Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
СЫР САҚТАҒАН ТҰМАРЛАР -

СЫР САҚТАҒАН ТҰМАРЛАР

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3062 | Размер: | Автор: гость
. Ортай Гауһар,
№21 жалпы орта мектебінің 8 «А» сынып оқушысы
ОҚО, Түркістан қаласы
Ғылыми жетекшісі: Омарбаева Жанар
Ғылыми кеңесшісі: Еділ Төлегенов Қ.А Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университет жалпы тарих кафедрасының аға оқытушысы,
тарих ғылымдарының кандидаты
Тақырыбы: «Сыр сақтаған тұмарлар»

СЫР САҚТАҒАН ТҰМАРЛАР

Зерттеудің мақсаты: Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының тарихын білуі және қазақ халқының салт-дәстүрімен соның ішінде тұмар тағу дәстүрі жайлы қысқаша зерттеу жұмысын көпшілік қауымға таныстыру.
Өзектілігі: Негізгі мақсат - Қазақ зергерлері, негізінен, түсті металдардан сан алуан әсемдік бұйымдар жасады. Әсіресе, күмістен соғылатын көптеген сәндік бұйымдар — сәукеле әшекейлері, сырға, шолпы, шекелік, алқа, өңіржиек, қолтықша, тұмарша, білезік, сақина,жүзік, белбеу, қапсырма, түйме, тана, тіс шұқығыш ертеден-ақ кең тараған заттар. Соның бірі де бірегейі тұмар тағудың маңыздылығы мен оның шығу тарихына үңілу болып табылады.
Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зерттеудің материалы ретінде деректер, сауалнама, түсіндірме, оқулықтар мен көркем шығармалар, ғылыми еңбектер алынды.
Болжам: Тарихымызда болашақ ұрпақтың санасына тереңінен меңгертіп, оқытатын болсақ, онда өз ұлтымыздың, тіліміздің, дініміздің, ата-бабаларымыздың тарихын сақтай отырып үйрену жәдігерлерімізді көзіміздің қарашығындай сақтау және таныстыру.
Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеудің барысында жинақтау, салыстыру, сауалнамалар, талдау (анализ) және синтез тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылады.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Зерттеу барысында алынған нәтижелерді тірек сызбалар, диаграммалар жасауда пайдалануға болады.
Зерттеудің жаңалығы: Ата-бабаларымыз тұтынған заттарының мәнін түсініп, жолдастарыма да соны ұқтырсам деген ойым бар. Болашақтта ата-бабаларымның тарихын зерттеп, жолын қуып, халқыма, еліме еңбек сіңірген этнограф ғалым боламын.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдалынған әдебиеттер және қосымшадан тұрады.

Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған Қазақстан жерінде бұрын-соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Мұның өзі қазақ өнерінің республика жерінде мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы басқа көне түркі тайпаларының мәдениетімен төркіндестігінің айғағы.
Қазақ халқы – кең-байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл үрдіске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан-жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ, Оңтүстік-Сібір, Орта Азия мен орыс халқының да мәдениеті әсер етті. Сайып келгенде, жергілікті көне мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқынын бойына сіңіріп, үнемі жақсару, жаңғыру үстінде болды. Осындай толассыз дамудың нәтижесінде ХІХ ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері өз дамуында айтарлықтай жоғары деңгейге көтеріледі.
Революцияға дейіңгі қолөнердің дамуына қазақ қауымының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, көшпелі өмір, біртіндеп отырықшылыққа көшу процесі, бұрын үстем болып келген тұйық шарушылықтың ыдырай бастауы, көрші елдермен, әсіресе Ресеймен, сауда қатынасының шаруашылық және мәдени байланыстың арта түсуі, тағы да басқа көптеген ішкі-сыртқы факторлардың айтарлықтай ықпал жасады. Ол кездегі қазақ ауылдарының көпшілігінің қаламен байланысы болмады. Сондықтан, олардың өзіне қажетті үй бұйымдарының басым көпшілігін қалалардан сатып аларлықтай мүмкіндігі болмағандықтан, негізінен, халық шеберлерінің қолына қарады. Қазақ қолөнер шеберлері, көбінесе, кедейлер әулетінен шықты. Олардың белгілі бір қолөнер түріне мамандана кәсіп етуі шеберлердің негізгі күн-көріс көзіне айналатын. Соның өзінде қолөнер шеберлерінің өнерлі қолөнер шеберлерінің өнерлі еңбегі, тіпті ғажап туындыларының өзі де жете бағаланбады. Сондықтан, қолөнерді кәсіп етуші шебер жандардың өзі жоқшылық зардабынан қол үзе алмады.
Қазақ қолөнер шеберлерінің күнделікті еңбегінің тым ауырлығының бір себебі – олардың басым көпшілігінде жабдықталған арнайы шеберханалардың болмауы. Әсіресе, ершілер, зергерлер, етікшілер, тағы да басқа ұсақ-түйек бұйымдар жасайтын шеберлер, көбінесе, қысы-жазы өзінің тұрғын үйінде немесе жасатушының мекен-жайында жатып істеді. Мұндай шеберлердің бұйым жасайтын шикізаты да, құрал-саймандары да көш-қонға қолайлы шағын, сыйымды болды. Сондықтан, олар жаздыгүні елмен бірге жайлауға көшіп, өзінің шағын киіз үйінде істей берді. Ал енді, киіз үй сүйегін жасайтын үйшілер мен арба-шана, жерағаш сияқты көлемді құралдар мен бұйымдар істейтін шеберлер, темір ұсталары, тас өндеушілер, көбінесе, қысқы мекенінен кете алмай жатақта қалады. Сондықтан, бұлардың кейбіреулерінде, әсіресе ұсталарда, арнайы қарапайым дүкендер болды. Ал, тастан там салып, құлпытас және басқа бұйымдар қашайтын шеберлер мен үйшілердің, арбашылардың жұмыс орны қыстаудағы қора бұрышында, шошалада немесе арнайы жасалатын лапас астында орналасты. Мұндай шеберлердің жазда жайлауға көшуіне, бір жағынан, көліксіздік, кедейлік мүмкіндік бермесе, екіншіден, олардың негізгі кәсібінің өзі көш-қонға тым қолайсыздық туғызады. Айталық, ауыр тастарды былай қойғанда, киіз үй сүйегі мен арба-шана, тағы да басқа шаруашылық саймандарын жасайтын шикізаттарды, оларды өңдейтін құрал-саймндарды көш-қонның кезінде өзімен бірге ала жүруге мүмкіндік болмады.
Қазақ әйелдерінің зергерлік сәндік әшекей бұйымдарының бірі тамаша үлгісі бойтұмар. Тұмар араб тілінен ауданғанда бүктелген, үлгі, қолжазба деген мағынаны береді. Молданың ауырған кісіге ырым үшін жазып беретін дұғасы. Бойтұмар дұға, аят немесе қасиетті кітаптан алынған сөздер жазылған, мойынға тағылатын қастерлі зат. Бойтұмар адамдарды түрлі пәле жаладан қорғайды деп есептеген. Бойтұмар тағу барлық халықтарға тән көне дәуірден келе жатқан дәстүр.
Бойтұмар мойынға тағып жүретін әшекейлердің бірі тұмар. Оны шеберлер күмістен не бұрыштап, не жұмыр түтікше тәріздендіріп жасайды жәнемойынға іліп жүретін әсем шынжыр бау тағады. Бұлардың іші қуыс болады. Онда дұға сақталады. Кеудеге тағатын әшекейлердің басты құрамдас бөлігі өңіржидек өзара бір біріне шашбау ссекілдіетіп үзбелеп бекітілген бұл бұйым кейде сансыз салпыншақтармен күрделене түседі.
Мойынға тағып жүретін әшекейдің бірі — тұмарша. Оны шебер зергерлер күмістен не бұрыштап, не жұмыр түтікше тәріздендіріп жасайды және мойынға іліп жүретін әсем шынжыр бау тағады. Бұлардың іші қуыс болады, онда дұға сақталады. Мұның өзі ерте кездегі қараңғы халықтың дінге деген нанымынан туған. Тұмар адамды пәле-жаладан, тіл-көзден сақтайды деп білген. Сондықтан, тұмаршалардың осындай «қасиетіне» табынған жұрт оны күмістен жасатып, сыртына неше түрлі зер жүргізіп, алтынмен булатқан. Мұндай тұмаршалардың өте әсем түрлерін мұражайлардан тамашалауларыңызға болады.
Қазіргі кезде тұмар таққан жастар көбейіп келеді. Алайда, сол тұмарды не үшін тағып жүргенін өздері де білмейді. Мұсылмандықтың белгісі ме, әлде ырым-жырым ба? Әлбетте, тұмардың тарихы тым тереңде жатыр. Сенбесеңіз, ел аузында әл-Фараби бабамыздан қалды дейтін әңгіме де бар.
Ұлы ұстаз қартайып, бір топ шәкірттерінің басын қосып: «Сендерге аманатым бар, құпияны сақтап, шартын орындасаңдар ғана ашамын»-дейді. «Айтқаныңызды екі етпейміз»-деп шәкірттері де бірауыздан уәде береді. Сонда ұстаз оларға киізден тігілген тұмарды ұсынып, өз қабірінің басында ғана ашуды міндеттейді. Араға көп уақыт салмай данышпан дүниеден өтеді. Шәкірттері арулап жерлеу рәсімі кезінде әлгі тұмарды ашып қараса, ішінен бір түйір қағаз шығады. Оған: «Бұл – мен туған жердің топырағы. Қабіріме осы топырақты салыңдар»-деп жазып кеткен екен. Ғұламаның әлгі өтініші үлкен тебіреніспен, толқумен орындалыпты. Ол кезеңдерде дәл қазіргідей туған жердің қадір-қасиеті артық тұрса керек...
Тұмар тағу ырымы түркілік дәстүрдің айқын бір көрінісі болып саналады. Қазақ үшін – көк, күн, от, су сияқты, қара жер де киелі ұғымдардың бірі. «Қара жер» - киелі жер деген мағынада. Бұрынғы көшпелілер тағатын тұмардың ішінде туған жердің бір уыс топырағы болған. Тұмар сөзінің өзі түркінің «тума иер» - «туған жер» деген сөздерінің кірігуінен пайда болған. Кейінірек мұсылман дінінің орнығуына байланысты тұмардың ішінде дұға жазып салу салт-дәстүрі қалыптасқан.
Иә, тұмар халқымыздың ұғымында өте киелі мағынаға ие болған. Қайырылмас ғасырлар бұрын қағаз жоқ, тауар аз кезде, сауда-саттық жасау мақсатымен алысқа сапар шеккенде немесе соғыс жорықтарына аттанғанда, бабаларымыз мал терісінен жүрекке ұқсатып, үшбұрышты етіп тігілген қалташыққа, яки тұмарға туған жердің топырағын толтырып алып шығатын-ды. Бұл туған жерге, туған елге деген перзенттік парыздың белгісі болса керек.
Тұмар – Түркі халықтарының дәстүріндегі туған жерді қадірлеп, қастерлеуден шыққан сенім. Аяулы дәстүр. Осы бір дәстүрді барша қазақ жастары біліп жүрсе екен!

