оқу материалын жеткізуге тырысса да, оқушының қызығушылығы, белсенділігі төмендейді. Мұндай оқыту әдісі айтқан ойды қайталаушыларды дайындайды, ал қазіргі қоғамға орындаушылар ғана емес, шығармашыл тұлғалар, өз мүмкіндігін жетілдіре алатын, қажеттігінше дамытатын адамдар қажет.
Сындарлы оқыту бағдарламасы бойынша өткізген іс-тәжірибемде бірнеше әдіс-тәсілдер арқылы оқыту үдерісінде оқушының ішкі наным-түйсігін біршама біліп алуға болатынына көз жеткіздім. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдердің арқасында, сабақтарым өте тартымды өтіп, оқушының бойында жүйелі білім қалыптасты десем қателеспеймін. Бұл 3-айлық оқу курсының бірінші бетпе-бет кезеңінде сыни тұрғыдан ойлау, ынтымақтастық атмосферасын құру, кері байланыс жасау, топтық, жұптық диалог құру, сол сияқты дұрыс және бұрыс, милық карта, ыстық орындық, Джиксо әдістерін үйреніп, оқушыларды топпен жұмыс жасатудың жолдарын меңгеру арқылы оқытуға деген жаңаша көзқарасым пайда болды.
Ынтымақтастық атмосферасын құруда «Мен саған тілеймін», «Жаман әдеттен арылу» тренингтері арқылы шаттық шеңберін құрдым. Осы тұста оқушылардың «Мен» тұжырымдамасының әлеуметтік-эмоциялық- когнитивті компоненттері жүргізілді. Оқушылардың ой ұтқырлығы олардың зейін, жады, сөйлеу, ойлау, ой жүгірту, зердесі секілді қасиеттері негізінде жұмыс жүргізілді. Оқушылардың өзін-өзі құрметтеу, өзін-өзі бақылау мотивациялары пайда болды. Яғни, ынтымақтастық атмосферасын құру үшін жасалған шаттық шеңбері оқушыларыма өзара жақсы қарым-қатынас, байланыс құру ойымды жүзеге асырды. Мектептегі тәжірибе кезінде топтық жұмыстарды ұйымдастыру нәтижесінде өткізілген сабақтардағы олар топтық жұмыста бір-бірімен ынтымақты, ұйымшыл болуды дұрыс деп тапты. «Дәстүрлі» оқытуда мен үшін «мұғалім өте қатал болу керек» деген қағида орналасқан еді, оны 80 пайыз жүзеге асыратынмын. Ешқандай оқушының артық сөз айтуына рұқсат етпей, тіпті олардың жеке қажеттіліктеріне аса мән бермейтінмін. Сынып бұрышында ілініп қойылған оқушы ережесіне сай болуларын талап ететінмін. Сабақты тек жаттанды жаңа сөздер, мәтіндер, грамматикалық жаттығулар, ереже шеңберінде өтетінмін.
Жаңа бағдарламамен таныса келе, осы ойымды теріс пікірге шығардым. Себебі, 1-ші бетпе-бет кезеңінде сабақта отырғанда әрбір тапсырма сайын өзімді оқушы орнына қойып, іштей салыстырып отырдым. Оқушының бойына білім қай уақытта қалай сіңетінін сезіндім, түсіндім.
Бұрын мен жабық сұрақтарды ғана қолданып, оқушыларға жаттанды білім беруді жүргізген екенмін. Ал енді сыни тұрғыдан ойландыруды негізге ала отырып, баланың алған білімін өмірде қолдануына бағыт-бағдар беруші ретінде жұмыс жүргіземін. Яғни, сұрақ қоюды тиімді пайдалана алу сабақтың жақсы нәтижесіне, оқушының бойында білімнің қалыптасуына ықпал етеді.
