Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту -

Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1331 | Размер: | Автор: гость
. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту
Елбасының «Егеменді елдің, келер ұрпақтың болашағы, келешегі білімде жатыр, ол үшін білімді, білікті ұстаздар керек...» деген сөздері мектептегі әр ұстазға үлкен жауапкершілік жүктейді .Осы жауапкершілікті басшылыққа ала отырып, оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастарды жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлап жатырмын.
2013ж Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің,бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтап,7 модульді толыққанды меңгеріп келіп,сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасына аса көп көңіл бөлдім.Өйткені сыни тұрғыдан ойлау модулі екі мағынада қарастырылады: ол оқушылардың және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушыларға қатысты бұл тәсілдің маңыздылығы оқушының ойлау қабілетін, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау. Ал, мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің тәжірибесін және жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әдістерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды.Оқыту барысында мұғалімге шеберлік, төзімділік, мейірбандық секілді қасиеттер қажет екендігін түсіне отырып, әр сабағымды «жеңілден ауырға» мақсатымен өткізуге тырыстым. Ол үшін сыныпта әр оқушыны жан-жақты біліп, сыныптағы оқушылардың білім деңгейін, тәрбиесін, оқуға қызығуын ескере отырап, сабаққа дайындаламын. Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды, олардың көлемін, күрделілігін ескере отырып, оқушылардың өтілген тақырыпты толық меңгеруіне мүмкіндік туғызатын жолдарды іздестіремін. Мұндай жағдайда оқушылардың сабаққа деген ынтасы артады, мұғалім мен оқушының жұмысы жеңілдейтініне сенімдімін. Көрнекі құралдар: сызба, кестелер, үлестірме дидактикалық тапсырмалар пайдалану- сабақтың тиімділігін арттырады. Тапсырмалар оқушылардың ойлау, іскерлік қабілетін дамытады, оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді. Менің ең негізгі міндетім сабақты дұрыс ойластырып алдына анық мақсат қою.
Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету үшін мұғалім өзі сыни тұрғыдан ойлуды жетік білу қажет. Ол үшін мен іздемпаз, шығармашыл болуым қажет. Менің бойымда бұндай қасиеттер жеткілікті деп ойлаймын.
Мен өз тәжірибемде жаңа әдіс-тәсілдерді ала отырып, өзіме мынадай мақсат қойдым: оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру, ой - өрісін кеңейту, өз ойын ашық айтуға және өзін еркін ұстауды оқушының бойына қалыптастыру.Менің сыныбымда білім деңгейлері әртүрлі оқушылар оқиды. Оның ішінде дарынды оқушы Иемберген Ілияс пен Алтынғази Жания. Екпінді 3 оқушы және білім деңгейі төмен және тұйық оқушы Даниярбекова Арайлым мен Тұрғанбаек Әлібек.
Бұл модульді сабақта қолдану мақсатым: Оқушылардың ойлау қабілетін, пікір алмасу, салыстыру, өзіндік жұмыстар арқылы дамыту, топқа бөлу арқылы бір-біріне көмектесуге нақты жауап беруді қалыптастыру.Сабақта мен бірінші оқушыларға психологиялық дайындық жасап, шашылған суреттерді жинау арқылы топтарға бөлдім. Әр топ өз топтарының ережесін құрды. Мен сол ережені ұстануына талап қойдым. Әр топтың көшбасшысын тағайындап, бағалау парағын бердім. Бағалау парағы арқылы көшбасшы тобындағы оқушыларды бағалау критерий бойынша бағалап отырады. Топтарға әртүрлі тапсырмалар бере отыра сабақты өздігінен іздене отырып, талдауға тапсырма беремін.