ЗЕРГЕРЛІК ЖӘНЕ ТҰМАРЛАРДЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫН ЗЕРТЕП ЗЕРДЕЛЕУ

Қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын, өткені мен бүгінгісін жүйелі түрде этнографиялық тұрғыда зерттеу Ұлы Отан соғысынан кейін Қазақ ССР Ғылым академиясының құрамында этнографиялық бөлімнің қалыптасуына байланысты жүргізілді. Қазақстанның әр өңірінде мекендейтін қазақ жұртшылығының материалдық мәдениетін, шаруашылық мәселелерін, жалпы мәдениеті мен тұрмысын зерттеу негізіде И.В.Захаров, В.В.Востров, Р.Д.Ходжиева сияқты этнографтардың бірнеше ғылыми еңбектері жарық көрді. Бұл жұмыстар қазақ қолөнеріне толық арналмағанымен, олардың әрқайсысынан қолөнерге байланысты нақтылы деректер табуға болады. 1950 жылдардың соңында Қазақстанның солтүстік облыстарында мекендейтін қазақ жұртшылығының революцияға дейінгі кәсібін этнографиялық тұрғыда зерттеуге Э.А.Масановтың кандидаттық диссертациясы арналған еді. Бірақ, бұл қолжазба жеке кітап болып шыққан жоқ, тек оның кейбір бөлімдері бойынша бірнеше жеке мақалалар жарық көрді.
Қазақ халқының киіз үйі туралы академик Ә.Х.Марғұланның көлемі шағын еңбегі мен М.С.Мұқановтың альбом-кітабы, сондай-ақ, қазақ өнері мен қолөнері туралы Н.Нұрмұхамедовтың еңбектері жарық көрді. Бұл еңбектердің жарық қай-қайсысын болмасын кезінде оқушы қауым жақсы қабылдады, олардың әр-қайсысы өнер тарихын зертеуге айтарлықтай үлес қосты.
Қазақ этнографиясындағы зерттелмеген мәселе – қолөнердің аймақтық өзгешеліктері, яғни Қазақстанның әр аймақтарындағы қолөнердің өзіне тән ерекшеліктері. Қазіргі этнографияда қолөнердің элементтерін бүкіл Қазақстанға ортақтандыру етек алған.
Қазақ әйелдерінің зергерлік сәндік әшекей бұйымдарының бірі тамаша үлгісі бойтұмар. Тұмар араб тілінен ауданғанда бүктелген, үлгі, қолжазба деген мағынаны береді. Молданың ауырған кісіге ырым үшін жазып беретін дұғасы. Бойтұмар дұға, аят немесе қасиетті кітаптан алынған сөздер жазылған, мойынға тағылатын қастерлі зат. Бойтұмар адамдарды түрлі пәле жаладан қорғайды деп есептеген. Бойтұмар тағу барлық халықтарға тән көне дәуірден келе жатқан дәстүр. [1, 359б]
Тұмар – ырымдық зат. Тұмар [араб. طومار – бүктелген, үлгі (формат) бір бет қолжазба] ауырған кісіге ырым үшін жазып беретін дұғасы.[2, 150 б ]
طومارмн. طوامیر 1) свиток