Мысалы, бұрын мен мәтінді оқып, аудар дейтінмін,оқушылар өздігінен аударып, оны талқыламайтынбыз, яғни әрбір сөз мағыналарын талдамайтынбыз, ал қазір топпен жұмыс жасап, сөздікті қолданып, мәтін берсем бірлесіп аударуды, білмеген сөздеріне бір-біріне көмектесіп тапсырманы орындауды, солайша осы тапсырманы орындап болған соң, мәтінге байланысты сұрақтарды қойдым, әрине ол ашық сұраққа жақын болмады. Бірақ дегенмен, оқушылар мәтінді аудару барысында не туралы екенін біліп, грамматикаға сәйкес жауаптар бергені мені қуантты. Мен сабақтарымда жабық (дұрыс емес) және ашық (дұрыс) сұрақтарды қою үшін түрткі болу сұрақтарын, сынақтан өткізуге арналған сұрақтарды және қайта бағыттау сұрақтарын пайдаландым. Демек, оқушының сыни ойлауын дамытудың алғашқы тиімді жолдарының бірі - дұрыс сұрақ қою немесе ашық сұрақтарды көбірек қою. Сұрақтарды ойлау қабілеттері жететіндей етіп, сонымен қатар өмірмен де байланысатындай етіп, осы білім өзіне қажет екенін түсіндіретіндей етіп дұрыс ұйымдастыруым керек. Мысалы, төртінші сабағымда бастауыш пен баяндауыш жаттығу жұмысы тақырыбында өттім, мұнда жеке тапсырмада екі оқушы кумулятивті әңгіме түрін жасады. Олар сөйлем мүшелеріне талдау жасап, оқушылар өтілген тақырыптар бойынша сөйлемдер құрады. Содан соң оқушыларға мен ашық сұрақтар қойдым, қазақ тіл білімі туралы бірнеше сұрақтар қойдым.
Әрине, бұл сұрақ қою арқылы мен оқушылардың тақырыпты қалай меңгергенін қорытынды жасап аламын. Өмірмен байланыстыра отырып, келешекте олар өзге елдерге барса осы ережелерді білу олар үшін пайдалы деп ойлаймын. Сұрақ қою арқылы мен оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырдым. Оқушыларды ойландыру арқылы олардың қызығушылығы мен сезімдерін анықтап, білімге құштарлықты дамытып және зерттеуге ынталандыра аламын.
«Қызығушылықты ояту» мақсатында топтарға тапсырмалар беріп постер жасаттым. Оқушыларға жұмыстарын қорғауда қайта бағыттау сұрақтар арқылы жауаптарын толықтыруға, пікірлерін қорытындылап тиянақтауға көмек беріп отырдым және жаңа сабаққа бағыттау жұмыстарын жүргіздім. Мен сабақтарымда диалогты пайдалану қаншалықты маңызды екенін байқадым және оны көптеп пайдалануды көздедім.
Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдауы бекер еместігіне көзім жетті.
Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау тәсілін қолдану оқушыны алған ақпарат пен идеяларды талдай білуіне, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойланып шешім қабылдауға жетелейді. Ал мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірбиесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды. Сабақтардың әрбірінде баланы сыни тұрғыдан ойлауға итермелеп, олардың ойын қозғау мақсатында бірнеше тапсырмалар беріп отырдым.
Жұптық жұмыс жүргізу барысында оқушылардың бір – біріне үлкен көмегі тиді. Өйткені, оқушылар өз тобындағы идеясы жаңа ойы ұшқыр, жаңашыл балаға қарай әрекет етіп өзін-өзі реттеуге тырысып отырады. Сондықтан да жұптық жұмыс сапалы сабақ өту үшін қажетті стратегия деп ойлаймын. Жаңа ұсыныс пен тартымды идея әрбір баладан шыға бермейді деп ойлаймын. Сондықтан мен оқушылардың арасынан қабілетті балаларды анықтау үшін ерекше тапсырма беремін. Берілген тапсырмаларды орындай отырып оқушылар топта Мерсердің зерттеуіндегі әңгімелесудің үш түрін құруға лайықты екенін көрсетті. Олар бірін – бірі тыңдай білді, ақылға қонымды мәлімет ұсынды, кей жерде бірлесуден гөрі бәсекелестікке ұмтылды. Үнемі ізденіске ұмтылатын оқушылар да кездесті.