Сабақта оқушыларды қызықтыру үшін мынадай тәсілдерді қолдандым: жасырын сөз, шытырман, бейне көрініс, кестені толтыру, өздігінен бағалау, плакаттарға өз ойын түсіру, бір-біріне сұрақ қою. Сабақта топтық жұмыста оқушылар ережені толық ұстана қойған жоқ. Себебі жақсы оқитын оқушыларда менменшіл қалыптасып кеткен,сабақты өзі ғана белсенділік танытып, ерекше көрінгісі келді. Нашар оқитын оқушы өзін сол қалпында ұстап, қызығушылық танытпады. Яғни әр оқушы әртүрлі қабылдады. Берілген мәтінмен тек жақсы оқитын оқушы жұмыс жасады. Алғашында алдыма қойған мақсатыма толық жете алмадым, себебі оқушылардың белсенділігі орташа болды. Негізінен жақсы оқитын оқушылар белсенді қатысып топтарын алып шықты. Бірақ үлгерімі төмен оқушылардың белсенділігі төмендеу болды. Сабақта өз бетімен отырды.Осы сабақтың кемшіліктеріне қарай отыра, мен өзіме мынадай мақсаттар қойдым: топқа ережені естеріне салып отыру, нашар оқитын окушыны жұмысқа тарту, оның пікірін тыңдау, жақсы оқитын оқушыға өз пікірімен басқа оқушылармен бөлісу, әр оқушы өз ойын плакатқа салу, нашар оқитын оқушының азда болса жұмысын мадақтап отыра, талдап отырған жұмысына бағдар беру. Осы мақсатты ұстана отыра мен келесі сабақтарымда мынандай нәтижеге жеттім деп айтуға болады. Оқушыларды екі топқа бөліп, әр топтың бағалау парағын алдарына қойдым. Үй тапсырмасын тексергеннен кейін жаңа сабақты бейне көрініспен аштым. Екі топтың алдына суреттер, кестелер, әр түрлі тапсырмалар, плакаттар мен маркерлер берілді. Тапсырманы орындап болған соң әр топ тақтаға шығып, өздерінің жұмыстарын қорғады. Мұнда топтағы оқушылар ішіндегі нашар оқитын оқушығада сөз берді. Ол оқушы ойын толық айта алмаса да жаңа сабаққа түсінгендігі көрінді. Екі топ бір-бірінің жұмыстарын критерий бойынша, яғни көрнекілеуіне, мазмұнына қарай бағалады. Осы мақсатты ұстана отыра мен келесі сабақта мынандай нәтижеге жеттім деп айтуға болады. Ережені естеріне түсіре отыра, үздік оқитыноқушы нашар оқитын оқушыны « мынаны істеу керек» деп жұмысқа тартып отырды. Оқушы өзіне назар аудрғанын, сенім артқанын сезініп, ойы қажет екен түсініп, жұмыс жасай бастады және бейне көріністе жақсы әсер етті, себебі өте қызықты тапсырмаларға белсене қатысып отырды. Бейне көрініске қарай отыра Ә . оқушы топпен тіршілік ететін жануарларды атап шықты. Бұл сабақта оқушылар кызығушылық танытты. Бір - бірімен пікір алмасып, білім деңгейі төмен оқушылар қызығушылық және белсенділік танытты. Әр топ өздерінің талдаған жұмыстарын топпен қорғады. Ол топтың жұмысын басқа топтар көрнекілеуіне, мазмұнына қарай, яғни критерий бойынша бағалайды. Қорытындыда топтар бір-біріне сұрақтар қойды. Сабаққа құрылған критерийлер арқылы оқушылар өзін - өзі формативті бағалады. Қорытындысын суммативті баға түрінде шығарып отырамын.Мен жұмысым толық іске асты деп айта алмаймын, себебі осы мерзім ішінде мүмкін емес, болашақта толық іске асырамын деп ойлаймын негізінен окушылардың кызығушылығы мол. Міне, мен оқушылардың болашақта осы модульді толық меңгеріп, толық қолдана отырып оқушылардың осы қасиетін қалыптастырамын. Сабақ топтамаларын таныстыруда әріптестермен пікірлерсе отыра, келешекте өз тәжірибемде іске асырамын. Сыни тұрғыдан ойлау модулі қазіргі заманның өрленуіне қарай Қазақстанның ашық, еркін азаматын тәрбиелеу. Сыни тұрғыдан ойлау модулі сабақта қолдану өте тиімді. Сондықтанда болашақта ары қарай қолданамын, жетілдіремін және мақсатыма жетемін.
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Алға орта мектебі
/1 деңгей/ бастауыш сынып мұғалімі
Интыкбаева Т.С.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.