تمیمة мн. تمائم талисман. амулет

حرز мн. احراز талисман. амулет.[3, 356]
Қазақ тілінде «тұмар» Қарақалпақ тілінде Тумар, тәжік тілінде «тумор», Өзбек тілінде «тумар» деп аталады. Көне түрік тілінде «тумар иер» деген сөз бар. Онысы «туған жер» деген. «Тумар» сол тума иер сөздерінің қосылуы арқылы шыққан болуы да ғажап емес. Бұрын тұмар ішіне туған жер топырағын, тас қиыршықтарын салған. Онысы «жер ана желеп жебейді», «туған жерге қайтып ораламын» деген сенім. Бұл ұғым қазақ арасында әлі бар. Шашы ұзын қыздар «көзден сақтайды.» деп, жас балаларға аналары «көз тимейді» деп ауыл молдаларына тұмар жаздырып алып (Араб тілінде) тағатын. Мұны қазақ ауылдарында кездестіруге болады. Тұмар оюы басқұр, аққұр, кілем, текемет киіздердің шетіне салады. «Тұмарша» деп те аталады. Бұл ою басқа да өрнектердің шығуына негіз болды. Мәселен, «шаршы» (мұны «қос тұмар» деп те атайды) бұл да киелі ою. Қазақ ою – өрнектерінің төртбұрышты бітімге салуына себепші болған.
Қазақ әйелдерінің зергерлік сәндік әшекей бұйымдарының бірі тамаша үлгісі бойтұмар. Тұмар араб тілінен ауданғанда бүктелген, үлгі, қолжазба деген мағынаны береді. Молданың ауырған кісіге ырым үшін жазып беретін дұғасы. Бойтұмар дұға, аят немесе қасиетті кітаптан алынған сөздер жазылған, мойынға тағылатын қастерлі зат. Бойтұмар адамдарды түрлі пәле жаладан қорғайды деп есептеген. Бойтұмар тағу барлық халықтарға тән көне дәуірден келе жатқан дәстүр.
Дүниежүзінің барша халықтарында талисман, амулет аталынып жүрген "көз тию", "тіл тиюден" сақтайтын түрін қазақтарда тұмар деп атаған. Мұнда "қырғыз немесе қырғыз әйелі өзімен бірге үш бұрышты өзін сақтайтын аяттар жазылған тұмар тағады. Ол адамды бақытсыздықтан сақтайды деп сенеді" (Левшин). деген пікір орынды.
Сонымен бірге, тұмардың өзі бірнеше дәуірді басынан кешіргенін байқауға болады. Алғашында тұмар ретінде өз тотемдерінің бір мүшесі не терісі т.б. болса, кейіннен мұсылмандықтың енуіне байланысты тұмарға құраннан аяттар жазып салатын болған. Бұдан ерте кездегі діндердің өзгерген түрлерінің қазақ халқының ерекшелігіне байланысты мұсылман-дыққа да ықпал жасағанын көреміз.
Тұмарды әдетте діни ғұламаларға жаздырып алып, былғарымен қаптап, мойынға тағып жүргендіктен, бойтұмар деп аталады. Құран сүрелерінің емдік қасиеті бар екендігінің мысалын мына хикаядан көреміз. Он бір аяттан тұратын «мұғаууизатайн» (екі қорғаныш) деп аталатын «Нас» пен «Фалақ» сүрелерінің түсуіне Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды бір яхуди әйелдің жіпке он бір түйін түйіп, оқып сиқырлауы себеп болған. Сиқырдан пайғамбар сарғайып бозарып ауырғанда, Жебрейл (ғ.с.) періште осы екі сүрені әкеледі. Он бір аяттың әрбір аятын оқығанда, бір бір түйін шешіліп, пайғамбар құлан таза айығады. Тағы бір хадисте пайғамбар «көздің тиюі хақ» дейді. Көз тиюден, тілден алдын ала сақтану үшін Айша анаға «көз тимеу үшін үшкіріп ал» дейді. Үшкіртумен қатар тұмар, ішірткі, түтекті жазып қолданып, ұшықттау діни дәстүрде бар. Осындай емдік аят-дұғалар жинақталған кітаптар қолжазба күйінде қазақ даласына көп тараған. Кейіннен ондай дұға жазылған қағазды қадірлеп, күмістенарнайы қорап жасап, қорапты әртүрлі зергерлік техникалық әдістермен безендірілген. Сөйтіп бұл бұйым екі түрлі қызмет тұмар және әсемдік үшін әшекей қызметін бірдей атқарған. Оны әртүрлі пішінде жасайды және мойынға іліп жүретін әсем шынжыр бау тағады. Тұмар немесе әшекей бұйымдарын жасауда қазақтың зергерлік өнеріне көне дәстүрлерді жалғастыру және көршілес елдер мәдениетінің өзара әсері де негіз болған. Орта Азияның басқа халықтары секілді қазақтардың да таққан көптеген зергерлік бұйымдардың тек әшекейлік бұйым ретіндегі қызметінен бұрын тұмар иесін бәле жаладан, қауіптен қорғау мақсатындағы мағынасы басым. Кейбір әшекей бұйымдардың формасы мен оған түсірілген өрнектер ежелгі наным сенімдер және халық дәстүрімен өте тығыз байланысты. Мысалы: аңдар мен құстар алғашқы кезде киелі саналып, тайпаны қорғайтын рулық тотем болса, өсімдік тектес өрнектер қазақтарда және басқа Орта Азия халықтарының түсінігінде «өріс жаюы» білдіреді. Тұмар көбіне балалар мен әйелдерге ғана арналып жасалған. Балаларға қызыға қараған көзден, тілден сақтасын десе, әйелдерді ұрпақ жалғастырушы ретінде сақтау үшін тағылады. Сондықтан да қазақ ұғымында бойтұмар ұрпақтың көбею, өсу символын білдіретін бұйымдардың қатарына кіреді.
Осындай зергерлік әшекей бұйымдардың мұражай қорында бірнеше үлгісі сақтауда. Соның бірі түтікше пішінде жасалып келіп, екі жаны жіңішке түтігі бар күмбез іспетті болып біткен. Іші қуыс, жіңішке тетігіне және денесінің алты жеріне ширатпа сым оратып өрнектелген. Өрнектерінің арасынан жоғары қарай үш ілмек, төмен қарай бес ілмек орнатылған. Жоғары шынжыры жоғалған, төменгі ілмекке ілінген бес шынжырдың ұшында қоңыраулары бар. Тұмардың түтікше тәрізді іші қуыс етіп жасалуы дұға жазылған қағазды ширатып ішіне салу үшін істелген болса, қоңыраулары сылдырап, келе жатқан ауру мен түрлі зиянкестерді үркітеді деген сеніммен жасалған, сондай-ақ жас баларға қоңыраулы тұмар тағу арқылы анасы баланың жақын арада жүргенін естіп біліп отырған.
Қазақ даласында тұмардың «тұмарша, қолтықша, бойтұмар» сияқты формалары кеңінен таралған. Тұмардың үшбұрышты түрі – тұмарша, бұлшық еттің астында тұратын төртбұрышты түрі – қолтықша, доғал бұрышты түрі – бойтұмар деп аталады. Тарихқа көз жүгіртсек, біздің бабаларымыз тұмар тағудың ғасырлар бойы ғажап үлгісін жасаған. Мысалы: Хан ордасында – Орда тұмар, қала қақпаларында – қақпа тұмары, үйлерде – үйтұмар, батырларда – бойтұмар, арғымаққа –аттұмар, төрт түлікте – көзтұмар, үйленгенде – қостұмар, қыз ұзатса – жасаутұмар, сәбилі болса – бесік тұмар жастататын болған.
Бұхараның атақты «Көгілташ» діни медресесінің ең алғыр түлегі болған, кейіннен Хан ұрпақтарын тәрбиелеу үшін Қарнақтағы қарилар медресесіне үлкен ұстаз қызметіне жіберілген, елі «Көмекей Әулие» атаған Ислам дінінің білгірі Бұхар баба кезінде Ханның көшпелі Ордасында «Орда тұмар», қарапайым халықтың киіз үйінде «Шаңырақ тұмар», «Үйтұмар», бесікте «Балатұмар», «Назартұмар», батыр-баһадүрлерде өздерінде «Бойтұмар», тұлпарында «Көзтұмар» ілініп тұратын болған. Одан қала берді батырлар жауға қарсы жорыққа шығар кезде «Әзірет Сұлтан» Әулиенің басынан «тәбәрік» деп бір уыс топырақ алып, бойтұмарларына салып та алатын болған. Ол заман керек десеңіз қазақ даласындағы Исламның көркейген кезі болатын. [4]
Саралай келе, тұмар сөзінің семантикасы және қолданысқа еніп, тұрмыспен бітісуі мына негізгі екі арнадан бастау алады деген тұжырымға келдік. Ол:
1. Түркі дәуірі кезінде туған жерге деген ыстық махаббаттан туған тұмар;
2. Ислам дінінің ықпалымен келген тұмар.
Бүгінгі күні тұмарға берілетін мына анықтамаларға мән берсек:
 Мойынға тағатын зергерлік бұйымдардың бірі;
 Зиянды тылсым күштерден, тіл-көзден, дұғалаудан сақтайды деп сенетін, Құран аяттары жазылған қағаз;
 Адамға, малға тұмар тағу ертеден келе жатқан дәстүрлі әдет;
 Тұмар қабы;
 Тіл-көз тиюден сақтайды деген ұғыммен Құран сөзі жазылған үшбұрышты мата не былғарымен тысталған дұғалық қағаз.
В. В. Радлов сөздігінде тұмардың ішірткі қағаздан басқа түркі тілдеріндегі бір мағынасы – «футляр для талисмана». Өзбек тілінде тұмар қорабын «бозбанд» дейді. [5.34].
Енді тұмар сөзінің тұрмыста қолдану ерекшелігіндегі лексика-семантикалық сипаттарына келсек, көптеген теңеулер мен метафораларға тірек сөз болғанына көз жеткізуге болады. Тұмар (қорапша) алтын, күміспен әшекейленіп, асыл тастармен, әр түрлі салпыншақтармен безелді. Осыған орай «тұмар жүзді» деген теңеу ақын-жыраулардың тілінде кездесе бастады.
Халық түсінігі бойынша, малдардың ауруы кей жағдайда көз тиюден болады деп есептелген. Көз тимеу үшін ботаға, түйеге, сиырға, жүйрік аттарға әр түрлі тұмарлар тағылған. Мысалға, ботаға үкі тағып, біраз уақыт жұрттан оңаша ұстап тұмар таққан. Ол тұмар – жіпке өткізілген қара дөңгелек тастар. Бөгде біреу ботаны көріп қалса «тіл-көзім тасқа» деп жерге түкірген. Егер олай етпесе үй иесі одан жаңағы сөзді айтып, жерге түкіруді талап еткен. Сүтті көп беретін сиырға да жеті қара тасты салып, үшбұрыштап тіккен тұмарлар тағып қою әдеті болған. Бұл қазіргі кездегі жиі қолданысқа ие «тіл-көзім тасқа», «тілім тасқа тисін», «көзім тасқа түссін» деген тіркестердің шығу төркіні ретінде қарауға мүмкіндік береді.
«Алпамыс батыр» жырында Алпамыстың серке қоямын деген лағының тұмары болады:
Қоямын деген бас серке
Бар еді екі лағы.
Сүйкімді көріп суретін
Мойнына таққан тұмары.

«Ер қанаты – ат» деген ата-бабамыз жылқыны өте қадірлегендігі белгілі. «Жүйрікке – тұмар» деген мақал осыны аңғартады. Ақын-жыраулар тілінде, әр түрлі жырларда тұлпарларға тұмар тағылатындығы жиі кездеседі, тұмарына қарап оның жай ат емес екендігін ажыратқан:

Жүйріктің белгісі:
Бәйгеге қосқан тұмарлап,
Жігіттіктің белгісі
Бедеу мініп астына
Жиынға түскен бұлаңдап
(А. Керейұлы )
Жүйрік аттарға тұмар ретінде мал сүйегі, киіздің қиындысынан жасалған тұмарлар тағылған. Бұл туралы бір дерек келтірсек. «Локтевая кость овцы, которая, по мнению мулл, имеет сходство с начертанием слова «магомет» и должна следовательно приносить особое счастье, заняла благодаря этому исключетельное положение: ее навешивают особенно лошадям»
Басқа халықтарда да малдарына тұмар таққандығы белгілі. Монғолдар қадірлі малын «сетер мал» деп атаған, мал басының аман болуына деп мойнына тұмар байлаған. Бұл малын соймаған. Егер сетер малы түйе, сиыр, жылқы сияқты ірі малдар болса, оны жұмысқа салмаған Сонымен тұмардың тек адам баласына ғана емес, басқа да жаратылыс иелеріне қатысты түрлерінің де болғанын аңғарамыз.
Басқа да мәліметтерге жүгінсек:
Тұмар зат.діни. 1. Жас бала не жаңа туған төлді көз тиюден, ауру-сырқаудан сақтайды деген ұғыммен ішіне құран сөзі жазылған, үш бұрышты мата не былғарымен тысталған дұғалық қағаз. Балаларға есектас пен тұмар қадау тіл, көз тиюден сақтайды деп есектелген (М. Исқақов, Соқыр сенім.). Әйелім маған молдадан тұмар алып берген болатын (Ж. Молдағалиев, Торғай.). Ол ерте тұрып Серғазы молдаға тұмар жаздырып алды (Д. Исабеков, Қара шаңырақ.). 2. Ауыс. Ең қастерлі, киелі зат. Туған жердің бір уыс топырағын салып жіберуді ұмытпағайсың, тұмар ғып тағып жүрейін (Р. Сейсенбаев, Аңсау.). Бой тұмар. Бойға тағып жүретін тұмар. Сенің сол хатыңды бой тұмар ғып әлі тағып жүрмін (О. Бөкеев, Мұзтау).
Тұмарла ет. Тұмар тағу, қастерлеу. Қасқа атты қатырып мініп, құйрығын үкілеп, тамағын тұмарлап, жайтақтатып, ол еңсесін бір көтеріп жүрді (І. Жансүгіров, Шығ.). Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Сен түгіл сенен артық құмар маған. Жалымнан ұстаған қыз арман қылмас, Жібек жал арғымақпын тұмарлаған (Ақын жырлары).
Тұмарлы сын. Тұмар тағылған, тұмары бар. Ол әкесінің қос тұмарлы шұбалаң құйрық бурыл айғырын мініп келді (Ж. Алтайбаев, Түлек).
Тұмарлық сын. Тұмар боларлық, тұмарға лайық. Жыртып алды тұмарлық, Диуананың тонынан. Сол уақытта диуана, Ғайып болды жолынан (Батырлар жыры).
Тұмарша зат. Кішкене тұмар. Мағрипа сумочкасын ашып, ішінен кішкене тұмарша шығарды. (Р. Тоқтаров, Тұлпар).
Тұмаршала ет. Тұмарша сияқтандыру, шаршылау. Хат болғанда кәдімгі тұмаршалап бүктеп, жәшікке тастай салатын солдат хаты (З. Ақышев, Жесір). – Түнде жол қоржыңды әкеп берген. Тұмаршалап қалта тігіп сап қойдым, - деді анасы (Т. Иманбеков, Үш ай ). Қымызды жұта салып, кесені қайырып бергенімде, қолыма тұмаршалап бүктелген қағаз ілікті (Ғ. Мүсірепов, Қазақ солдаты ) [3, 273].
Қазақ әдеби тілінің сөздігі бойынша:
Тұмар жүзді. Әдемі, шырайлы. Реңіне қарасам, Құбылып тұрған мақпалдай; қолаң шашты қой көзді, Тұмар жүзді ақ маңдай (Ақберен).
Тұмар мойын. Әдемі мойын (ат мойнына қатысты). Тобылғы сапты қамшы алып, Тұмар мойын ат мініп, Қоныс та қарар ма екенбіз (ХҮ-ХҮІІІ ғ. Қаз. Әдеб.).
Тұмарша қалып. Шолпыға үш бұрышты өрмек түсіретін қалып[6, 421].
Р. Н. Шойбековтің зергерлік өнерінің сөздігінде:
Тұмар қалыпҮш бұрышты өрнек түсіруге арналған қалып.
Тұмарша көне. 1. Асыл тасты күміс өңіржиек, алқа. Тұмаршаны өткен уақытта қыздар таққан. 2. Ішінде ою-өрнегі бар үш бұрышты бедер, нақыш.Тұмарша – («қос тұмарша» дейтін де түрі бар) – геометриялық үш бұрыштан құралып, ішіне әр түрлі ою, әшекей жүргізілетін өрнек (Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері).
Тұмарша сірке. Күміс бетіне сірке түсіретін қалып.
Р. Шойбеков: Тілімізде тұмар түрлеріне байланысты қалыптасқан мынадай атаулар бар:
Жастық тұмар – төрт бұрышты түсті металдан жасалған көркемдік бұйым.
Қиық тұмар – сәндікке мойынға тағылатын жалтырауық заттардан істелген тұмар.
Лағыл тұмар – лағыл таспен безелген тұмар.
Сіркелі қолтық тұмар – бетіне сіркелеп өрнек салынған тұмар.
Алтын тұмар – күміс бетіне алтын жалатқан, алтынмен әшекейленген тұмар.
Тұмарша – асыл тасты күмістен жасалған, мойынға тағылатын әшекей.
Тіллә тұмар – алтынмен апталған тұмар [7, 331-332].
Тұмар тағу (ырым) Бала, ересек, адам ауырғанда молдаларға дұға жаздырып, оны үшбұрыштап матаға не теріге тігіп баланың мойнына тағып қояды. Бұл пәле-жаладан, тіл-көзден, ауру-сырқаудан сақтайды деген діни ұғымнан туған.
Ал осы деректердің бәрін ескере келе, қазіргі заманның тоғысуымен болған ерекшеліктері мен өзгешеліктері себебінен тұмар сөзінің адам баласына да, жан-жануарға да, сонымен қатар жансыз заттарға да, басқа да тылсым құбылысттар мен күштерге қатысты айтылатынын көрсете аламыз. Мысалы, тіл-көзден сақтану мақсатында жаңа жайға қоныстанғандардың қабырғаларға ілетін заттай тұмары, адам жанының аман болу мақсатында мойнына тағатын тұмары, алыс жолға шыққан кезінде өзімен ала жүретін тұмары (туған жер топырағы, не елін еске түсіретін киелі деп санаған бұйымы), мал басының сақтығы үшін тағылатын тұмары (сырға салу, қорғайды деп сенген қызыл түсті мата қиындысын кие тұтып малдың мойнына, не құйрығына байлайды) және тағы басқа да адам баласының өзіне қымбат, қадірлі дүниесін қорғау барысында жасалынатын жоралғы бойынша жасайтын тұмар түрлері кездеседі.
«Тұмар» сөзінің мағынасы қай заманнан болмасын, қай елде болмасын өзіндік тарихи мәні бар. Әсіресе қазақ халқынының наным-сенімінде аса терең мәнге ие және елеулі орны бар екені жоғарыдағы мысалдардан да аңғаруға болады. Ал, лексика-семантикалық жағынан тілдік ерекшеліктеріне қарай, қолданылуы жағынан түрленіп, ерекшеліктері мен өзгешеліктерін айқындау әлі де зерттеуді қажет етеді.

