Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сынып жетекшісі - 2015 байқауы -

Сынып жетекшісі - 2015 байқауы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2309 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Мақтарал ауданы, С.Сейфуллин атындағы жом
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сариева Гульнора Кошкаровна
Байқау тақырыбы: Сынып жетекшісі - 2015 байқауы
Байқаудың мақсаты: біріншіден, қазіргі қоғамдағы тәрбиенің ролін арттыру және сонымен қатар сынып жетекшілердің статусын көтеру,
Екіншіден, сынып жетекшілердің шығармашылық қабилеттерін, шеберліктерін дамыту ,
Үшіншіден, жеке тұлғаны тәрбиелеуде сынып жетекшілердің ұстамдылығын, қызығушылығын арттыру.
Осы мақсатта ұйымдастырылып отырған іс шарамыздың бірі
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көнілді қой,
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық , сергісін бой.”
Бүгін біздің мектебімізде тамаша кеш өткелі отыр.Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім- тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, ұстаз деген атқа лайық сынып жетекшілеріміз сайысқа түскелі отыр. .
Шеттерінен жігер оты лаулайтын
Білімімен шәкірттерін баулайтын.
Биік қойған парасат пен тәлімді
Мәртебелі ұзтаздықты таңдайтын,- деп бүгінгі сайысымызге қош келдіңіздер. Елбасымыздың «Нұрлі жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауында айтылғандай 2015 жыл тарихи мерейлі мерекелер жылы..Қазақ хандығының 550 жылы, Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы , Қазақстан Республикасы Ата заңының 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық тойларын атап өтеміз. Соған орай,
Мектебімізде «Ең үздік сынып жетекшісі» атты 2015 жылдың сынып жетекшілері, 5 топқа бөлініп өзара сынға түспек.
Сайыста қаймықпайды, тайынбайды,
Қиыннан ешқашанда мойымайды.
Сайыстың бұл кезеңін бастайық біз
Әр ұстаз айта кетсін өзі жайлы
-Ендеше, ерінбей, үнемі ізденіс үстінде жүретін сынып жетекшілерымызбен таныс болыңыздар. Топтармен таныстыру
Рухы мен тілін жанындай сүйген
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы
Армандай асқар,
Жолдарға бастар
Ісіңнен ұрпақ от алар
Қалмайсың естен, Тағдыры шыншыл аталар демекші
1.Қазақ хандығының 550 жылдығынан құралған «Қазақ мемлекетінің қалыптасу кезеңдері» тобы
Ұлы көшке сенген күн,
Фашистерді женген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн!- деп ақын Қадыр Мырза Әлі жырлағандай
2.Ұлы Жеңіске 70 жылдан құралған «Ешкім де, еш нәрседе ұмытылмайды» тобы
Ынтымағы жоқ елде ән болмайды,
Ынтымағы жоқ елде сән болмады.
Қазақстан достығы қызықтырып,
Орманым бар, өзенім бар, көлім бар,
Пейілім кең дастарханым жаюлы,
Әлем халқы бізге қонақ болыңдар деп
3.Ассамблеяның 20 жылдығынан құралған «Ұлттар достығы- ұрпақ тілегі» тобы
Бас иетін бар адам,
Әр бір сөзі салмақты
Қорғар бәле жаладан,
Ата Заң бұл ардақты.
Ата Заңға қарағым,
Шексіз болсын құрметің
Туған елдің талабың,
Заңды орындау- міндетің.
демекші
4. Қазақстан Республикасы Конституцияның 20 жылдығынан құралған «Ата заңым - ардағым» тобы
Ауылым туып өскен алтын бесік
Ақ алтын мақта егуде кәсіп етіп
ЭКСПО-2017 көрмесіне
Қосамыз бізде үлес нәсіп етіп
5. ЭКСПО -2017 жылы «Ақпараттандыру, жаһандану – өмір талабы» тобы
Әділқазы мүшелерін сайлау
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәмәл шықты.
Білім мен шеберліктің жарысында,
Жеңіске жетер дейміз , нағыз мықты ,- дей отырып , әділ қазілерімізбенен таныс болыңыздер
Сайысымыздың шарттарымен танысайық.
1.Топты таныстару
2.Портфолио ( Сынып жетекшілердің іс-қағаздары)
Бастауыш сынып жетекшісі Ардагер ұстазымыз Эргашов Каттабек мен Қазақ тілі тілі пәні мұғалімі Тұрғанбаева Бөтакоз апайдан Портфолио ( Сынып жетешінің іс қужаттары туралы ) айтуын сұраймыз.
3.Жағдаятты сахналық көрініс Оқушы
Ата-ана Сынып жетекші
4.Презентация ( тақырыпты сахналық көрініс)
5. Қорытынды
Ендеше, сайысымызды «Ұстазым менің» әні мен бастаймыз
1ші Таныстыру шарты бойынша топтарға кезек беріміз
2.Портфолио Сынып жетекшінің іс-қағаздары
3.Жағдаятты сахналық көрініс ( Ата-ана, оқушы, ұстаз )
4.Презентация (әр топ өз тақырыптарын қорғау)
5. Әр бір топ өз тақырыбына сәйкес мектептін қабырғасына 1 данадан стенд жасайды.
Әділқазылар алқасы соңғы сайыстың қорытындысын шығарғанға дейін бастауыш сыныптың өнерін тамашалайық.
Би
Сөз кезегін әділқазыларға береміз
Құрметті ұстаздар! Сіздер бүгін Сынып жетекші байқауын тамашаладыңыздар. Демеушіліқ жасаған ата аналар төрағасы А.Тавашаров, Бекмуратов А ағай, Фатуллаев Ф, пед-психологтар Оспанова Н, Илиясова Н апайларымызға алғысымызды айтамыз
Енді өз ойларыңызды өз тілектеріңізді ризашылықтарыңызды білдіруге руқсат ортаға шығыңыздер
Құттықтау сөздері
Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Назарларыңызға размет!
ХОР «Атамекен»әні орындалады
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.