Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сыни тұрғыда ойлау технологиясының маңыздылығы “Үлкеннің жүзіне бергенше,баланың біріне бер” -

Сыни тұрғыда ойлау технологиясының маңыздылығы “Үлкеннің жүзіне бергенше,баланың біріне бер”

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1252 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы ,Сарыағаш ауданы
№86 Ш.Уалиханов атындағы
жалпы орта мектебінің математика
пәні мұғалімі
Утенова Айкерим Абибуллаевна

Сыни тұрғыда ойлау технологиясының маңыздылығы
“Үлкеннің жүзіне бергенше,баланың біріне бер”

Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологиялар әдіс-тәсілдерді пайдаланып, тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Сыни тұрғыдан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңыздылығымен ерекшеленеді. Бұл модульмен бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға,бақылауға, талдауға, синтездеуге бағытталған пәндік тәсіл. Бұл одан кейінде әрекет жасауға негіз бола алады. Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен талдау арқылы дәлелдер жинастыру жәнеде шешім қабылдау үшін талапқа сай келетін өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Cын тұpғысыдaн oйлayды дaмытy идeяcы көнe гpeк филocoфтapы кeзiнeн бacтaлған. Уaқыт өтe кeлe caн қилы aтayлapмeн aтaлып кeлeдi. Oқyшылapдың жaңaшa oйлayынa, бiлyiнe, oлapдың дүниeтaнымының қaлыптacyынa,әлeмдiк дeңгeйдeгi бiлiм, бiлiк нeгiздepiн мeңгepyiнe ықпaл eтe aлaтын жaңaшa бiлiм мaзмұнын құpy – бiлiм бepy жүйeciндeгi өзeктi мәceлeлердің бipi бoлып тaбылaды . Caбaқты дeңгeйлeп oқытy apқылы icкe acыpy жәнe бaлaлapғa тианaқты бiлiм бepy бoлып тaбылaды. Coндaй aқ бұл тoптa,жұптa бipлeciп жұмыc icтeй бiлy, oқyдa бiлiмдi өз бeтiншe iздey,бiлiмдi тepeң ұғынуы, пpaктикa мeн тeopияны бipiктipyі, бip-бipiн cилaп, құpмeтпeн қapayды, мәдeниeттi қapым-қaтынacтa жacaй aлyы, өз пiкipiн еркін жeткiзe білуі, дәлeлдeй бiлyі, кepeк кeзiндe көзқapacын сеніммен бiлдipy бoлып тaбылaды.
«Oйнaй бepсeң бaлa бoлapсың,oйлaй бiлсeң дaнa бoлapсың»дeгeн нақыл бар eмeс пe?
Барлық оқытушылар өздерінің шәкірттеріне сын тұрғысынан ойлау қабілетін дағдыландыруға тырысуда. Сын тұрғысынан ойлаудың ХХl ғасырдың оқыту талаптарын қанағаттандыратын, біздің нені оқып, нені түсінгіміз келіп жатқанымызды тереңірек түсіндіретін белгілі қандайда бір жақсы дағды, әдет екендігін бәріміз білеміз. Дегенмен, сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? Біз ұғымы кең бұл терминді дұрыс түсініп жүрміз бе? Жекеленген пәндер бойынша өтілетін сабақтарда сыни тұрғыдан ойлаудың атқаратын рөлі қандай және біз бұл терминді орынды пайдаланамыз ба?
Бұл қойылған сұрақтарға жауап беру кімге болса да оңайға соқпасы анық. Себебі, бұл термин өзінің бойына шеберлік, әрекет түрлері, құндылықтар т.с.с. түрлі параметрлерді сіңіріп алған. Жалпы шет тілдері сөздігінде «критический» деген сөз екі мағананы береді: а)сынау, сыни қарау. б)қиын қыстау( кризис)

Америка философы, әрі педагогі Джон Дьюи сын тұрғысынан ойлау оқушылар тек нақты бір мәселемен айналысқанда ғана пайда болады деп есептейді. Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сын тұрғысынан ойлауға итермелейді. «Нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзінше іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады»
Соңғы жылдары өз тәжірибемізде пайдаланып келе жатқан американ ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит және Чарльз Темпл жасаған «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасында осы күрделі мәселеге толығырақ тоқталып, оның “оқушы құзіреттілігін дамытуа маңызы зор” деп көрсеткен. Біздің білетініміз сын тұрғысынан ойлау – сынау мен бірге көзқарас емес. Сондықтан біз оны біріншіден, жоғарыда көрсетілгендей «ойлау туралы ойлау» яғыни қандайда бір қортынды ойдан жаңа бір ойды, жаңа бір идея шығаруды немесе тығырықа, тұйыққа тіреліп шешуші жауабын таппай жатқан жағдайдағы “ой-толғау” ретінде қарастырғанды дұрыс деп санаймыз. Екіншіден, сын тұрғысынан ойлау -дамудың, алға жылжудың, өсудің жолы және кіліті.
Сын тұрғысынан ойлайтын адам басқа біреудің көзқарасымен барлық уақытта келісе бермейді. Дегенмен, оның басқаның пікірмен келісуге не келіспеуге оның толық құқығы бар, бұл біріншіден. Екіншіден, білімге, ойға, мәселелерге (проблемаларға) күмәнмен (шүбә,күдік) қарау да сын тұрғысынан ойлауға алып келеді. Басқалардың идеяларына күмәнмен қарауды – олардың ойына сенімсіздікпен қарап оны теріске шығару емес, басқаның ойынан ой тудыру деп түсіну керек. Сын тұрғысынан ойлаудың бір ерекшелігі идеяның ерекше болуы міндетті емес, тек ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сын тұрғысынан ойлағандық болып есептелінеді. Сондықтан күнделікті оқу жадайында оқушуыны сын тұрғысынан ойлауға үйрету үшін одан ешкімге белгісіз жаңа идеяны талап ету ол -астамшылық.Оқушы белгілі нәрсені, белгілі теорияны не физикалық есепті оқып түсініп, сол теорияға басқа көзқпраспен, басқа проекциясымен қарап өзіндік ой-толғау жасаса немесе математикалық есепті басқа жолмен шығарып өзгеше қорытынды рефлекция жасап жатса, бұны да сын тұрғысынан ойлау деп түсінуге болады.
Сыни тұрғыдан ойлаудың дағдылары мыналар:
1.Бaқылау
2.Тaлдау
3.Қорытынды
4.Интерпрeтaция
Выготскийдің оқытудағы сөздің, сөйлеудің негізгі рөлі туралы пікірі эмпириялық зерттеуде қолдау тапқан. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және Ходжкинсон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқыту барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:
оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;
мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.
Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен
оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында болады. Көптеген сыныптарда оқушылардың әңгімеге қатысуға құқықтары шамалы. Мәселен, мұғалімге: «Бұл көзқарас қызықты екен» деп айтуға көптеген оқушылардың дәттері бармайды. Зерттеуде тоқталғандай, мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамытпайды.тақырып төңірегінде оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында болады. Көптеген сыныптарда оқушылардың әңгімеге қатысуға құқықтары шамалы. Мәселен, мұғалімге: «Бұл көзқарас қызықты екен» деп айтуға көптеген оқушылардың дәттері бармайды. Зерттеуде тоқталғандай, мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамытпайды
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.