ҚАЗАҚТАР АРАСЫНДА ТҰМАРЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Қазақ зергерлері, негізінен, түсті металдардан сан алуан әсемдік бұйымдар жасады. Әсіресе, күмістен соғылатын көптеген сәндік бұйымдар — сәукеле әшекейлері, сырға, шолпы, шекелік, алқа, өңіржиек, қолтықша, тұмарша, білезік, сақина,жүзік, белбеу, қапсырма, түйме, тана, тіс шұқығыш ертеден-ақ кең тараған заттар.
Қазақ әйелдерінің зергерлік сәндік әшекей бұйымдарының бірі тамаша үлгісі бойтұмар. Тұмар араб тілінен ауданғанда бүктелген, үлгі, қолжазба деген мағынаны береді. Молданың ауырған кісіге ырым үшін жазып беретін дұғасы. Бойтұмар дұға, аят немесе қасиетті кітаптан алынған сөздер жазылған, мойынға тағылатын қастерлі зат. Бойтұмар адамдарды түрлі пәле жаладан қорғайды деп есептеген. Бойтұмар тағу барлық халықтарға тән көне дәуірден келе жатқан дәстүр.
Бойтұмар мойынға тағып жүретін әшекейлердің бірі тұмар. Оны шеберлер күмістен не бұрыштап, не жұмыр түтікше тәріздендіріп жасайды жәнемойынға іліп жүретін әсем шынжыр бау тағады. Бұлардың іші қуыс болады. Онда дұға сақталады. Кеудеге тағатын әшекейлердің басты құрамдас бөлігі өңіржидек өзара бір біріне шашбау ссекілдіетіп үзбелеп бекітілген бұл бұйым кейде сансыз салпыншақтармен күрделене түседі.
Тұмар (ғұрып). Адамға, малға тұмар тағу ертеден келе жатқан дәстүрлі әдет. Ол көбінесе адамға (әсіресе жас балаға), малға көздің сұғынан, тілдің уынан сақтасын деп тағылады. Оны оқыған молдалар, ишандар, емшілер дұғалап береді. Тұмарды мойынға, бас киімге, киімге жағасына тағады. Бұл – ырымдық зат. Оған кез-келген бұйым (ұлутас, сүйек, т. б. ) немесе арнайы жасалған қымбат заттар да алынған, оларға жазу жазылып, бедер суреттер түсірілген. Бойтұмарды алқаға, кішкене қорапшаға, әмиянға салатын болған. Болмаса былғарыдан, шүберектен жасаған қалташаға тігеді. Үлкендігі мен пішіні әртүрлі болады. Ол көз тиюден, пәле-жаладан, апаттан қорғайды деп сенген.
Тұмар көз тимесін деп жүйрік атқа, жаңа туған ботаға, құлынға, сүтті бие мен сиырға да тағылады. Мұндай әдеп – ғұрып ел арасында әлі де бар және одан келер зиян жоқ екенін жұрт білуі керек.
Ш. Уалихановтың «Этнографическое население казахов.» атты еңбегінің І томында «Қазіргі таңда қырғыздар (қазақтар) мұсылмандық, кабалистік ғұрыпты пайдаланады, бұны «тұмар» деп атайды» - делінген. Ертеректе жануарлар сүйектері мен құстардың тырнақтары, қауырсыны, кейде тастарды да тұмар ретінде қолданған.
1) Мал сүйектері сүйектері жоғары күшке ие болған. Малдың кәрі жілігі малды ұры қарыдан және қасқырдан сақтайды деп сенен. Қырғыздардың (қазақтардың) сенімі бойынша кәрі жілік ұрылардың көзіне адам болып көрінеді. Аңыз әңгімеге тоқталар болсақ, «ұрылар бір байдың малын ұрламақ болып бірнеше күн жүреді, алайда мал ұрлай алмайды. Себебі отар көптеген қарулы адамдар болған. Ұрылар ол үйде байдың әйелі, қызы ғана болғанын және ол үйде ұлы не жалшылары болмағанын білді. Осыны білген олар байдың үйіне қонақ болып барады. Бай қонақтарына қой сойып тойдырады. Сол кезде олар өздерінің ұрылар екенін көптен бері отардан мал ұрлай алмай жүргенін айтады. «айтыңызшы-деп сұрады ұрылар,-сіз қандай кереметіңіз бар» «Ешқандай кереметілігім жоқ,-деп жауап береді бай. Менің тек бұлжытпай орындайтын ережем (правило) бар. Әкем өлер шағында маған бір өсиет айтып кеткен. «Балам мен саған өсиет айтамын, оны орындасаң өмірде бай боласын. Қанша мал сойсаң да малдың кәрі жілігін тастамай есік пен шаңыраққа байлап қой»,-деген. Мен әрқашан сол өсиетті орындап келемін, құдайға шүкір малымның жоғалып, не қасқыр алғанын көргенім жоқ.» Ұрылар киіз үйдің сыртына ілінген сүйектерді көріп қанша қарулы адам болса сонша сүйекті көреді.
2. Үкінің басы, аяғы, үкісі жын періден сақтайды деп сенген. Бұларды киіз үй мен бесікке байлайтын болған. Киіз үйлерден жабайы ұлардың басын көруге болады. Ұлардың еті шешек ауруна ем болады.
3. «Ешек тас» өткір көз бен тілден сақтайды. Негізі бұл ешектің асқазанында болатын тас, алайда саудагерлер құмырсқаның жасыл саз балшығын сатады. [8, 94 б] Бойтұмар адамдарды түрлі пәле жаладан қорғайды деп есептеген. Бойтұмар тағу барлық халықтарға тән көне дәуірден келе жатқан дәстүр. Оған кез-келген бұйым (ұлутас, сүйек, т. б. ) немесе арнайы жасалған қымбат заттар да алынған, оларға жазу жазылып, бедер суреттер түсірілген. Бойтұмарды алқаға, кішкене қорапшаға, әмиянға салатын болған. Болмаса былғарыдан, шүберектен жасаған қалташаға тігеді. Үлкендігі мен пішіні әртүрлі болады. Ол көз тиюден, пәле-жаладан, апаттан қорғайды деп сенген.
Тұмарды тұмарша, бойтұмар, лағыл тұмар, қиық тұмар, бала тұмар, бесік тұмар, жастық тұмар және т.б. тұмарлардың жасалуына қарай бөлінеді. Алайда аталулары әртүрлі болғанымен мағыналары бір. Яғни бесікке тағатын бала шошымауы үшін және т.б. мақсатта тағылатын тұмар болса, бойтұмар адам бойын ауру сырқаудан, көз тиюден сақтайды деп сенген. Хрестиян дінін ұстанушыларда да талисман, амулет деген бар, алайда ол тұмар іспетті емес. Амулет талисман белгілі бір жануардың, адам өз жұлдыздық белгісінің кескінін мойнына тағатын болған. Талисманның магиялық күші бар деп сенген және де махаббат талисманы, жетістік талисманы, бақыт, табыс сияқты талсимандары бар.
Бойтұмар мойынға тағып жүретін әшекейлердің бірі тұмар. Оны шеберлер күмістен не бұрыштап, не жұмыр түтікше тәріздендіріп жасайды және мойынға іліп жүретін әсем шынжыр бау тағады. Бұлардың іші қуыс болады. Онда дұға сақталады. Кеудеге тағатын әшекейлердің басты құрамдас бөлігі өңіржидек өзара бір біріне шашбау секілдіетіп үзбелеп бекітілген бұл бұйым кейде сансыз салпыншақтармен күрделене түседі.
Осы бір қасиетті... ата екемнің қалған бойтұмар ...- деп үшкіл тұмарды баласына ұстатып, кеудеңе ішіңнен тағып алшы, қалқам, басқа не айтайын, аман барып сау қайт, жалғызым, –деді Алуа кемпір (Сыланов) *Қиық тұмар–әсемдік, сәндік үшін жылтырауық заттардан істеліп мойынға тағылады. [9, 374 б]