Дарынды оқушы үшін қызықты тапсырмалар болмаса, ол сабақта белсенділік танытпайды. Сол себептен жұмысымды ұйымдастырғанда оқушының жеке қабілетін, деңгейін, дарындылығын ескеруді көздеп отырдым.
Мен дарынды балаларға сапалы тапсырма беру мақсатымен Эйр, Выготский және Катцтың еңбектерінен дәйек сөздер пайдаланамын. Эйр ойлаудың, білікті дамыту және міндеттерді шешудің аса жоғары деңгейін ұсына отырып, дарынды балаларға арналған оқу жоспарына өзгеріс енгізу жөніндегі ұсынымдарда теорияның осы бөлігін пайдаланамын. Дарынды балалармен жұмысты орындап жүріп, осы әдісті өз тәжірибемде қолданып жүріп, қосымша көмек беру арқылы балалар тобының аясын көбейте отырып, бұдан да күрделі тапсырмаларды орындатуға болады деген қорытынды жасадым. Осы стратегия сыныптағы талантты да дарынды оқушыларды анықтауда туындаған кейбір мәселелерді шешуде көмегі зор екеніне көзім жетті.
Барлық бала өз ойын жеткізе алады. Алайда, талантты және дарынды оқушылар ерекше күш жұмсап өз деңгейлерін көрсетуге ұмтылып тұрады. Дарынды оқушы үшін қызықты тапсырмалар болмаса, ол сабақта белсенділік танытпауы мүмкін.
Дұрыс сұрақ қоя білу, орынсыз сұрақ қоймау, бірден күрделі сұрақ қоймау немесе сұрақты оқушының қабілетіне қарай қою әрекеттері түрткі, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтарын пайдалануды қажет етеді. Яғни мұғалім мен оқушы арасында, оқушы мен оқушы арасында диалогтың өрбуі, білімнің қалыптасуына ықпал етеді. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайды және Мерсер(2000) сипаттағандай , білімді бірлесіп алады немесе пікір алмасу барысында теңқұқылы серіктестер болып табылады делінген. Яғни, топтаса отырып, дәлел-уәждерін нақтылайды әрі бір-бірімен білімдерін алмасады.
Сындарлы оқыту теориясында балалардың ары қарай дамуы үшін, білім алулары үшін мұғалімнің қолдауы маңызды фактор екенін түсіндіреді. Мадақтау мен мақтау арқасында формативті бағалау жүргізу арқылы оқушының оқуға ынтасы көтеріледі. Мысалы «тамаша» «керемет», «жарайсың» «өте жақсы» деген ынталандырушы сөздер біздің лексикалық сөздігімізден түспеу керек деп ойлаймын.
Дайын білім беруге негізделген «Дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән–мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту немесе емтихан аяқталған соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. (МАН)
Жалпы, жаңа әдіс-тәсіл маған өте көп нәрсе үйретті. Әр бір модулді кіріктіре отырып, өтілген сабақтар балалар үшін қызықты болды. Менің сабақтарым одан әрі түрлене жандана түсті. Тіпті сабақтарыма бұл жаңа әдіс жан бітірді десем артық болмас. Сабақты өтіп болғаннан соң түсірілген суреттерді көріп отырып-ақ мен өзіме бір сәт есеп бердім. Сондағы ұққаным әр бір іс-қимыл балалардың қатысумен орындалып жатыр, топ болып бірігіп жұмыс жасап жатқандары, бірінің білмегенін бірі үйретіп, тіпті мұғалімнің көмегінде қажет етпей бар ынта-ықыласымен жұмыс жасағандары сырттан қарап тұрған адамды әсерлендірмей қоймасы анық.
Қорыта келе, мен өзіме мынадай сұрақ қоямын «Осы бағдарлама менің іс-тәжірибеме қаншалықты өзгеріс енгізгенін қалай бағалаймын?» Мен бұл бағдарламаны қолдай отырып, «Әлемді өзгерткің келсе, өзіңді өзгертуден баста» деген сөзге сүйене отырып, «үш айлық курс менің жаңашылдыққа бейімделіп, өзгеріске бет бұруыма жол ашып берді» дей аламын.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 2015ж.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.