Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сындарлы оқытудың тиімділігі. -

Сындарлы оқытудың тиімділігі.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1676 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, №64 Ш. Рашидов атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Нишанбаева Инобат Саттаровна
Сындарлы оқытудың тиімділігі.
«Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі, мұғалімге тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары еш нәрсе болмақ емес.»
Ян Коменский
Қазіргі таңда жас ұрпаққа XXI ғасыр деңгейінде жан-жақты білім беріп қана қалмай, сол білімді өмірде қолдана алатындай дәрежеде жеткізу – бүгінгі күннің өзекті мәселелеріден бірі болып отырғаны баршамызға белгілі.
Осыған орай Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген міндеттер мен талаптарды іске асыру және білім беру жүйесінде педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру—басты талап болып есептеледі. «Мұғалімсіз оқушы өспейді, оқушысыз мұғалім өспейді» деп, Конфуций айтқандай, шәкірт қай кезде немесе қай қоғамда өмір сүрсе де оның жеке тұлға болып қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздар қаумына үлкен жауапкершілік артып отыр. Мұғалімнің өз болжамы, сенімі, көзқарасы болумен қатар, оның іс-әрекеті де нәтижелі болуы керек. Елбасымыз Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, еліміз дамыған елдердің қатарына қосылуы үшін ең алдымен жас ұрпақ, яғни жастарымыз білімді, білікті, қабілетті болуы керек. Ол үшін әр ұстаздан кәсіби білімінде жаңашылдық, заманауилық талап етіледі. Сондықтан әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген оқытудың Кембридж бағдарламасы және деңгейлеп оқытудың тиімділігін айтқым келіп отыр. Біз осы күнге дейін дәстүрлі оқытумен жұмыс жүргізіп, оқушыларға дайын білімді беріп келдік, ал енді оқытудың сындарлы теориясын қолдап, жаңа әдіс-тәсілдермен жұмыс жүргізу жолдарын меңгеріп келеміз. Дәстүрлі оқыту барысында баланың тек арнайы бір салада немесе сол тақырып аясында ғана дамытатыны, ал өмірде өзіне қажеттісін жеткілікті дәрежеде ала алмай қалуы баршамызға аян.
Сындарлы оқыту теориясының мақсаты—оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытып, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда пайдалана алуын қамтамасыз ету. Сындарлы оқыту бойынша жүргізілген сабақтарда мұғалім әр оқушыға өз ойын ашық , еркін айтуға , әр оқушының белсенділігін арттыру үшін жұмыс жүргізеді.
Білім беру саласында кең таралған бұл тәсіл—сабақтың қызықты әрі тиімді өтілуіне сай балалар үшін де мұғалім үшін де жан-жақты қарастырылғанымен ерекшеленеді. Әсіресе мұғаліммен баланы теңстіріп жататын жақтары және әр баланың жүрегіне жол табу амалдары, сыныптағы талантты және дарынды балалардың оқытылуы сияқты , кері әсер жасай отырып, өз-өзін реттеу жұмыстары бұрыннан қолданылып жүргендей көрінгенімен, осы оқу барысында өз атына сай атау алып тұрғандай және жеке қарастырылылады. Мысалы, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» деп аталынып, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату жолдарын, өз ойын ашық жеткізе алмайтын баланы жетелеу амалдарын, диалогтік оқытудың түрлерін және қалай оқу керектігін үйретуді қарастырады.
Мен ағылшын тілі пәні мұғалімі болғаным үшін, «Сын тұрғысынан ойлау» модулі және «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулінен және диалогтік оқытудан пайдаланамын. Бұл модульдердің тиімділігі баланың ойлау, сөйлеу және есте сақтау қабілеттерінің қай деңгейде екендігіне көз жеткізіп, жол қойылған қатені дер кезінде жөндеуге мүмкіндік береді. Өтілетін әр сабақ барысында мұғаліммен, сыныптастарымен тақырып аясында сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, сыйлауға, күрделендірілген тапсырмаларды шешу арқылы өмірде кездесетін түрлі мәселелерді өзбетінше шешіп, кез келген қиындықты жеңуге үйренеді. ең бастысы, сабақты талдап, өз түйген ойын айтуға дағдыланады. Бұл жаңаша әдіс-тәсілдің ерекшелігі—мұғалім тек бағыт-бағдар бере отырып, оқушылардың жаңа тақырыпты өзбетінше меңгеруіне жағдай жасау. Ал оқушылар, ізденуші, зерттеуші ретінде ақпарат мағынасын өзбетінше түсініп, басқа пәндермен салыстыра отырып, қорытынды жасай алады. Қай пәннің мұғалімі болмасын, өзінің пәніне деген оқушының қызығушылығын арттыру барлық мұғалімдердің басты міндеті есептелінеді. Білімді әрқашанда жүйелі, құрылымы жағынан мазмұнды етіп беру, әртүрлі әдіс-тәсілдермен түрлендіріп беру әр мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Сондықтан да ізденімпаз, өзіне талаптар қоя білетін, кәсіби деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапасы жақсы мұғалімнің шығар шыңының биік болу мүмкіндігі мол. Нәтижегежету үшін, оқушының ішкі дүниесін ашу үшін ылғи да ізденімпаз болу керек.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.