«Тұмар» сөзінің мағынасы ежелгі дәуірден -ақ, қандай да бір тайпа, елде болмасын өзіндік тарихи мәні болғандығы тарихтан белгілі. Алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінде өмір сүргендер тотемизм кезеңінде аңдардың азу тістерін, тұяқтарын тізіп, моншақ сияқты тағып, қоршаған ортаның тылсым күштерінен қорғану мақсатында айбатты жануарлардың күш-қайраты өздеріне беріледі деген наным-сенімдер болған. Сақ заманында түр жағынан барынша өзгерген және өңделген күйде болса да, анимизм, тотемизм және магия сияқты ең ежелгі діни ұғымдар да сақталған. Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қабірлерден сақ дәуіріндегі моншақ тастар, ұлу қабыршақтары табылған. Ерте темір дәуірінде сақ тайпалары тастан жасалған моншақтар мен теңіз жағалауларында кездесетін ұлу қабыршақтар тізбесін тұмар ретінде таққандығын аңғарамыз. Сондай-ақ рудың немесе тайпаның қайсібір мифтік хайуан- тегінен шығу туралы ұғым жануарлардың металдан жасалған мүсіндерінде бейнеленген. Шайқастарда желеп-жебейді, деп оның бейнесі қаруға салынған, жауға мінетін атты сақтасын деп жүгенге шегелеген.Сақтарға жақсы таныс жабайы аңдар бейнесіндегі киелі хайуандар туралы, олардың шапшандығын, ептілігін және көбіне киелі күшін мадақтайтын аңыздар шығарылған. Ал ортағасырларда қолөнер ісі дами келе қасиетті саналатын құстардың, жан-жануарлардың бейнелерін ағаштан, сүйектен, металдан жасап тұмар ретінде таққан. Ортағасырлық Отырар қаласына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында, ғалымдар құстың, жыланның басы, аққу, қаз және серке бейнеленген тұмарлар тапқан.Сонымен қатар малдың асығы, құстың сүйектері,қасқырдың азу тісі, киіктің бақайы табылған.Қазақ халқының діни сенімінде тотемистік сенім болды және олардың әдет-ғұрпының қалыптасуында, тұрмысында жан-жақты рөл атқарды деп ойлауға негіз бар. Мысалы, ескі жыл есебіндегі 12 жануардың атымен байланысты атаулар мен әрқайсының иесі бар деп, ат қойып айдар таққан: Зеңгі баба, Ойсыл қара, Шопан ата және т.б. Жан-жануарларға байланысты аңыз-әңгімелер мен ертегілерде оларға байланысты көріністерді байқап, әр хайуанды ғажайып сиқырлы күші бар деп таныған тотемдік түсініктерді байқаймыз.Сонымен бірге, қазақ халқындағы тотемизмдік элементтерінің бір түрі «табу» болып табылады, яғни, бір нәрсеге тиым салу мағынасын білдіреді. Егер тотемдік түсініктерде жануарлар мен өсімдіктердің адамға қандас туыстық қатынасы бар деп түсіндірілетін болса, табуда кейбір жануарлар мен өсімдіктер «қасиетті» деп ұғынылып, олардың өз атын атауға тыйым салынған. Егер өз атын атаса, зиян келтіреді деп түсінген. Мысалы қасқырдың атын қасқыр демей «ит-құс», «ұзынқұлақ» сияқты атаулар берген. Өмірде болатын түрлі жағымды-жағымсыз құбылыстардың бәрі де тылсым күштер әрекетінің нәтижесі деп түсінгендіктен, олардың киесіне ұшырамас үшін әр түрлі жол-жоралғылар, қағидалар, құрбан шалу, көпшілік болып түрлі ырымдарды орындау қалыптасқан. Қазақ арасында «Сақтансаң сақтаймын» деген сөздің төркіні де өте тереңде жатыр. Мүмкіндігінше адамның сақтануға тиісті құбылыс-нысаналары: жын, пері, шайтан, албасты,шешек, жалмауыз,тіл, сұқ, көз тию және т.б.
Ғалым- этнограф А. Сейдімбек: «Тәңірлік наным-сенімдегі әрісі – түркілер, бергісі – көшпелі қазақ үшін - күн, көк, от, су сияқты жер де киелі. «Қара жер» киелі жер деген мағынада. Байырғы көшпелілер тағатын тұмардың ішінде туған жердің бір шөкім топырағы болған. Тұмар сөзі байырғы түркі тілінде «тума иер» - «туған жер» деген сөздердің кірігуінен шыққан. Кейін ислам дінінің орнауына байланысты тұмардың ішіне дұға салып жазу дәстүрі қалыптасты», деген мәліметтер береді. VІІІ ғасырда Орта Азия және Қазақстанның оңтүстігіне ислам дінінің еніп, одан әрі тарауына байланысты дін басылары сырқаттанған адамдарды кітап ашатын молда, ишандарға барып қаралуын қатты қадағалады. Науқасқа емдейтін дұғаларды сиямен қағаз бетіне түсіріп, оны суға езіп ішуге немесе үшбұрыштап тігілген терінің,матаның ішіне салып бас киімге, кеудеге тұмар қылып тағып жүруге кеңес берді. Бұл кезде көпшілік тұмарды арабша дұға жазылып, үшбұрышқа келтіріп бүктелген қағаз деген түсінік болды. Ал кейінірек дұға үшбұрышты және дөңгелене темірден (алтын, күміс,мыс,)жасалған қорапшаларға салынып, оны тұмар деп атаған. Бұдан қазақ даласында ислам дінінің кеңінен тарауы мен орнауына байланысты болжамды байқауға болады. Халық түсінігі бойынша, малдардың ауруы кей жағдайда көз тиюден болады деп есептелген. Көз тимеу үшін ботаға, түйеге, сиырға, жүйрік аттарға әр түрлі тұмарлар тағылған. Мысалға, ботаға үкі тағып, біраз уақыт жұрттан оңаша ұстап тұмар таққан. Ол тұмар – жіпке өткізілген қара дөңгелек тастар. Бөгде біреу ботаны көріп қалса «тіл-көзім тасқа» деп жерге түкірген. Егер олай етпесе үй иесі одан жаңағы сөзді айтып, жерге түкіруді талап еткен. Сүтті көп беретін сиырға да жеті қара тасты салып, үшбұрыштап тіккен тұмарлар тағып қою әдеті болған. Бұл қазіргі кездегі жиі қолданысқа ие «тіл-көзім тасқа», «тілім тасқа тисін», «көзім тасқа түссін» деген тіркестердің шығу төркіні ретінде қарауға мүмкіндік береді. [10, 118 б.]
«Ер қанаты – ат» деген, ата-бабамыз жылқыны өте қадірлегендігі белгілі. «Жүйрікке – тұмар» деген мақал осыны аңғартады. Ақын-жыраулар тілінде, әр түрлі жырларда тұлпарларға тұмар тағылатындығы жиі кездеседі, тұмарына қарап оның жай ат емес екендігін ажыратқан:
Жүйріктің белгісі:
Бәйгеге қосқан тұмарлап,
Жігіттіктің белгісі
Бедеу мініп астына
Жиынға түскен бұлаңдап
Жүйрік аттарға тұмар ретінде мал сүйегі, киіздің қиындысынан жасалған тұмарлар тағылған.
Қазақтың байырғы түсінік ұғымы бойынша «тілім тасқа, сұғым суға, назарым назарға аусын», «тіл көзден сақтасын», «я, Алла тілден, сұқтан, қауіп – қатерден қағыс қыл», «назары аштың сұғынан сақта» тәрізді бата –тілектер көз тиюден сақтауға септігін тигізеді екен деседі
Киелі саналатын дәстүрлі ырымдардың бірі – тұмар тағу.Қазақ халқында «көз тию», «тіл тиюден» сақтау барысында тұмар таққан.Жас бала не жаңа туған төлді көз тиюден, ауру-сырқаудан сақтайды деген ұғыммен ішіне құран сөзі жазылған, үш бұрышты мата не былғарымен тысталған дұғалық қағазы бар тұмар таққан.Сондай -ақ жас балалардың киіміне үкі, моншақ, есектас, сырға, білезік сияқты әшекей бұйымдар тағу да тіл, көз тиюден сақтайды, деп есептелген. Мысалы қазақтар есектас деп аталатын тасты жас балалардың киіміне тұмар ретінде таққан. Ш.Уәлиханов кезінде ол туралы: «Қазақтар көзден және тілден сақтау үшін «есектас» деп аталатын тасты тағады. Олардың сенімінше, тас есектің қарнына жүреді, бірақ саудагерлер «есектас» деп, шыны сырымен сырланған көк қышты алдап сатады»,- деген құнды этнографиялық мәліметтерді шығармаларында келтірген.
Балағакөзтигендепжорыса, кейдесуменемдеген. Олүшінесіктіңтұтқасынжуғансуменбаланыңекіалақанынжәнетабанынжуадынемеседаладаниттің бас сүйегінтауыпалып, оны суғақайнатып, солсуғабаланышомылдырған. Суға қайнатқаниттіңқубасын таза ақшүбереккеорап, жоғарығаіліпқояды.
Қазақ даласын зерттеуде үлес қосқан ғалым, А.Левшин: «Қырғыз немесе қырғыз әйелі өзімен бірге үш бұрышты өзін сақтайтын аяттар жазылған тұмар тағады. Оладамдыбақытсыздықтансақтайдыдепсенеді»,- депөззерттеулеріндежазған.
Қазақ халқы арасында ересек адамдарға қарағанда жас балалар мен қыз келіншектерге(соның ішінде сұлуларына) көз тигіш болады деп саналады.Халықтың мұндай байырғы ұғым-түсінігін қазіргі замандағы биофизикалық зерттеулер жоққа шығармайды.Биофизикалық зерттеулерге сүйенсек кез келген адамның денесін әртүрлі сыртқы зиянды әсерлерден сақтайтын биоэнергиялық қабы – биополясы немесе аурасы болады. Ересекденсаулығымықтыадамдардыңаурасыныңдиаметріүлкен, ал нәрестелер мен қарттардың, аяғыауыржаскеліншектердіңаурасыжұқаболады. Сондықтанжаманаурасы бар адамның көз сұғынбасқазаттарғааударуүшін, тіл-көзіненқорғапқаладыдепсаналатынтұмар, үкінемесезергерлікәшекейбұйымдар тағылады. Әшекей бұйымдардың өзі о баста түрлі пәле-жаладан, жаманшылықтан сақтаушы тұмарқызметінатқаратын затретіндеқалыптасты.

ТҰМАРЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Тұмарды шеберлер күмістен не бұрыштап, не жұмыр түтікше тәріздендіріп жасайды және мойынға іліп жүретін әсем шынжыр бау тағады. Бұлардың іші қуыс болады. Кеудеге тағатын әшекейлердің басты құрамдас бөлігі өңіржидек өзара бір-біріне шашбау секілді етіп үзбелеп бекітілген бұл бұйым кейде сансыз салпыншақтармен күрделене түседі.
Қазақ зергерлері, негізінен, түсті металдардан сан алуан әсемдік бұйымдар жасады. Әсіресе, күмістен соғылатын көптеген сәндік бұйымдар-сәукеле әшекейлері, сырға, шолпы, шекелік, алқа, өңіржиек, қолтықша, тұмарша, білезік, сақина, жүзік, белбеу, қапсырма түйме т.б. ертеден тараған заттар.
Сонымен бірге, тұмардың өзі бірнеше дәуірді басынан кешіргенін байқауға болады. Алғашында тұмар ретінде өз тотемдерінің бір мүшесі не терісі т.б. болса, кейіннен мұсылмандықтың енуіне байланысты тұмарға құраннан аяттар жазып салатын болған. Бұдан ерте кездегі діндердің өзгерген түрлерінің қазақ халқының ерекшелігіне байланысты мұсылман-дыққа да ықпал жасағанын көреміз.
Тұмар көз тимесін деп жүйрік атқа, жаңа туған ботаға, құлынға, сүтті бие мен сиырға да тағылады. Мұндай әдеп – ғұрып ел арасында әлі де бар және одан келер зиян жоқ екенін жұрт білуі керек.
Тілімізде тұмар түрлеріне байланысты қалыптасқан мынадай атаулар бар:
Жастық тұмар – төртбұрышты көркемдік үшін түсті металдан жасалатын тұмар.
Қиық тұмар – сәндікке мойынға тағылатын жылтырауық заттардан істелетін тұмар.
Лағыл тұмар – лағыл таспен безелген тұмар.
Сіркелі қолтық тұмар – бетіне сіркелеп өрнек салынған тұмар.
Алтын тұмар – күміс бетіне алтын жалатқан, алтынмен әшекейленген тұмар.
Тұмарша – асыл тасты күмістен жасалған, мойынға тағылатын әшекейді көбінесе қыздар таққан.
Тіллә тұмар – алтынмен апталған тұмардың бір түрі (Р.Шойбеков).
Мұнымен бірге тұмардың үш бұрышты немесе қиықшалап жақсы, қымбат матадан, былғарыдан жасалатын түрлері де болады.
Тұмарша — мойынға тағып жүретін әшекейдің бірі. Оны шебер зергерлер күмістен не бұрыштап, не жұмыр түтікше тәріздендіріп жасайды және мойынға іліп жүретін әсем шынжыр бау тағады. Бұлардың іші қуыс болады, онда дұға сақталады. Адамды пәле-жаладан, тіл-көзден сақтау үшін оның қуысына қасиетті дұғаны қағазға тығып қояды
Келесі тұмар қолтық тұмар деп аталады. Қолтық тұмар төртбұрышты, іші қуыс, жоғары жағының ортасынан ашық жер қалдырылып, қақпақ қондырылған. Екі беті де толық өрнектелге. Жиектері мен ортасына қаралау әдәсі қолданылып, өрнектелген де аралары сары түске боялған. Ортасындағы өрнектері айналдыра екі қатар су өрнегі жүргізіліп, арасына көк тастардан көз отырғазалған. Әшекейлерге әртүрлі тастардан көз отыруғызудың да өзіндік мәні болған мәні болған, қымбат тастардың емдік қасиеті бар және адамға сәттілік пен бақыт әкеледі деген сенім болған. Қолтық тұмар туралы қызық аңыз бар. Сондай бір аңызда аспаннан жерге бір жұлдыз ағып түседі де әдемі бір қызға айналады. Оны көрген бір балықшы жігіт маған тұрмысқа шық деп жалынады. Қыз «егер мен бас жуған кезде маған қарамауға уәде етсең келісемін» – дейді. Балықшы жігіт келісімін береді. Бір күні балықшы жігіт шыдамай қараған кезде әйелінің қолтығының астынан жанының ұшып шыққанын көреді. Бұдан кейін әлгі әйел қайтыс болады. Осыдан кейін жанды ұшып кетуден сақтайды деген сеніммен қолтық тұмар жасау пайда болған деген тұжырым қалыптасқан. [10]
Өңіржиек – алқаның жергілікті атауы. Оны көйлектің сыртынан омырауға тағады.
Қыз-келіншектердің өздері қандай көрікті болса, үстіне киген әсем киімі, тағынған сәнді бұйымдары оларды тіпті құлпыртып жібереді. Қазақ халқының да зергер, ұсталары ерте заманнан-ақ түсті металдардан сан алуан бағалы бұйымдар жасап, нәзік жандылардың көркіне көрік қосқаны, бізге жақсы мәлім. Этнограф ғалымдардың пайымдауынша, солардың ішінде әйел әшекейлері – қазақ қолөнерінің асыл мұрасы.
Әшекейлердің түрлері
1. Киім-кешектегі әшекейлер: бас киімге тағылатын сәндік бұйымдар, үстіндегі киім-кешекке тағылатын әшекейлер, белдіктер.
2. Денедегі әшекейлер: шашқа тағылатын, мойынға, басқа, кеудеге, иыққа, қолға, аяққа тағылатын зергерлік заттар.3. Тұрмыстағы әшекейлер: денсаулыққа пайдалы әшекейлер, сәндік әшекейлер, зат салатын сәндік бұйымдар.Әшекейдің мән-маңызыЗергерлік әшекей бұйымдар байлық пен сәндік белгісі ғана емес, киім-кешек мәдениетінің ажырамас атрибуты да. Олар бірегей кешенді аксессуарларды құрап, киім-кешектің ғұрыптық, функциялық ерекшеліктерін, қолда-ныстық сипатын арттыра түседі.
Қымбат әшекей бұйымдар-ды (сырға, жүзік, сақина, білезік, алқа, тұмар, диадемалар
мен шолпылар) қалай тағу қажет, оның өзіндік қатаң қағидасы бар. Соның бастыларының бірін талдап түсіндірсек, қазақ қыздарының басына үкілі сәукеле киіп, құлағына алтын сырға тағуы, саусағына сақина, білегіне білезік киюі, беліне белдік буынып, шашына шолпы қадауы олардың парасатының биіктігін, эстетикалық талғамының жоғарылығын танытады. Көптеген әшекей бұйымдар ұзатылатын қыздың сән-салтанатты жасауы болып
та саналады. Кейбір әшекейлер жас талғаса, кейбір әшекейлерді қыз-келіншектердің бәрі бірдей таға береді. Әйел әшекейлерінің жасалуы
Әдемі әйел әшекейлерін жасағанында қазақ шеберлерінің пайдаланылған негізгі түсті металдары: күміс, алтын, қола, жез. Бұрындары қазақ даласындағы сәндік бұйымдар Ресейдің, Қытайдың күміс, алтын ақшалары-нан жасалынды. Тіпті, шетелдермен сауда дамыған тұста қытайдың қой тұяқ, тай тұяқ жамбылары мен поляк күмісі де қазақ шеберлерінің қолына түсіп, содан сәндік көптеген заттар жасап шығарылды. Ол кезде дәулетті адамдар алтын мен асыл тастарды өздері тауып беріп тапсырыс айтатын.
Қазақ шеберлерінің күміс бұйымдарды жасағанда кеңі-нен қолданған зергерлік тәсілдері: отқа қыздырып соғу,балқытылған металды қалыпқа құю, кептеу, тыныкелеу, қаралау, темір бетіне күміс шабу, сымкәптеу, сіркелеу, жұқа күміс әшекейлердің астынан бедерлі қадаубастармен батыра ұрып бедерлеу, бізбен безеу, күмістеу, алтындау, дәнекерлеу, оймалау, асыл тастардан көздер орнату. Баскиімге тағылатын әшекейлер Әйелдердің баскиімінің атқаратын қызметі: 1. Әйелдің жас ерекшелігін, отбасындағы жағдайын, тіршілік ету аймағын білдіреді. 2. Эстетикалық сән-салтанат береді. 3. Діни-магиялық күш-қуатқа толы. Әдет-ғұрып бойынша әр бас-киім айрықша мән-маңызға ие. Үйлену тойындағы баскиім бойжеткеннің қалыңдық болып, келіншекке ауысқанын танытады. Сәукеле. Ол әйел әшекейінің ең қымбаты. Ұзатылатын қыз үйінен киіп шығатын бұл бас киім негізінен, ақ киізден конус тәрізді жасалып, сырты қызыл шұға немесе қамқамен тысталады да, алтыннан, күмістен, әр түрлі асыл тастардан жасалынған әсем әшекейлер тағылады, құндызбен жиектеледі. Мұндай әшекейлер неғұрлым көп болса, сәукеле де солғұрлым бағалы. Қымбат сәукеленің арнайы күмістен жасалған төбелдірігі, маңдайына тағатын асыл тасты күміс әшекей – маңдайшасы, сәукеле қозасы (шар тәрізді металл әшекей) – шытақ, екі жағында тізілген маржан салпыншақтары, төбесінде жібек желегі (бергек) болады. Сәукелеге көз моншақ, үкі-аяқ, жыланбас тәрізді толып жатқан әшекейлер тағылады.
Былқылдақ - әйел баскиіміндегі үлкен моншақ, маржан.
Есектас – қырнап жасалған көк тас. Жас балаға көз тимесін деп қадап қояды.
Жырға – сәукеленің моншағы, шұбыртпасы, салпыншағы.
Қозалы үкі – қыздардың бөркіне тағатын үкі қауырсынына оралған әшекей зат.
Үкіаяқ – жоғары жағына асыл тас орнатып, төменгі жағын күміспен күптеп баскиімге тағып қояды. Оны бесікке де байлайды.
Бойтұмар дегенде мойынға тағатын тұмарды ғана айтпайды мәселен адам өзіне қасиетті тұтатын затын, қыз ұзатыларды анасының орамалын бойтұмарындай сақтайды міне осындай ойдан:

Өзің едің жарқын анам
Жан шуағым шам шырағым
Қайда жүрсем тастамайтын
Мойнымдағы бойтұмарым

-деп те әнге қосатын болған.
Сондай-ақ «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайында тұмарлардың түрлері көп, атап айтар болсақ, «бала тұмар», «қолтық тұмар», «бесік тұмар», «бойтұмар» және тағы да басқалары. Осы тұмарлардың ішінде өте қызықтысы «ЕТІК тұмар» да кездеседі. «Етік тұмар» археологиялық қазба кезінде Ескі Сауран, Қаратөбеден табылған. Қазба барысында табылған заттардың арасында қызықты да ерекше керамикалық етік түріндегі тұмар болған. Тұмар тығыз саздан жасалып, сапалы түрде күйдірілген. Тұмардың бір беті шамасы көбірек күйдірілгендіктен болса керек, етіктің бір беті қара түсті. Етіктің биіктігі- 4,5 см. Қонышының диаметрі-2,8 см. Етіктің өлшемі-4,5 см. Етіктің тұмсығы оң аяққа арнап біраз жонылған. Қонышы кеңдеу, жоғары жағы жіп (бау) тағуға арналған тесік саңылау (4 мм) жасалған. Қонышының жоғарғы тегіс жеріне тағы да бір тесік бар. Бұл тесік те бау тағуға арналған. Қонышының қырына өткір құралмен күйдіргенге дейін алты бұтақты «Өмір ағашының» бейнесін салған. Бұтақтың арасына бұтақтың ұрықтарын бейнелеген. Ішкі және сыртқы суретте аз ғана өзгешелік бар.
Сирек кездесетін декор бұл етік қонышындағы «Өмір ағашының» бейнеленуі. Мұндай етіктегі өрнек түркі халықтарында (орта ғасырлық Иран мен Ауғанстан) кездеспеген. Соғдылардың ер адамдарының киімдерінде тоғыз бұтақты болып кездеседі. Ертеректе етік адам өмірінде жоғары орын алған. Көпшілік халықтар оң аяққа аса көп көңіл бөлген. Жаңа түскен жас келін оң аяқпен босаға аттауы да, киелі орындарға оң қадам жасау да осыны айғақтай түседі.
Сонымен қатар, «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының зерттеуші ғалымы, археолог М.Тұяқбаевтың айтуынша халықтар арасында ислам діні толық қабылдамас бұрын тұмар ретінде тастар, қыштан жасалған тұмар, аң-құстардың тырнақ және т.б. таққан. Ислам діні енгеннен кейін бұндай заттар ислам дінінің кейбір бөлшектерімен алмастырды. Сол кездегі халықтардың сеніміндегі тұмарлардың ішін қуыс жасап, оның ішіне Құран сүрелерін салып қоятын болған.
Етік адамның азат екендінін білдірген, аяқ киімі жоқ адам құлмен тең болып есептелген. Ол кезде құлдар да ғана етік болмаған. Сонымен бірге, түркілер заманында әрбір азат адам мойнына пышақ немесе қанжар тағып жүретін болған. Ол қанжар бір жағынан қорғанатын қару болса, екінші жағынан бәле жала жамандық атаулы адамға жуымайды деген сенім болған. Мәселен балбал тастардың мойындарында тұмарларымен қатар пышақ та болған.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде тұмар текемет пен киімдерде және кілемдер мен үй жиһаздарында көптеп кездеседі. Мұндағы ой да сыртқы тіл-көзден, пәле-жаладан сақтау мақсатында тұмар бейнесі салынады. Үйдің төргі бөлмесінде ілулі тұратын кілемнің нақ ортасына тұмардың бейнесі орналасады. Сонымен қатар, кілемдер мен текеметтерде қолданылатын оюлардың түрі: қостұмарша, сызықтытұмарша, және шынжыра оюы да пәле-қазадан сақтайтын тұмар тәрізді. Сондай-ақ сүйір өрнек те тұмарлық қасиетке ие. Бұл өрнек көбіне ағаш бұйымдарға салынады. Ирек оюы да тұмарлық пәле-жаладан қорғайтын тұмар тәрізді мағынасы бар оюдың түрі болып табылады.
Батырлар жорыққа шыққанда туған жерінің бір уыс топырағын немесе таудың тасын өзімен алып жүретін болған, себебі туған жер топырағына аман-есен келіп, елімен қауышу яғни тұған жер топырағы адамды өзіне тартып тұрады деп білген. Сондай-ақ «жер ана желеп жебейді», «туған жерге қайтып ораламын» деген сенім. Сонымен бірге жаугершілікпен жүргенде қай жерде жан тапсырары белгісіз, сол себептен жамбасы тиген жерге туған жердің бір уыс топырағын салатын болған. Сонымен қатар сүйген қызының немесе жігітінің берген сыйлығы мен жазған хатын ғашықтар бойтұмар етіп сақтаған.
Аңдар мен құстар алғашқы кезде киелі саналып, тайпаны қорғайтын рулық тотем болса, өсімдік тектес өрнектер қазақтарда және басқа Орта Азия халықтарының түсінігінде «өріс жаюы» білдіреді. Тұмар көбіне балалар мен әйелдерге ғана арналып жасалған. Балаларға қызыға қараған көзден, тілден сақтасын десе, әйелдерді ұрпақ жалғастырушы ретінде сақтау үшін тағылады. Сондықтан да қазақ ұғымында бойтұмар ұрпақтың көбею, өсу символын білдіретін бұйымдардың қатарына кіреді.
Күллі әлемнің барлық халықтарында амулет- талисман деп аталса, қазақ халқында тұмар деп атаған.Тұмар өзінің мағыналық сипаты жағынан көз тимеу үшін, әсемдік үшін және т.б. жағдайларда тағылады.Тұмар теріден тігілген қалта, магиялық мағынасы жекелену, оңашалану, өзін елден ерек ұстау, өзгеше болып көріну сияқты мағыналарға саяды.
Зергерлер тұмарды аса шеберлікпен жасаған оны неғұрлым әсем, көз тартарлық болуы кісінің назары бірден адамға емес әлгі зергердің жасаған бұйымына түсетіндей, яғни көз тиюден сақтау мақсатында пайдаланады. Негізінен қыз баланың әйелдердің әшекей көп тағынуы қыз болашақ ана, дүниеге ұрпақ әкелуші сол себептен киіміне, бас киіміне (сәукеле, тақия, орамал) көптеп әшекей бұйымдар тағынған. Тұмар тағу ертеден қалыптасқан шашы ұзын қыз келіншектер көз тимеу үшін шашпау, шашқап, шашқа арналған тұмарлар таққан. Жас түскен келіннің де шымылдығына әшекей заттар мен үкілі тұмар тағатын болған, бұл үрдіс бүгінгі күнімізге дейін жетіп отыр.Тарихқа көз жүгіртсек, біздің бабаларымыз тұмар тағудың ғасырлар бойы ғажап үлгісін жасаған. Мысалы: Хан ордасында – Орда тұмар, қала қақпаларында – қақпа тұмары, үйлерде – үйтұмар, батырларда – бойтұмар, арғымаққа – аттұмар, казіргі заманғы көрінісі- көлік тұмар, төрт түлікте – көзтұмар, үйленгенде – қостұмар, қыз ұзатса – жасаутұмар, сәбилі болса – бесік тұмар жастататын болған.Тұмар текемет пен киімдерде және кілемдер мен үй жиһаздарында көптеп кездеседі. Мұндағы ой да сыртқы тіл-көзден, пәле-жаладан сақтау мақсатында тұмар бейнесі салынады. Үйдің төргі бөлмесінде ілулі тұратын кілемнің нақ ортасына тұмардың бейнесі орналасуы да көз тимеу үшін жасалады. Тұмар тек ішіне аяттар ғана салып жүру емес, сонымен қатар, тұмар жан-жақты сипатта пайдаланылған.
Бүгінгі таңда заманның тоғысуымен болған ерекшеліктері мен өзгешеліктері себебінен тұмар сөзінің адам баласына да, жан-жануарға да, сонымен қатар жансыз заттарға да, басқа да тылсым құбылыстар мен күштерге қатысты айтылады. Мысалы, тіл-көзден сақтану мақсатында жаңа жайға қоныстанғандардың қабырғаларға ілетін заттай тұмары, адам жанының аман болу мақсатында мойнына тағатын тұмары, алыс жолға шыққан кезінде өзімен ала жүретін тұмары (туған жер топырағы, не елін еске түсіретін киелі деп санаған бұйымы), мал басының сақтығы үшін тағылатын тұмары (сырға салу, қорғайды деп сенген қызыл түсті мата қиындысын кие тұтып малдың мойнына, не құйрығына байлайды) және тағы басқа да адам баласының өзіне қымбат, қадірлі дүниесін қорғау барысында жасалынатын жоралғы бойынша жасайтын тұмар түрлері кездеседі.

Пайдаланған әдебиеттер.

1. Қазақ Совет Энциклопедиясы. 11 том. 180 бет.
2. Х.К.Баранов. Арабско-русский словарь. Ташкент. 1994 г. 150, 466.
3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (Т-Ү) – Алматы: Ғылым, 1986, 9-том.
4. Дуюсов Абдул «Ұлттық ою-өрнектерінің тұлға тәрбиелеудегі рөлі» www. 45 minut.kz Республикалық ұстаздар сайты.
5. Шаниязов Б, 1964, 163
6. Ш. Уалиханов «Этнографическое население казахов.» І том. 94 бет.
7. Ш. Уалиханов «Этнографическое население казахов.» І том. 94 бет.
8. Қазақ тілінің түсіндірме сөздік ІІ том А 1961 ж. 374 бет
9. Герцук Ю.Я. Что такое орнамент? Москва: Таларт, 1998. С.118-120.
10. Түркістан// Н.Әшірбекова. «Мұражай қорындағы зергерлік бойтұмар әшекейлері» №20-21 10сәуір 2010 ж.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.